Жұптық жұмыс. №1 тапсырма:Сөздің тар мағынасында цифрландыру нені білдіреді?
Ақпаратты сандық түрге түрлендіруге және экономикалық тиімділік пен өмір сүру сапасын жақсартуға әкеледі.
Географиялық бөлінген ақпараттық ресурстарды біріктіретін
телекоммуникациялық
инфрақұрылымды құруға және дамытуға бағы талған процесс.
Ақпараттық ресурстарға жедел қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені.
Қоғам мен адам өмірінің барлық саласына ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану.
Қалыптастырушы бағалау: Тапсырма соңында мұғалімнің қорытынды бағалауы «Мадақтау сөздер» әдісі арқылы оқушылардың сабаққа қатысу, тапсырманы орындау деңгейіне қарай жүргізіледі.
Жарайсың!, Жақсы!, Талпын!.
Деңгейлік тапсырма А деңгейі.«Цифрландыру» деген тақырыпта шағын зерттеу жүргізіп, кестені толтырыңдар.
Цифрландырудың оң тұстары
Цифрландыру теріс тұстары
В деңгейі. Интернет желісінің ресурстарын қолдана отырып, қазіргі таңда ұлттық цифрландыру программалары іске асырылып жатқан елдер туралы ақпарат іздеп табыңдар. Ұлттық экономикасын цифрландырған озық елдерді анықтаңдар, кестені толтырыңдар.
Ел
Цифрландырудың негізгі жетістіктері
С деңгейі. Қазақстандағы цифрландырудың SWOT-талдауын жасаңдар.