Жобалау оқыту технологиясының кең таралған түрлерінің бірі. Жобалық технология оқушылардың іс-әркетін түрлендіріп кеңіте түседі. Жобалауға арналған жұмыс бір тақырыпта балалар ұжымының және зерттеудің әртүрлі бағытын жалпылайтын жұмыс. Оқушылардың ғылыми жобалардың пайдалылығы аздаған болса да зерттеу жұмысын жүргізіп, оның әдіс-тәсілдерінде болады.
Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығына, еркін шығармашылығына, өздігінен ізденушілігіне ойындардың тигізетін үлесі зор. Ең бастысы оқушының ой-ниеті мен сапасын ынталандырып, әр тарауды оқып аяқтаған соң, сабақтан тыс ойын сабақтар ұйымдастырудың маңызы зор. Әсіресе,ойын сабақтарды пысықтау сабақтарында қолдану тиімді. Сабаққа дайындық барысында оқушылар әр түрлі газет-журналдарды, көмекші құралдар мен анықтама кітаптарды пайдаланады, яғни бір сөзбен айтқанда оқушылардың өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс жасау қабілетін арттырады. Ең бастысы ойындар оқушылардың көңілін өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады.
2.2.3. Оқушылардың ойлау әрекеттерін дамыту әдістері Оқушылардың ойлау процесін, қателіктері мен қиындықтарының мәнін түсіну үшін ЭЕМ-ге байланысты логикалық ақыл-ой әрекеттері қалай жүзеге асырылатынын қарастырайық. Педагог оқушыны түсініп, оларды өзімен салыстыруы тиіс. Егер мұғалім алдын – ала оларды болжап, әрекеттерін ескеріп, үйлесімді жоспарлай білсе, онда оқытуды ұйымдастыру әлде қайда жеңіл болары сөзсіз. Анализ және синтез. Информатика курсындағы анализ бен синтез әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың айқын көрінетін тұстары: есептің қойылысын талдау (анализ), қолдағы бар программалық немесе синтаксистік құралдар арқылы олардың шешімін синтездеу. Салыстыру өте тиімді дидактикалық тәсіл. Салыстырудың көмегімен жаңа ұғымдарды енгізіп, бекітуге болады.
Топтау (классификациясы) ойлау әрекеті ретінде үлкен көлемді материалды оқушының меңгеруі барысында білімді бекітуге байланысты кездеседі. Жалпылау, индукция және дедукция. Жалпылаудың айқын мысалы- ұқсас әрекеттердің жеке қайталанулары ұғымынан қайталану командасына көшу бола алады.