Информатика пәні мұғалімі: Перизат Айтжанова мазмұны кіріспе Негізгі бөлімі



бет2/10
Дата22.10.2022
өлшемі19,12 Mb.
#44851
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.Жұмыс кеңістігін жұмысқа икемдеу
3ds max программасымен жұмыс жасайтын әр қолданушының ыңғайына қарай жұмыс кеңістігін икемдеуге болады. Яғни терезенің түсін, параметрлерін, тордың шекараларын, масштабтарын және т.с.с. өзгертулер енгізуге болады. Мұндай өзгерістерді қолданбастан бұрын, алдымен, программаны қалай іске қосу керектігін қарастырып алайық.
3ds max программасын іске қосу үшін келесі әрекетті орындау керек:
1. Компьютерді іске қосып, 3ds max программасының шарбелгісін тауып, белгілеу. Бұл шартбелгі 3ds max пакеті енгізілген каталогте орналасқан. Сонымен қатар оның көшірмесі жұмыс үстелінде орналасуы мүмкін.
2. Шартбелгіні екі рет тышқанмен шерту керек.
Сөйтіп, бірнеше секундтан кейін 3ds max терезесі пайда болады.

3ds max программасы іске қосылғанда экранға суреттегідей алғашқы қолданушы графикалық интерфейсі шығады (оның түсіне көңіл аударыңыз). Проекциялау терезесінің түсін өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындау керек:



  1. CustomizeCustomize User Interface әрекетін орындаңыз. Нәтижесінде экран бетінде Customize User Interface терезесі пайда болады.

  2. Терезенің жоғарғы бөлігінде орналасқан Colors қалауында тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз. Терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан Elements тізімінен Viewport элементін таңдаңыз.

  3. Elements бөлігінің астында орналасқан тізімінен Viewport Background элементін таңдаңыз.

  4. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан тік бұрышты түс үлгісінде тышқанмен шертіңіз. Нәтижесінде экранда Color Selector түсті таңдау терезесі пайда болады.

  5. Color Selector терезесінде кез-келген түсті таңдаңыз. Таңдалған түсті экран бетіне шығару үшін тышқанмен Close (Жабу) батырмасын шертеміз.

  6. Customize User Interface терезесінің төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Apply Colors Now (Түсті қолдану) батырмасын шерткенде, проекция терезесінің түсі бірден өзгергендігін байқайсыз.

Торды қолдану
Әрбір проекция терезесінде объектіні белгіленген орынға жылжыту үшін тор сызықтары пайдаланылады. Сонымен қатар оларды өлшеу құрал ретінде де қолдануға болады. Ал өзге жағдайларда қолданушы жұмыс барысында тор сызықтарын алып тастай алады. Ол үшін:

  1. Проекция терезесінде керекті торды жасыру үшін жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан белгіде тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде контекстік меню ашылады. Жанында жалауша белгісі бар Show Grid бөлімі бұл менюдің сәл үстіңгі бөлігінде орналасқан.

  2. Show Grid бөлімінде тышқанмен шертсеңіз, жанындағы жалауша белгісі алынып қалады. Бұл әрекет проекция терезесінің торын алып тастайды. Егер торды қалпына келтіргіңіз келсе, онда Show Grid бөлімінде тышқанмен тағы да шертіңіз. Бұдан суретте көрсетілгендей Top, Front және Left проекция терезелерінде торлар жасырылады да, Perspective терезесінде жасырылмаған күде болады.

Тор
Жоғарыда айтып өткендей, 3ds max-тың проекция терезелерінде торды өлшеу құралы ретінде де пайдалана аламыз. Сондықтан бұл әрекет - 3ds max-ты өмірде кең қолдануының бірден бір себебі болып табылады. Торда керекті өлшеу жүйесін жұмыс күйіне келтіру үшін төмендегідей әрекеттерді орындау қажет:

  1. CustomizeUnits Setup әрекетін меню қатарынан таңдаңыз. Экранда суретте көрсетілгендей Units Setup терезесі пайда болады.

  2. Metrics (Метрикалық) немесе US Standard (АҚШ стандарты) қосқышында тышқанмен шертіңіз. Сәйкес тізімді ашып, проекция терезелеріне қолданайын деп жатқан өлшем бірліктерін енгізіңіз.

  3. ОК батырмасын басып, өлшеудің өзгергендігін растаңыз да, меню қатарының CustomizeGrid and Snap Settings бөлімін таңдаңыз. Нәтижесінде экранда Grid and Snap Settings (Тор мен тіркегіш параметрлері) сұқбат терезесі ашылады.

  4. Home Grid (Стандартты тор) қосымшасында тышқанмен шертіңіз. Grid Spacing(Тор қадамы) алаңында қажетті мәнді көрсетіңіз. Содан кейін сұқбат терезені жабу үшін батырмасын басыңыз.

Проекция терезесінің параметрлері
Егер проекция терезесін байқап қарайтын болсақ, әр проекция терезесінде қаралау шекарасын және олардың арасында кішкене саңылаулар көре аламыз. Егер тышқанды сол саңылауларға жақындатсақ, бағыттаушымыз екі кішкене бағыттауышқа айналғанын байқаймыз. Сөйтіп сіз проекция терезесінің шекараларын өзгерткіңіз келсе, сол екі жаққа қарап тұрған бағыттауыш көмегімен тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап, оны не тігінен, не көлденеңінен жылжыту арқылы өзгерте аласыз. Мысалы, төмендегі суретке көңіл аударыңыз.
Проекция терезесінің шекараларын қалай өзгертуге болатынын қарастырдық, ал егер , мысалы, бір проекция терезесін алып тастағыңыз келсе, болмаса тез арада орналасу сызбасын даярлағыңыз келсе, онда келесі әрекеттерді жүзеге асыру қажет:

  1. Проекция терезесінің жоғарғы сол жақ бөлігінде орналасқан белгіні тышқанның оң жақ батырмасымен шертіңіз. Сонда экран бетінде контекстік меню пайда болады.

  2. Бұл менюден Configure (Конфигурация) бөлімін таңдаңыз. Нәтижесінде Viewport Configuration терезесі ашылады.

  3. Layout (Орналастыру сызбасы) қосымшасында тышқанмен шертіңіз. Мұнда орналасудың бірнеше нұсқасы ұсынылады.

  4. Он төрт орналасу нұсқасының ішінен қалағаныңызды таңдаңыз. Белгіленген нұсқасы ақшыл шекарамен (рамка) ерекшеленеді.

  5. ОК батырмасын шертіңіз. Орналасу сызбасы белгіленген проекция терезесінде өзгереді.

Міне, осындай әрекеттерді қолдану арқылы қоланушы 3ds max терезесін көрнекірек ете отырып, өз жұмысын әлдеқайда жеңілдетіп алады. Сонымен 3ds max программасында жоғарыда қарастырылып кеткен әрекеттерді орындай отырып, әр адам жұмыс кеңістігін өзінің қалауы бойынша өзгерте алады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет