Информатиканың іргелі негіздері



бет33/49
Дата13.04.2023
өлшемі1,13 Mb.
#81972
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
Байланысты:
Информатиканы іргелі негіздері

а және ә – қосымша кодада қосу.

б және в – кері кодта



Сандық ақпаратты көрсету қателіктері.
Әрине, комьютерді қолданудың басты бағыттарының бірі әртүрлі есептеулер болған және болып қала береді де.
Сандық ақпаратты өңдеу бір қарағанда қандай-да бір есептеулерге байланысы жоқ есептерді шешуде де жүргізіледі, мысалы компьютерлік графика немесе дыбысты пайдаланғанда. Осыған байланысты компьютерде сандарды тиімді көрсетуді таңдау мәселесі туындайды. Әрине, 8-битті (байттық) кодтауды қолданып, олардан сандарды құрастыруға болады. Бірақ мұндай кодтау тиімді болмайды, оны мына мысалдан көруге болады: айталық екіорынды 13 саны берілсін; оның жеке цифрларын 8-битті кодтау кезінде ASCII кодтарында оның коды келесі түрде болады: 0011000100110011, яғни ұзындығы 16 бит; Сандарды көрсету тек берілгендерді (әріптерді немесе сандарды) жазу тәсілінен ғана емес, сол сияқты оларға қолданылатын амалдар жиынтығын да анықтауы керек. Жекелей алғанда, әріптер қандай-да бір тізбекке орналастырылады (немесе ол жерден алынып тасталынады), олардың өздерінің өзгеруінсіз; ал сандардға оларды өзгертетін амалдар қолданылады, мысалы, түбір табу немесе басқа санмен қосу. Сандарды компьютерде көрсетудің, бізге мектеп математикасынан белгілі формада көрсетілуінен екі маңызды айырмашылығы бар:
Біріншіден, сандар екілік санау жүйесінде жазылады (үйреншікті ондық жүйеден қарағанда);
Екіншіден, сандарды жазу мен өңдеу үшін саны шектеулі разрядтар қолданылады ( «компьютерлік емес» арифметикада мұндай шектеу жоқ).


Алгоритм және оның қасиеттері.
Алгоритмдік тіл табиғи тілде жазылған алгоритм сияқты өзіміз күнделікті қолданып жүрген тілге жуық, бірақ ол құрылымы нақтыланған, бірынғай және дәл жазылатын арнайы символдар мен ережелер жүйесінен тұрады . Оны құрылымдық алгоритм деп те атайды. Мұнда пайдалануға рұқсат етілген символдар тілдің алфавитін , алгоритмді жазу ережелері, онын синтаксисін құрайды.Үйренуге арналған алгоритмдік тілде алфавит шектелмеген. Ол үшін ұлттық әріптерді , сандарды программалау тілдерінде пайдаланатын арифметикалық операция таңбаларын,т\үрлі жақшаларды және т.б. символ-
дарды алуға болады.

*, /, -, ^, sgrt (x)-x-тің квадрат түбірі.


Abc(x)-x-тің абсолют шамасы: - меншіктеу.
Алгоритмдік тілдің алфавитінде мағынасы мен қолдану тәсіліне алдын- ала түніктеме беріліп қойылған қызметші деп аталатын символдар бар. Олардың астын сызып қояды, не қалың шрифтімен
жазады. Мысалы:
1.Алгоритм тақырыбы: алг, арг, нәт.
2.Басталуы мен аяқьалуы: басы, соңы.
3.Тармақталу командасы: -егер, -онда, -әйтпесе -бітті.
4.Таңдау командасы: таңдау, жағдай...жағдай-әйтпесе-бітті.
5.Қайталану командасы:
а) n рет циклі: nрет
б) «әзірше» циклі: цб, әзір, цс
в) «үшін» циклі: цб, үшін,-дан(ден,-тан,-тен), баста, дейін, келесі қадам, цс
6.Құрама шарттар: және, немесе, емес.
7. Функция н/е айнымалы: мән
8. Өту (шартсыз) өту n
9. Егерp өту n (шартты) p (команда) n (оператор)

Алгоритмнің басы қызметші сөзіне дейінгі алғашқы бөлігін алгоритм тақырыбы деп , басы және соңы қызметші сөздер аралығындағы бөлігін денесі деп атайды. Алгоритмдік тілде алгоритмді басқару құрылымдары деп аталатын негіздік 4 құрылым бар:


.1. Ілесу( тізбек)
2.Тармақталу( айрық)
3.Таңдау
4.Қайталану(цикл)
Алгоритм осы құрылымдарды пайдаланып құрылады. Алгоритмге енгізілетін түрлі командалардың әр сериясы бір блок деп қарастырып S1,S2,S3, арқылы белгілеп алады. Ілесу құрылымы ретімен орындалатын блоктар. Оның жеке түрінен құрылған алгоритмді сызықтық алгоритм деп атайды.
 S1  S2 
Соңғы үш басқару құрамдарынан ерекшеліктері олар түрлі шарттар енгізілген құрылымдардан тұрады. Шарт тексеру нәтижесін иә немесе жоқ мәндерінің бір ғана қабылдайтын логикалық өрнек не пікір.
(ақиқат және жалған )
Тармақталу командасы – шарттың сақталуына байланысты екі сериялы әрекеттердің бірін орын-
дауға берілетін нұсқау.Ол егер-ден басталып, бітті-мен аяқталады және оның толық , қысқа түзілістері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет