Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Топтастыру: Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, үштікке саналып үш топқа юбірігеді.
І топ: «Бірінші» ІІ топ: «Екінші» ІІІ топ:«Үшінші»
Қызығушылықты ояту: «Бірлік» әдісі. Оқушылар шағын топ құрамында бір қолын жұдырыққа жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады.
Мақсат: оқушылардың барлығы да бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылардың біркелкі саусақ көрсеткенге дейін жалғасады. Ойын кезінде оқушылар сөйлеспеуі керек. /Бұл оқушыларға псиологиялық жағымды ахуал туғызады, ынтымаққа баулиды/.
(Ұ). Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. Мұғалім оқулықтағы сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интербелсенді тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
«Кестені толтыр» әдісі
Тақтадағы дұрыс жауап бойынша өзін-өзі бағалау.
Термин
Анықтама
Үйретуші таңдау
Сиггналдың күшеюі мен әлсіреуі байқалатын орын
Кіру сигналы тиісті салмаққа көбейтілетін сома
Итерация
Датажелінің тікелей және кері бағыттағы нейрондық желі арқылы өтуі
Сабақтың ортасы 26 мин.
o Барлық кіріс элементтері тікелей шығыс элементтерімен біріккен желі бірқабатты нейрондық желі немесе персептрон желі деп аталатындығы түсіндіріледі.
Әрбір элемент көптеген Х кірістен жеке салмақпен әрбір нейронмен біріктірілген. Ал әрбір нейрон өлшенген кіру санын көрсетеді.
Бірқабатты желілердің құрылымының күрделілігі жасырын нейрон қабаттарының жоқтығынан өзгере қоймайды.
Оқулықтағы суретті қолданып, бірқабатты нейрондық желі жайлы толық түсіндіріледі.
Осыдан кейін көпқабатты нейрондық желі түсіндіріледі. Оқулықтағы сурет қолданылады.
Көпқабатты нейрондық желі – кіріс және шығыстан тұратын және олардың арасындағы бір (бірнеше) жасырын нейрон қабаттарынан тұратын нейрондық желі.
Кері байланысы жоқ желілердің қандай топтарға бөлінетіні айтылады.