Информатиканың іргелі негіздері



бет8/49
Дата13.04.2023
өлшемі1,13 Mb.
#81972
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49
Байланысты:
Информатиканы іргелі негіздері

Сигнал, таңба, символ.
Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.
Бейнелік ақпарат деп-табиғат көріністерін, кескіндерді,дәм, иіс,сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.
Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан тұрады, брақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфабиті бар. Сандарды көрсететін алфабиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.
Хабарламаны бейнелейтін физикалық процесті сигнал деп атайды. Көпшілігінде радиотехникалық жүйелерде электрлік сигнал пайдаланылады. . Сигналдар табиғи және жасанды болады. Табиғи сигналдарға жататындары жарық, акустикалық (дыбыс) және басқа табиғатта кездесетін әртүрлі табиғи құбылыстарда кездесетін сигналдар. Жасанды сигналдарды адамдар ақпарат жіберу үшін құрастырады. Сигналдың материалдық негізі ретінде физикалық нысана немесе процесс пайдаланылады. Оларды ақпарат (хабарлама) тасымалдаушысы деп атайды.
Ақпаратты көрсету түрлері.
Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба және т. б.
Қоғамның даму кезендерінде адамдар көптеген тілдерді пайдаланды, олар: қимылдар мен мимика тілі, сызу-сурет тілдері, музыка тілі мен сөйлесу тілдері т. б.
Көптеген тілдердің негізі алфавит (әліп-бй) болып саналады. Алфавит белгілі бір тілдің кез келген сөздерін құрай алатын символдардың жиыны.
Алфавит мысалдары:
1. Латын алфавиті: A, B, C, D, E, F, G, Н, I, J, K, L, M, N, 0, Р, Q, R, S, Т, U, V, W, X, Ү, Z.
2. Қазақ алфавиті: А, Ә, Б, В, Г, F, Д, Е, Ж, 3, И, Й, I, K, Қ, Л, М, Н, Ң, О, П, Р, С, Т, У, Ү, Ұ, Ф, X, Ц, Ч, Ш, Щ, Ъ, Ы, Ь, Э, Ю, Я.
3. Табиғи (натурал) сандар алфавиті: 0, 1,2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
4. Екілік сандар алфавиті: 0, 1.
Екілік сандар алфавитінің қарапайымдылығы оны есептеу техникасында кең қолдануға мүмкіндік берді. 0 және 1 мәндері ЭЕМ-дерде "магниттелген - магниттелмеген", "заряды бар -заряды жоқ", "іске қосылған - ағытылған" сияқты және тағы да басқа физикалық қалыптармен көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет