Информатика пәні мұғалімі: Перизат Айтжанова мазмұны кіріспе Негізгі бөлімі



бет6/10
Дата22.10.2022
өлшемі19,12 Mb.
#44851
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Модельді қолмен көшіру
Бұл әдіс үшөлшемді кеңістікте объектіні жаңа көшіру үшін қолданылады. Ол үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

  1. Кез-келген модельді таңдап, негізгі аспаптар панелінде орналасқан Select and Move саймандарында тышқанмен шертіңіз.

  2. Кез-келген проекциялау терезесінде объектіні Select and Move сайманымен шертіңіз де, тышқанның сол жақ пернесін басулы күйде белгіленген объектіні басқа орынға көшіріңіз.

  3. Көшірілген объектінің үш координатасы бойынша зерттеңіз.

Сандық мән көмегімен модельді көшіру
Егер модельді үшөлшемді кеңістіктің белгілі бір нақты орынға көшіретін болсақ, онда қолмен көшіру әдісі қолданылмайды. өйткені қолиен көшірген мезгілде қажетті орынға жобалап қана көшіреміз. Сондықтан объектіні белгілі бір нақты орынға көшіру үшін сандық мән көмегімен модельді көшіруді қолданамыз. Ол үшін төмендегідей әрекеттерді орындаймыз:

  1. Модельді белгілеңіз де, негізгі аспаптар тақтасында орналасқан Select and Move сайманында тышқанның оң батырмасын шертіңіз.

  2. Absolute World бөлігінде модельдің керекті орынға жылжыту мәндерін көрсетіңіз.

  3. Әр координаттың оң жағында орналасқан бағыттауыштың кескіні көрсетілген батырмаға тышқан сілтемесін әкеліп тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде керекті координатаның мәні алынғанынша ұстап тұру қажет.

  4. Панельдің үстіңгі оң жақ бөлігінде орналасқан батырмасын тышқанмен шертіп, панельді жабу.

Белгіленген модельді айналдыру
Белгіленген модельді айналдыру кезінде басқа орынға көшірмейді, ол тек белгілі бір ось бойынша не қолмен, не сандық мән көмегімен айналады.
Модельді қолмен айналдыру.
X, Y, Z осьтеріне қатысты объектіні белгілі бір бұрышқа бұру, әдетте, үшөлшемді кеңістікте мынадай әрекеттермен орындалады:
1. Модельді белгілегеннен кейін негізгі аспаптар тақтасында орналасқан Select and Rotate сайманында тышқанмен шертіңіз.
2. Кез-келген проекциялау терезесінде объектіні тышқанмен белгілеп, басулы күйінде орнын ауыстырыңыз.
3. Барлық үш ось бойынша модельдің айналуын зерттеңіз.
Сандық мәндер көмегімен модельдің айналуы
Модельдің қолмен айналдыру жуықша дәлдікпен орындалады, ал кішкене бұрышқа айналдыру үшін сандық мәнді енгізуді қолданған жөн. Бұл әдісті қолдану үшін келесі әрекетті орындаңдар:

  1. Терезеде модельді ерекшелеңіз. Содан кейін негізгі саймандар тақтасында Select and Rotate сайманында тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Экранда Rotate Transform Type-ln панелі пайда болады. Мұнда Absolute World бағанасында X, Y, Z осьтеріне қатысты модельдің ағымдағы айналу бұрыштары көрсетіледі.

  2. Absolute World бөлігінде модельді бұру бұрышының мәнін енгізіңіз.

  3. Әр координаттың оң жағында ораласқан бағыттауыштың кескіні көрсетілген батырмаға тышқан сілтемесін әкеліп, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде керекті бұрыштың мәні алынғанынша ұстап тұру қажет. Бұру бұрышын қалауыңызша X, Y, Z бөліктерінде қолымен енгізуге болады.

  4. Панельдің үстінгі оң жақ бөлігінде орналасқан батырмасын тышқанмен шертіп, панельді жабу.

Модельді масштабтау
Модельді масштабтау дегеніміз бір немесе бірнеше осьтер бойымен оның өлшемінің үлкеюі немесе кішіреюі. Бұл әрекет күрделірек болса да, орын ауыстыру, айналу трансформацияларына ұқсас. Белгіленген модель масштабын тышқан сілтемесінің көмегімен немесе сандық мән енгізу арқылы өзгертуге болады. Негізгі саймандар панелінде орналасқан Scaling сайманының үш нұсқасы бар. Оларды көру үшін Scaling сайманының төменгі оң жақ бұрышын тышқанның сол жақ батырмасымен шертіп, басулы күйінде ұстап тұрыңыз. Нәтижесінде бұл сайманның барлық мүмкін нұсқалары көрсетіледі.
Объектіні қолмен масштабтау үшін, алдымен, негізгі саймандар панелінде Scaling сайманының бір нұсқасын таңдап, содан кейін тышқанның сілтемесін ерекшеленген объектінің бір шетіне әкеліп, сол батырманы шертіп, осы шетін сыртқа(масштабты үлкейту үшін) немесе ішке(масштабты кішірейту үшін) әкелеміз.
Сандық мән көмегімен масштабтау трансформацияны математикалық дәлдікпен орындау қажет болған жағдайда қолданылады. Ол үшін дәлдікпен орындау қажет болған жағдайда қолданылады. Ол үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Негізгі саймандар панелінде Scaling сайманының бір нұсқасының таңдаңыз(мысал, Uniform, Non-Uniform немесе Squash).

  2. Scaling сайманында тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Сонда X, Y, Z осьтері бойымен моделдің масштабтау мәндерін көрсетуге болатын Scaling Transform Type-ln панелі пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет