Информатика пәні мұғалімі: Перизат Айтжанова мазмұны кіріспе Негізгі бөлімі



бет7/10
Дата22.10.2022
өлшемі19,12 Mb.
#44851
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
3D MAX STUDIO Айтжанова П

Объектінің қасиеттер панелі
Үшөлшемді модель немесе 3ds max-тың кез-келген объектінің шекараларын көрсететін ерекше қасиеттері бар.
Бұл жеке қасиеттері бар күнделікті өмірдегі кез-келген объектіге ұқсайды. Сонда да күнделікті өмірдегі объектілерге қарағанда үшөлшемді модельдің реттелетін ерекше қасиеттері (мысалы, объект формасын құрайтын сегменттер саны немесе моделдердің көрінетін бөлшектердің тізімі) бар.
CreateCommand панелімен жұмыс
Түрлі моделдер әр түрлі параметрлермен сипатталады, бірақ олардың ортақ қасиеттері де бар: 3ds max терезесінің оң жағының бойында орналасқан панелінде төменгі бөлігінде орналасқан Create Command панелінде олардың барлық параметрлері көрсетіледі. Егер терезеде мүлдем бірде бір объект болмаса, онда Create Command панелі Name бөлігінде және белгілі бір түс үлгісі бос жол шығып тұрады.объектіні құру келесі әрекеттер көмегімен жүзеге асады:

  1. Қалау панеліндегі Objects қосымшасындағы сфера пиктограммасында тышқанмен шертіңіз.

  2. Тышқанның сол жақ батырмасын баса отырып, тышқан сілтемесін орын ауыстыру арқылы кез-келген проекция терезесінде сфера құрыңдар.

  3. Енді тағы бір Create панеліне көз салыңыз , көріп отырғанымыздай, жаңа ғана құрылған объект туралы барлық мағлұмат беріледі.

Параметрлерді реттеу
Жаңа ғана құрылған сфераның параметрлеріне кңіл аударар болсақ, онда реті бойынша(Shpere01) сфераға ат меншіктелген, сонымен қатар кейбір мағлұматтар: радиус, сегменттердің сан мөлшері және басқа көптеген параметрлерді көре аламыз.
Пішінін өзгерту
Егер күнделікті өмірдегі объектілер өзінің қасиеттерін өзгерте беретін болса, сондықтан осы қасиеттерді өзгерту қиын. 3ds max-та объектінің пішінін оп-оңай өзгертуге болады. Ол үшін келесі объктіні орындаңыз:

  1. Create Command панелінде Segments бөлігінде кез-келген бір жаңа мән енгізіңіз.

  2. Hemishpere параметрлері үшін берілген (0,0) мәндерін 0,5 етіп өзгертіп, пернесін басыңыз.

Енді алғашында сфера болған объектінің барлық проекция терезелерінен өзгерген объектіні көре аласыз.
Шектеу
3ds max-та трансформация орындау арасында кейбір әрекеттерге шек қоюға болады. Нәтижесінде трансформация таңдалған проекция терезесінде тек бір немесе екі осьтерге қатысты орындала алады. Трансформацияны қолдану бағыттарын шектеу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Меню қатарынан CustomizeShow UIShow Floating Toolbars әрекетін орындаңыз.

  2. Axis Constraints тақтасын таңдаңыз.

Енді алғашқы төрт сайманға көңіл аударыңыз: X, Y, Z және XY. Бұл саймандар трансформация әрекеттеріне, әсіресе, объектінің орнын ауыстыру кезінде әсер етеді. Мысалы, егер X сайманын таңдасаңыз онда объектіні проекция терезесінде тек қана X осі бойынша жылжытуға болады. Ал XY саймандарын проекция терезесінде еркін орын ауыстыру кезінде қолданылады. Суретте XY сайманның төменгі төменгі бөлігінде орналасқан үш бұрышты белгіге көңіл аударыңыз . Сол белгіде тышқанның сол жақ батырмасын басқа нұсқаларын көру үшін басулы күйінде ұстау қажет.
3. Сол белгілердің біреуін таңдап, объектіні трансформация әрекетінің орындалуын зерттеу.
4.Жазықтықта екі өлшемді фигуралар құрастыру
Жазықтықта екіөлшемді кескіндерді салмас бұрын, алдымен, басқару элементтері қайда орналасатындығын білуіміз қажет. Үшөлшемді кескіндерді құру үшін ең алдымен осы екіөлшемді кескіндерді қалай пайда болатынын үйренуіміз керек. Осыған байланысты екіөлшемді кескіндерді құрудың екі әдісі бар. Олар: меню қатарынан CreateShapes әрекетін орындау арқылы, Shapes қосымшасында тышқанмен шерту арқылы немесе Command панелі көмегімен.


Қарапайым кескіндер
Жалпы 3ds max-та 12 екіөлшемді кескіндер бар. Олар: Line (Сызық), Rectangle (Тіктөртбұрыш), Circle (Шеңбер), Ellipse (Эллипс), Arc (Доға), Donut (Сақина), Ngon (Дұрыс көпбұрыш), Star (Жұлдыз), Text (Мәтін), Helix (Спираль) және Section (Қиық). Command панелі екіөлшемді кескіндерді түзетуге арналған элементтерден құралған. Сондықтан ол меню және қалау тақтасына қарағанда ыңғайлырақ.


Сызық
Сызық екіөлшемді кескіндерді салудың негізі болып табылады. Line Кескінін салғанда Command панелінде орналасқан екі параметр маңызды рөл атқарады. Олар:

  • Initial Type (Бірінші төбесі). Егер сызықты саларғанда Corner (Сынық) түрі таңдалған болса, онда сынық сызық салынады. Ал егер Smooth (Түзу) түрі таңдалса, онда түзу сызық пайда болады.

  • Drag Type (Орын ауыстыру төбесі). Сызықты тышқан көмегімен сызғанда бұл параметр сызықтың түрін көрсетеді. Берілген параметрдің үш түрі бар: Corner (Бұрышты), Smooth (Түзу) және Bezier (Безье).

Сызықты салғаннан кейін, оның параметірін өзгертуге болады. Command көмегімен сызық салып, келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Command панеліндегі Create қосымшасында орналасқан Shapes батырмасын тышқанмен шертіңіз. Содан кейін Splines тізімнен элементін таңдап, Line батырмасын басыңыз.

  2. Command панеліндегі Initial Type параметірінің ішінен не сынық сызықты салатын (Corner) түрін, не түзуді салатын (Smooth) түрін таңдаңыз.

  3. Содан кейін Drag Type параметірінің ішінен өз қалауыңызша (Sharp, Smooth, Bezier) бір мәнін таңдап, Command панелінен сол таңдаған мәнін басыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет