ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1.1. Оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1.1. Оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық аспектілері
Оқушының оқуға деген қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігі жөнінде мәселелер Кеңес дәуіріндегі педагогикалық ғылымның көп зерттелінген бөлігінің бірі деп айтуға болады. Сол дәуірдегі әлеуметтік –экономикалық өзгерістер ағарту ісіндегі көптеген міндеттерді шешуге бағытталған еді. Патшалық Ресей дегі ағарту ісіндегі қайта құру жұмыстары және елдегі өнеркәсіп пен сауданың өркендеуі үшін білімді жетілдіру мақсатында европаның И.И. Бецкой и Ф.И. Янкович тәрізді алдыңғы қатарлы педагогтарының ілімдері пайдаланылды. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшылсы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.
. Танымдық қызығушылық пен шығармашылық белсенділік ұғымы мен қалыптасуы
Оқу пәніне деген қызығушылық – жеке тұлғаның оқу пәні бойынша білімін жетілдіруге бағытталған әрекеті. Пәнге деген қызығушылықты танымдық қызығушылықтың дербес түрі ретінде қарастырылады. Танымдық қызығушылықтың ең маңызды ерекшелігі - кейбір танымдық мәселені шешу үшін адамнан жаңалық пен кездейсоқ жағдайға қарапайым бағдар жасау емес, одан белсенді, ізденіс немесе шығармашылық жұмыс істеуді талап етеді. Адам дайын қабілеттермен туылмайды, өмірге қабілеттіліктің анатомиялық-физиологиялық алғы шартымен ғана келеді. Ал қабілеттілік сол алғы шарттар негізінде қоршаған әлеммен қатынас жасау процесінде оқу мен тәрбие әсерінен дамиды. “Қызығушылық ” феноменінің ең негізгісі ретінде мектеп оқушысының танымдық қызығушылығын айтуға болады.. Өйткені тек мектепте ғана баланың әртүрлі ғылыми аумақтағы білім алу жүйесіне бағытталған негізгі іс-әрекеті ретінде танымдық іс-әрекет танылған.