Алгоритмді орындаушы. Алгоритмді орындаушы – алгоритмнің сипаттамасын дұрыс интерпритациялайтын және ондағы қамтылған әрекеттер тізбегін орындауға бейімделген субъект немесе құрылғы.
Алгоритм арнайы орындаушыға арналып құрылу керек.
Орындаушы алгоритм командаларында көрсетілген әрекеттерді дұрыс орындалуы үшін командалар орындаушының білім деңгейіне сәйкес болуы керек.
Мысалы:
«Х санын квадратта» деген команданы бастауыш сынып оқушылары түсінбейді, ал соны «Х санын Х санына көбейт» деп айтсақ, онда бұл команданы олар орындай алады.
Жалпылық немесе ортақтық
Алгоритм құрғанда белгілі бір проблемаға ғана арналмай, осы тәріздес мәселелер шешімін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет.
Мысалы:
Мазмұны жағынан ұқсас есептердің барлығына ортақ бір формула қолдану.
Нәтижелілігі
Кез келген алгоритмнің нәтижесі болу керек.
Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта қорытынды нәтиже алуымыз керек.
Мысалы :
Сандарды қосу алгоритмі үшін бастапқы мәліметтерге қосылғыштар мәні жатады, ал нәтижесі қосынды болады.
Орындаушы жұмысын программалау
Программа – бұл алгоритм, орындаушы тілінде жазылған алгоритм.
Алгоритмдердің қасиеттері. Алгоритм сөзі ғылымға Орта Азияның көнетарихынан мәлім Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (783-850 ж. шамамен) деген әйгілі математиктің есімі мен еңбегіне байланысты
енген.Хорезмдік Мұхаммед Мұса ұлы өзінің «Үнді хисабы туралы кітап» деген еңбегінде кез келген N санды, бұл күнде үнді-араб цифрлары деп атап жүрген 0,1,2,...,9 түріндегі, онбелгілемер арқылы өрнектеп жазу ережесін баяндайды. Сонымен қатар, ол осылайша
жазылған сандарға қолданылатын амалдарды орындау ережелеріне тоқталады. Европа елдері XII-XIII ғасырларда Мұхаммед әл-Хорезмидің аталмыш кітабы арқылы онымен алғаш танысады. Мұхаммед кітабындағы әрбір ереже «әл-Хорезми айтқан» (латынша: Dixit Algorizmi) деген кіріспе сөзден басталады. Кейін Европа халықтары тілінде бұл алгоритм немесе алгорифм болып қалыптасқан
Алгоритм ұғымының біріңғай «ақиқатты» анықтамасы жоқ.
Алгоритмнің анықтамалары:Алгоритм – берілген есепті шешу бағытында орындаушыға
(адамға, ЭЕМ – ң процессоры сияқты автоматқа) шектеулі уақытта біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті түрде әрі дәл сипаталған нұсқаулар реті.
«Алгоритм – бес маңызды: шектілік, анықтылық, енгізу, шығару, тиімділік белгілері бар,нақтылы есептер жиынын шығаруүшін амалдар тізбегін анықтайтын, шектелген ережелер жиыны».
«Алгоритм» — ол қатаң белгілі ережелермен орындалатын, қандай даболса да қадамдар санынан кейін көрінеу қойылған есептің шешілуіне әкелетін әрбір есептеу жүйесі. (А.Колмогоров)
Адам мен компьютер арасындағы тіл қатысу, хабар алысу әрекеттері тек алгоритм арқылы ғана іске асырылады. Сондықтан, есептеуді меңгергісі келген адам, алдымен, алгоритм сөзі мен сол ұғымның мән, мағынасын терең білуі қажет.
Алгоритмнің командасы – бір ғана әрекет жасауға арналған бұйрық.Алгоритмді орындаушы - ол, айқындалған әрекеттер жиынын орындауды білетін адам немесе автомат немесе робот.Орындаушының командалар жүйесі (ОКЖ) – орындаушының
атқара алатын барлық командалар жиынтығы.Әр алгоритм орындаушының командаларжүйесініңмүмкіндіктерін ескере құрылуы керек.Алгоритмнің формалды орындалуы – деп, орындаушы есептің мағнасын білмесе де, дайын алгоритмнің командаларын
бұлжытпай бірінен кейін бірін орындап, сол есептің нәтижесін шығару.
Алгоритмнің қасиеттеріАнықтылығы – алгоритмнің нұсқаулары және олардың орындалу реті бір мағыналық, бір мәндік түсінік беруге тиіс. Орындалу үрдісінде алгоритм еркіндікке жол бермеуі керек.Жаппайлығы (бірдейлігі) – типі берілген қандай да бір есептер тобын шешуге қолдану мүмкіндігі қарастырылған және берілген аралықта бастапқы деректердің мәндері өзгергенде алгоритмнің дұрыс жұмыс жасауы.Нәтижелілігі (шектілігі)– саны шектеулі реттелген нұсқауларды орындап аяқтағанда тиянақты бір нәтижеге жеткізуге тиіс. Дискреттілігі – қарастырылып отырған ақпаратты өңдеу үрдісі ретімен жазылған тізбекті жеке-жеке қадамдарға бөлінуге тиіс. Әр қадам ол анық бірінен-бірі бөлек нұсқау (команда).Түсініктілігі – орындаушы (адам, ЭЕМ) нұсқаулар жүйесі арқылы жазылған алгоритмді түсініп, орындай алатындығы.