3ds max саймандар тақтасы Технологияның дамуы жаңа саймандар жиынының пайда болуына әкеп соқты. Жалпы оладың өмірде әрқайсысының белгілі бір атқаратын қызметі бар. Сол сияқты 3ds max программасының да саймандарының белгілі бір қызметі бар. Сондықтан бұл аспаптардың әрбіреуі қайда орналасқандығын және қандай мақсатта қолданатынын білу қажет.
2.1. Меню жұмысымен танысу
Әр аспаптың менюде орналасуы. 3ds max программасының белгілі бір аспабымен жұмыс жасау үшін, алдымен, оның қайда орналасатынын біліп алу қажет. 3ds max терезесінің үстінгі бөлігінде меню қатары және аспаптар жиыны орналасқан.
Меню қатары Меню қатары – бұл 3ds max терезесінің үстінгі бөлігінде орналасқан элементтер тізімі.
Меню қатарында орналасқан қайсібір элементті шертсек, онда соған сәйкес меню тізімі шығады.
2.2. Негізгі құралдарымен жұмыс. 3ds max программасында аспаптармен жұмысты түрлі әдіспен орындауға болады, яғни меню қатары көмегімен пернелер жиындары арқылы немесе аспаптар панелінде тышқанмен шерту арқылы жүзеге асыруға болады. Келесі бөлімде ең көп қолданылатын аспаптардың жұмыс жасау әдістері қарастырылады.
Қалау тақтасы
Қалау тақтасы да программа терезесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан.
Егер қалау тақтасында орналасқан нұсқаулардың кез-келгеніне тышқанды әкеліп шертсек, онда сол белгіленген нұсқауға сәйкес аспаптардың барлық тізімі шығады. Келесі суреттерден әр нұсқауға сәйкес аспаптарды көре аласыз:
Негізгі саймандар тақтасы Негізгі саймандар тақтасы 3ds max терезесінің үстінгі бөлігінде орналасқан.
Негізгі аспаптар тақтасының батырмалары 3ds max терезесіне енгізілген моделдерді және басқа объектілерді таңдауға, өзгертуге және ұйымдастыруға арналған . Олардың терезеде кескіндерді құруға және модификациялауға қолданылатын қалау тақтасынан біраз өзгешеліктері бар.