6.1.Екіөлшемді фигуралардың - Rendering әдісі 6.2. Визуализацияланған спираль тәріздес үшөлшемді сплайн 6.3.Сплайндарды клондау 6.4.Екіөлшемді фигураларды сығу әдісі 6.5.Екіөлшемді фигураларды айналдыру әдісі Қорытынды Әдебиеттер тізімі Кіріспе Графикалық редактор – графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде графикалық редактордың көптеген түрлері белгілі. Соның ішіндегі менің қарастырайын деп отырған программам бұл – үшөлшемді 3d studio max графикалық редакторы.
3d studio max программасы – кескіндерді моделдеу, визуализациялау және анимациялау программалық жиындарын қамтыған жалғыз программа. Ол Windows NT операциялық жүйесінің 3.51-ден төмен емес версиялары үшін Autodesk фирмасында шығарылған болатын. Жалпы 3ds max программасын бүкіл дүние жүзіндегі мыңдаған дизайнерлер үшөлшемді ойындарды, телеарна мен кинофльмдерді шығару үшін шыншыл эффектілерді , сонымен бірге Web-парақтарының үшөлшемді графикалық элементтерін іске асыру үшін қолданылып жатыр. 3ds max программасының пайда болуы қолданушының жұмыс істеу мүмкіндігін әлдеқайда кеңейтті. Төменде программаның кейбір жаңа мүмкіндіктері көрсетілген.
Жұмысты эффектілі әрі жоғары деңгейде істеуін қамтамасыз ететін жаңа қолданушы интерфейсі орнатылған;
Жан-жақты мүмкіндікті қамтитын жаңа операциялық жүйемен және жоғарғы модернизация мүмкіндіктері қамтылған;
Stack – геометриялық элементтерге қолданылатын модификатор тізімі. Бұның көмегімен кез-келген уақытта модификатор параметрлерін өзгертуге болады.
Мультипроцессордың кез-келген өзгерту әрекеттерін қолдануға мүмкіндік беретін жаңа визуализация модулі қолданылады.
Жаңа сұхбаттасу терезесі – тректерді қарап шығу – анимацияның қалыпты істеуін және өзгертуін басқаруға қолданушыға ыңғайлы етіп жасалынған. Және т.с.с. көптеген мүмкіндіктермен қамтылған.