Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)
11.1.2.2 электрондық цифрлық қолтаңбаның және сертификаттың мақсатын сипаттау;
11.1.2.3 электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану алгоритмін сипаттау
Сабақтың мақсаты
Электрондық цифрлық қолтаңбаның және сертификаттың мақсатын сипаттау және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану алгоритмі
Бағалау критерийлері
Қолданушының деректер қауіпсіздігінің шараларын қолдануды түсіндіреді: құпия сөздер, тіркеу жазбалары, аутентификация, биометрлік аутентификация; электрондық цифрлық қолтаңбаның және сертификаттың мақсатын сипаттайды.
Оқушылар: Деректердің қауіпсіздігі шараларын қолдана алады. Пәнге қатысты сөздер қоры және терминология: электрондық цифрлық қолтаңба цифрлық сертификат ашық кілт
жабық кілт
Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:
“Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.
Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.