Жабық фигураларды сығу Көп жағдайларда үшөлшемді кескіндерді сығу әдісімен объект құрғанда жабық екіөлшемді сплайндар қолданылады. Сонымен қатар жабық сплайндарды сыққанда үстіңгі және астыңғы табандарын құруға болады. Ол үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Command панелінен Create қалауына өтіп, Shapes батырмасын шертіңіз. Содан кейін ашылмалы тізімнен Spline элементін таңдап, Circle батырмасында тышқанмен шертіңіз. Top проекция терезесінде шеңбер сызыңыз.
Command панеліндегі Amount алаңында 75 мәнін енгізіңіз.
Output параметрлер бөлімінде көпбұрыштың каркас орнын ауыстыру үшін Patch батырмасын шертіңіз.
Спиральді сығу Спираль сығу әрекеті көмегімен оралған лентаны еске түсіретін спираль тәріздес объектіні құруға болады. Мұнда Cap Start пен Cap End параметр мәндерін енгізбеуге де болады. Себебі мұнда Helix – ашық фигура. Лента қалыңдығы Amount параметрлерімен анықталады.
6.5.Екіөлшемді фигураларды айналдыру әдісі Екіөлшемді сплайнды айналдыру көмегімен үшөлшемді кескінді алуға болады. Мұндай объектіні құру Lathe операциясымен жүзеге асады. Lathe операциясының үш негізгі параметрі бар. Олар: екіөлшемді сплайнның тіреу нүктесінің орналасуы, айналу осі мен бұру бұрышы. Lathe операциясын қолдану үшін не ModifiersPatch/Spline EditingLathe әрекетін меню пунктінен таңдау арқылы, не қалау тақтасындағы Modeling қосымшасында орналасқан Lathe батырмасын тышқанмен шерту арқылы орындауға болады.
Ашық фигуралардың айналуы Ашық фигураларды айналдыру көмегімен үшөлшемді объектіні құру үшін мынадай әрекеттерді орындау қажет:
Command панелінен Create қалауына өтіп, Shapes батырмасын шертіңіз. Содан кейін ашылмалы тізімнен Spline элементін тауып, Line батырмасын тышқанмен шертіңіз.
Top проекция терезесінде ашық фигураны құрыңыз
Тіреу нүктесін құрылған фигураның соңғы нүктесіне ауыстырыңыз
Фигураның ерекшеленген күйінде Lathe операциясын орындаңыз. Нәтижесінде Command панелінде айналдыру параметрлері көрсетіледі.
Келесі параметрлерді енгізіңіз: Degrees=360, ал Direction бөлігінде Y батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде проекция терезелерінде салынған қисық сызық таңдалған осі бойынша айналдыру арқылы үшөлшемді кескін пайда болады.
Жабық фигураларды айналдыру Негізінен үшөлшемді кескіндерді айналдыру әдісімен ашық сплайндар жабық сплайндарға қарағанда көбірек келіседі. Өйткені жабық кескіндерді айналдыру нәтижесінде шыққан сплайндарды сақтағанда жадының көп орнын алады.