Алгоритмдерді жүргізу тәсілдері (ауызша, графикалық, программалық және т.б.) ЭЕМ–де ақпаратты өңдеу үрдісінде тек алгоритм құруды ғана емес, ақпараттың мазмұнын зерттеуден бастап, оның өңдеу қорытындысын тапқанға дейін өтетін барлық кезеңдерді барынша қадағалап, бір кезеңде қате кетсе, оны дұрыстап отыру керек. Бұл кезеңдер:
1. Есептің қойылымы, яғни есептің мазмұнын зерттеу: не берілген – бастапқы деректерді тізбелеу; не керек – нәтижелерді
тізбелеу.
2. Шығарылатын есептің математикалық моделін (үлгісін) құру. Әдетте математикалық модель – есепті жуықтап сипаттайтын, теңдеулер, формулалар, таңдау шарттары және шектеулер жиыны.
3. Математикалық моделі бойынша алгоритмді құру.
4. Құрылған алгоритмді қандай да бір программалау тілінде жазу.
5. Программаны өңдеу және тестілеу.
6. ЭЕМ-да есепті шығару және шыққан нәтижелерді талдау.Мысалы: Квадрат теңдеудің түбірлерін табу алгоритімін құру
керек.
Бірінші кезең: теңдеудің ax
+ bx + c = 0 формуласын жазамыз,
мүндағы a, b. с – алғашқы деректер теңдеудің коэффициенттері, кез
келген сандар және a 0. Нәтиже: теңдеудің түбірлерінің мәндері –x1 және x2 деп белгілейік.Екінші кезең: Квадрат теңдеулерді шешу алгоритмі барлық
жағдайды ескеруге тиіс. Дискриминантты есептеуден бастайық: D = b
2- 4ас. Енді квадрат теңдеудің түбірлерінің саны дискриминанттың таңбасына
байланысты болғандықтан екі жағдайды қарастыру қажет:
Егер D<0 болса, онда нақты түбірлері жоқ.Егер D 0 болса, онда екі нақты түбірлері болады, оларды есеп-теу формулалары:Бұл кезеңде, D=0 болған жағдайында түбірлері тең болатыны онша маңызды емес.
Үшінші кезең: ауызша есептеу алгоритімін құрайық:
1. Нақты a, b. с мәндерін енгізу;
2. D –дискриминанттың мәнін D = b
2 — 4ас формуласы бойынша есептеу;
3. Егер D<0 болса, онда онда түбірлері жоқ. Бітіру;
4. Егер D 0 болса, онда түбірлердің мәнін формулалар бойынша есептеу.
Төртінші кезең: Едәуір күрделі алдоритмдер үшін құрылған
программада қателер болуы мүмкін, сондықтан оны түзету қажетболады.
Бесінші кезең: программада болатын синтаксисті (мәтіндегі қателерді) және алгоритмдік қателерді іздеу үрдісін өңдеу,
орысша отладка) делінеді. Мәтіндегі қателер – ең тез түзетілетін қателер. Алгоритмдік қателерді табу қиындау. Әдетте программаны жөндеуге, алдын ала белгілі нәтижелеріүшін, енгізілетін деректердің (сынақтамалардың) сұрыпталған арнайымәндері қолданылады. Сынақтамалардың арқасында дұрыс нәтижелердің алынуы, программада қателердің жоқтығының басым дәлелі.
Алтыншы кезең: бұл жөнделген программа бойынша есептеу және алынған нәтижелерді талдау. Есепті шығарудың кез келген кезеңінде, алдыңғы кезеңдердің біреуіне қайтуғамәжбүр ететін қателер табылуы мүмкін. Ең қиыны есепті шығаруда бірінші
кезеңдерде жіберілген қателерді түзету.
0>0>