Информатика пәні мұғалімі: Перизат Айтжанова мазмұны кіріспе Негізгі бөлімі



бет4/10
Дата22.10.2022
өлшемі19,12 Mb.
#44851
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
3D MAX STUDIO Айтжанова П

2.3. Проекция терезелері
Орнатылған кескінді осы терезелер көмегімен кез-келген бұрышынан қарауға мүмкіндін береді .

Суретте көрсетілгендей 3ds max терезесі төрт проекция терезелерінен тұрады. Егер солдан оңға қарай айтатын болсақ, онда суретте мынадай проекция терезелері көрсетілген: Top (Үстінен қарағандағы көрініс), Front (Алдынан қарағандағы көрініс), Left (Сол жақтан қарағандағы көрініс) және Perspective (Жалпы көрініс). Бұл терезелердегі торлар объектілерді бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналастыру және үшөлшемді кескіндердің өлшемдерін анықтау үшін қажет. Сонымен қатар бір терезені ерекшелеу үшін сол терезеге тышқанды әкеліп, сол жағын шертсек жеткілікті. Ерекшеленген терезегенің сырты сарымен боялады.
Command тақтасы
3ds max терезесінің оң жағында арнайы Command тақтасы орналасқан. Command тақтасының үстіңгі астарлы беттері ағымдағы уақытта сол панелдің астыңғы бөлігіндегі параметрлерін анықтайды.
Command тақтасы мынадай астарлы беттерден құралады: Create (Құру), Modify (Модификациялау), Hierarchy (Иерархия), Motion (Қимыл), Display (Бейнелеу) және Utilities (Утилиттер).
Басқару элементтері
Бұл элементтер негізінен 3ds max терезесінің астыңғы бөлігінде орналасқан. Басқару элементтер тақтасы екі бөліктен тұрады. Олар: анимацияны басқару элементтері және проекция терезелерінің навигация элементтері.

Анимацияны басқару элементтері


Суретте көрсетілгендей басқару элементтер тақтасының көп бөлігін осы анимацияны басқару элементтері құрайды (кейде оларды уақытша қадағалау элементтері деп те атайды).

Навигация элементтері.


Навигация элеметтері басқару элементтер тақтасының оң жақ төменгі бөлігінде орналасқан. Бұл басқару элементтері батырмалар жиынынан құралады. Олар: Zoom (Масштабтау), Zoom All (Барлығын масштабтау), Zoom Extents (Толтырғанша дейін масштабтау), Zoom Extents All (Барлығын толтырғанша дейін масштабтау), Region Zoom (Белгілі бөлігін масштабтау) (Perspective проекция терезесі үшін бұл батырма Field Of View (Көру алаңы) деп аталады), Pan (Көрініс), Arc Rotate (Айналдыру) және Min/Max Toggle (Мин/Макс жалғаушысы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет