Қорытынды Бүгінгі уақытта үшөлшемді графикалар мен оған қолданылатын анимацияларды өмірге әкелу компьютерлік технологияда ерекше орын алады. Үшөлшемді кескіндерге анимацияларды профессиональді түрде іске асыру үшін графикалық моделдеу программасы туралы білім терең болуы қажет. Сондай үшөлшемді графикалық программаның бірі, мен жоғарыда қарастырып кеткен, 3d studio max программасы болып табылады. Расында да, 3d studio max программасының мүмкіндіктері өте жоғары әрі кең. Өйткені бұл программамен жұмыс жасағанда көптеген әрекеттер орындай аласың. Проекция терезесіне ондай қатты күрделі емес екіөлшемді кескінді салатын болсақ, 3d studio max программасының бай құралдар тақтасының көмегімен түрлі өзгертулер енгізіп, анимацияны қолданатын болсақ, онда оны, былайша айтқанда, тірілтуге болады.
Мен 3d studio max программасымен жұмыс жасағанда, ең бірінші көзім түскен нәрсе бұл – құралдар тақтасы. Өйткені оның құралдар тақасыннан түрлі саймандарды көре аласың және олармен жұмыс жасағанда әрқайсысының қызметі бір-біріне мүлдем ұқсамайтыны түсінесің. Сондықтан бұл аспаптардың әрбіреуі қайда орналасқандығын және қандай мақсатта қолданатынын білу қажет. Жалпы 3d studio max-та көп жұмыс жасап жаттыққаннан кейін, сол әрбір аспабының атқаратын қызметін есте сақтауға болады. Сонымен қатар бұл графикалық редактор программасы қаншама күрделі болғанымен де, менің ойымша, онымен жұмыс жасау өте қызық. Өйткені сенің сондай қарапайым кескініңнің өзі визуализация, модификация, әр түрлі эффектілер мен анимацияны қолданудың нәтижесінде пайда болған объектіңнен көзіңді ала алмайсың. Осы жұмыстың арқасында мен 3d studio max сияқты күрделі графикалық редактормен жұмыс жасай отырып, жалпы білімімді толықтырдым.