Информатика пәні мұғалімі: Перизат Айтжанова мазмұны кіріспе Негізгі бөлімі



бет5/10
Дата22.10.2022
өлшемі19,12 Mb.
#44851
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
3. Көпбұрыштар құру
Математикалық тілмен айтатын болсақ, көпбұрыш – бұл кеңістікте үш немесе одан да көп нүктелер жиынынан құралған жазықтықтың бөлігі. Үшөлшемді моделдеудің техникалық терминдеріне сәйкес көпбұрышты құрайтын нүктелер - төбе, ал төбелерді қосатын түзулер қабырғалар деп аталады. Егер көпбұрыштың үш төбесі болса, онда ол жазықтық деп аталады. Егер үстел үстінде жатқан төрт төбесі бар қағазды көпбұрыш деп атасақ, онда бұған дұрыс анықтама бердік деп есептеуіміз болады (расында да, ойлап қарайтын болсақ, қағаз қалыңдығы өте кішкентай). Егер осы қағазды қайшымен қиятын болсақ, бірнеше үшбұрыштар ала аламыз. 3ds max-та осындай көпбұрыштардың жазықтық деп аталатынының себебі – төтбұрышты көпбұрыштар бірнеше жазықтық беттерінен құралуы мүмкін.

Суретте көрсетілгендей жоғарғы сол жақ бөлікте орналасқан төртбұрышты көпбұрыштың жақтары болмайды, ал қалған көпбұрыштар сәйкесінше 2, 4, 6, 8 және 16 жақтардан құралған. Сонда өзіміз көріп отырғанымыздай неғұрлым көпбұрыштың жақтары көп болса, соғұрлым көпбұрыш күрделене береді. Сонымен қатар көпбұрыш күрделене берген сайын оны бейнелеу үшін берілетін ақпарат мөлшері де көп болады (яғни дискіде алатын онры артады).


Моделдерге трансфомация әдісін қолдану.
3ds max-та объектіні трансформациялау үшін үш негізгі әрекетпен орындауға болады. Олар: позициялау, айналдыру, масштабтау. Объектіні позициялау дегеніміз кеңістікте X, Y, Z осьтер координаталары бойынша өзгерісі. Айналдыру – бұл объектіні X, Y, Z осьтері арқылы бұру, ал масштадтау – объектінің X, Y, Z осьтері бойымен немесе бір мезгілде екі не одан да көп остьтері арқылы өлшемінің өзгеруі.
Трансформациялау әрекеттерін зерттеуін бастамас бұрын 3ds max терезесінде үшөлшемді модель құру керек. Енді мысал ретінде 3ds max-тың дайын модельдерін қарастырайық. Ол үшін мынадай әрекеттерді орындауымыз қажет:

  1. Меню қатарынан FileOpenSceneCharacters әрекетін таңдап, экран бетінде пайда болған сұхбат терезесінен Scenes\ Characters ішінде түрлі модельдердің файылдары бар буманы таңдаңыз.

  2. Сол файлдарды қарай отырып, трансформация параметрлерін үйрену үшін кез-келген модельді таңдаңыз.

  3. 3ds max терезесіне осы таңдалған модельді шығару үшін  батырмасын басыңыз.

Осы әрекеттерді орындағасын сол модельді проекция терезесінің төртеуінен де көре аламыз.
Тірелу нүктесі.
3ds max терезесінде құрылған әрбір моделдің тірелу нүктесі болады. Бұл нүкте модельді айналдыру немесе өлшемдерін өзгертілуінде центр ретінде қолданылады. Модельдің тірелу нүктесін көру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Модельді Wireframe режимінде көрсететін проекция терезесін таңдаңыз.
2. Min/Max Toggle басқару элементінің көмегімен ағымдағы проекциялау терезесін үлкейтіңіз.
Каркастық модель.
Каркастық модельдің центірінде центрі тіркелу нүктесі болып табылатын координат әзер көрінетін осьтері бейнеленген.
Тірелу нүктесін үшөлшемді кеңістіктің кез-келген басқа терезесіне, тіпті объект жазықтығынан тыс жерге көшіруге болады. Тірелу нүктесін көшіру үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

  1. 3ds max терезесінің оң жағында орналасқан Command панелінің Hierarchy қалау тақтасында тышқанмен 1 рет шертіңіз.

  2. Тышқанмен Affect Pivot Only (Тек тіркеу нүктесіне әсер ету) батырмасын шертіңіз.

  3. Негізгі аспаптар тақтасында орналасқан Select and Move (Таңдау және көшіру) сайманын тышқанмен шертіңіз.

  4. Тіркеу нүктесінен жоғары бағытталған тік бағыттауышты тышқанмен шертіп, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып, тышқан сілтемесін көшіріңіз.

  5. Тіркеу нүктесі салынған модельдің үстінде болғанда тышқан батырмасын жіберіңіз.

  6. Егер сізді тіркеу нүктесінің тұрған жері қанағаттандырса, онда Hierarchy қалау тақтасына оралып, Affect Pivot Only батырмасын тағы бір шертіңіз.

Белгіленген модельдің орналасуы
Қарастырайын деп отырған трансформация үшөлшемді кеңістікте белгіленген модельдің орналасуы болып табылады. Бұл әрекетті екі түрлі әдіспен жүзеге асыруға болады. Олар: қолмен көшіру және сандық мән көмегімен көшіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет