Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)
11.3.1.1 Қазақстанда цифрландыру процесінің қазіргі заманғы үрдістерін талдау.
Сабақтың мақсаты
Қазақстанда цифрландыру процесінің қазіргі заманғы үрдістерін талдау
Бағалау критерийлері
Цифрландырудың не екенін біледі;
Цифрлық Қазақстан деген терминді түсіндіре алады;
Цифрландыру үдерісінің заманауи үрдістарін талдайды.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар: Цифрландыру тәсілдерін түсіндіре алады.
Пәнге қатысты сөздер қоры және терминология: Цифрландыру – digitalization цифрлық технологиялар – digital technologies
Цифрлық Қазақстан – digital Kazakhstan
Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:
Цифрландыру кең мағынада … білдіреді
Цифрлық Қазақстанды дамытудың өзектілігі …
... деп ойлаймын/болжаймын/сенімдімін
Құндылықтарға баулу
“Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.
Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.
Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.
Өмір бойы оқу, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.