V – кезең – ұжымдық (жеке) талдау. Мұнда іс – шараның өтілу барысы мен сәтті және сәтсіз жақтары талқыланады.
загрузка...
VІ – кезең – ұжымдық шығармашылық жұмыстың нәтижелері. Педагог мақсатқа жету жолдарын, ұйымдастырылу мен өтілудің барлық кезеңдеріндегі өзіндік іс – қимылын, өзінің кейінгі әрекетін анықтап, баға береді.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесі Информатиканы оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелердің бірі – кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Олай дейтін себебіміз оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе кластан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады. Оқыту барысындағы оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздық шығармашылығы, оны арнайы басқарудың маңыздылығы кезінде Сократ та атап көрсеткен. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан мектепте, арнаулы оқу орындарында оқытылатын информатика пәнінің орны ерекше және оны кластан тыс
жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Дәстүрлі оқыту пәндерінен жүргізілетін кластан тыс жұмыс түрлерін информатика пәнінен де ұйымдастырылады. Сабақтан тыс жұмыс оқу жұмысын толықтырып, материалды оқушыға терең түсіндіруге, шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында ұйымдастырылады.
Сыныптан тыс жұмыстар келесі негізгі мәселелерді шешуге бағытталған:
Оқушының өзіндік концепциясының қалыптасуы;
Ұжымдық жұмыс істеу дағдысын қалыптасыруға қолайлы жағдай жасау;
Оқушылардың қоғамдық қызмет түрлерімен танысып, оларды өз бетінше ұйымдастыруына ықпал ету;
Танымдық қызығушылығының артуы;
Бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.
Сыныптан тыс жұмыстар оның бағытын, мазмұнын, формасы мен әдістерін анықтайтын жалпы принциптер негізінде жүргізіледі.
Сыныптан тыс жұмыстардың принциптері:
Мақсатқа негізделген;
Сыныптан тыс жұмыстың өмірімен, еңбекпен және тәжірибемен байланыс принципі:
Оқу-тәрбие процесінің бірлігі мен тұтастық принципі;
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі;
Тәрбие процесіндегі белсенділік және өзіндік қызмет принципі;
Жас және жеке тұлғалық ерекшелігін ескеру принципі.
Информатика курсы бойынша жүргізілетін дәстүрлі кластан тыс жұмыс түрлеріне: үйірме, факультативтік курстар, экскурсия, олимпиада, әртүрлі қызықты кештер мен сайыстар, ғылыми жұмыстарды жатқызуға болады. Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында кластан тыс өтілетін сайыстардың маңызы зор. Кластан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер отырысы,қосымша сабақтар, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы кластан тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда оқушы белсенділігі мен басқаруында болады.
Информатикадан кластан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық
технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс түрінде ұйымдастырылады. Компьютерді қолданып басқа пәндерден кластан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі. Кластан тыс жұмыс - бұл оқытушылар мен оқушылардың кластан тыс уақыттағы әртүрлі «іс-әрекеттері мен іс-шараларын» ұйымдастыру болып табылады. Кластан тыс жұмыс-кластан тыс уақыттағы өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу-тәрбиелік іс-шаралар.
Тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын кластан тыс жұмыстар-баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады. Түрлі формадағы кластан тыс жұмыстар оқушының күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Кластан тыс жұмыстың әр түрлі болуы оқушының өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бақылауын қалыптастырады, сонымен қатар әртүрлі жұмыстар оқушының іс-тәжірибесі мен дағдысын, адам қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады. Кластан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады.Әртүрлі кластан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.Кластан тыс жұмыстарды оқушылардың белгілі бір уақыт ішінде алған білімдерін тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет. Кластан тыс жұмыстардың түрлері: информатика кеші; ғылыми жұмыстар; информатикадан викториналар; іскерлік ойындар; информатикадан диспуттар; клубтық қызметтер; байқау; көрмелер; үйірме; сөзжұмбақтар құру; олимпиадалар; пәндік апталықтар, декадалар, айлықтар; танымжорықтар (саяхаттар, экскурсия);
Информатикадан факультатив сабақтарының негізгі мақсаты оқушылардың білімдерін тереңдету кеңіту, пәнге деген оқушының қызығушылығын дамыту, қабілетін дамыту, информатикамен өз бетінше жұмыстар атқаруға талғамдары мен қызығушылықтарын ояту, шығармашылықтары мен белсенділіктерін тәрбиелеу мен
дамыту болып табылады.
Информатикадан сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесіне жүргізілген талдаулар факультативтік сабақтар мен олипиадалар өткізу мәселесімен ғана шектеледі бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқытылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі. Осындай жұмыс түрі информатика курсы бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың бірі - оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Информатика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарды зерттеуге арналған еңбектер өте аз, тіпті жоқтың қасы деуге болады. Бұл мәселе оқушылардың түрліше ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады.