Ақпараттық көзқарас. «Ақпарат» ұғымы қазіргі жалпы ғылымда іргелі, ал, информатика үшін негізгі болып табылады. Ақпарат немесе «информация» термині латынның "informatio" – мәлімет, түсіндіру, баяндау сөзінен шыққан.Қоршаған ортаның біртұтас құрамдастары зат және энергияменқатар, ақпарат сол ортаның негізгі сарқылмас таным көзі болып табылады. Алайда, ақпарат ұғымының формалданған анықтамасын келтіру қиындық туғызатыны сөзсіз.
күнделікте ақпарат деп қызығушылық туғызатын кез-келген
хабар немесе мәліметті атайды. Мысалы, қайсыбір оқиғалар,
құбылыстар туралы және т.с.с. мәліметтер. Бұл орайда «ақпарат
жеткізу» деген сөз «бұрын-соңды белгісіз болған нәрсені жеткізу»
деген мағынаны білдіреді.
кибернетикада жүйені дамыту, кемелдендіру, сақтау
мақсатында, яғни басқару, белсенді әрекет жасау, бағыттау үшін
пайдаланатын білім бөлігін ақпарат дейді. (Н. Винер).
Кибернетикалық тұрғыдан, ақпарат – бізді қоршаған дүниедегі объектілерді (заттарды), жағдайларды, үрдістерді немесе құбылыстарды таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу. Ақпаратты жіберу, қабылдау сақтау және түрлендіру үрдістерін зерттейтін ғылым – ақпарат теориясының негіздерін қалаған Клод Шеннон – ақпаратты біздің білімнен бірдеме туралы белгісіздіктің (анықталмағандықтың) алынуы деп қарастырады.
Ақпарат жөніндегі заманауи ғылыми көзқарасты дәлме-дәл тұжырымдаған кибернетика «атасы» Норберт Винер болды. Оның пікірінше:Ақпарат — біздің және сезіміміздің сыртқы ортаға бейімделу үрдісінде одан қабылданған мағынаны белгілеу.Сонымен, ақпарат теориясында – ақпарат ол, белгісіздіктітолық айқындайтын немесе алдындағы белгісіздіктің мөлшеріназайтатын мәліметтер.Ақпаратпен қоса «деректер» ұғымы жиі қолданылады. Зерттелетін нысан үшін, ол — қазіргі уақытта қайсыбір себептерменқолданыста болмай, тек сақталып келген эксперименттік бақылаудың нәтижелері немесе оның сипаттамалық белгілері болуы мүмкін.Егер осы мәліметтерді нысан жөніндегі білімді азайту және нақтылау үшін қолдану қажеттілігі туындаса, онда олар жүйелі өңдеу арқылы талдау нәтижесінде ізделіп отырған білім, алынатын ақпаратқа айналады, одан талдау арқылы ізделген білім шығарылады.Сонымен, осы тұжырымдарды ескере отырып, ақпараттыңанықтамасын былай дәлірек пайымдауға болады:Ақпарат —қоршаған ортаның құбылыстары мен нысандары, олардың шамалары, қасиеттері мен жай-күйі жөніндегі білімнің белгісіздік, толықсыздық дәрежесін кемітетін мәліметтер.Ақпарат ұғымынан, ақпараттың материалдық тасығышы, ақпарат көзі мен қабылдағышы арасындағы байланыс арнасы бар екенін пайымдай аламыз.