Атмосфера энергиясы. Осыдан 18 мың жыл бұрын, яғни соңғы мұзбасудың максимал кезінде, мұз қалқаны Еуропаның солтүстік бөлігін (солтүстік ендіктің 50-на дейін) толығымен құрсап жатқан.Ғалымдардың есебі бойынша Жер бетінде жаһандық орташа температура қазіргімен салыстырғанда 5-қа төмен болған. Ал, осыдан 5 млн жылдай бұрын температура қазіргіден 5 градусқа жоғары болған. Гренландия материктік мұздан таза болып орман мен жабылған, ал Артика алыбында әлі мұз болмаған.
XIX ғасырдың соңында Жер бетіндегі ауаның жаһандық температурасы 0,5-0,7 градусқа көтерілген. Жылынуға байланысты тау мұздықтары барлыұ жерде жоғары шегінген. Батыс Гренландиядағы Якопсхавн мұздығы 40 жыл ішінде (1880-1920 жылдар аралығында) 20 км-ге шегінген. Басқа мұздықтар осындай жағдайда болған. Солтүстік мұзды мұзды мұхиттағы, негізінен қазба мұздықтардан тұратын аралдардың кейбірі өздерінің пішінін өзгертсе, ал енді басқалары еруіне байланысты, Жер бетінен жойылып кеткен. Россияның Арктикалық секторында, 1924-1945 жылдар аралығында теңіз мұздарының аумағы жартылай (шамамен 1 млн км 2-ге) азайған. Осыған байланысты Архангельскіден немесе Мурманскіден Беринг бұғазына дейінгі аралықтағы солтүстік теңіз жолын жазбаша бір равигациялық маусымда кәдімгі кемелермен өтуге мүмкіндік туған, жолда кейде тіпті мұз да кездеспеген. Жылыуға байланысты өзендер мен көлдер ерте ашылып, кеш қататын болған.
XX ғасырдағы жылынудан құстар мен аңдардың таралуының құрлықтағы шекарасы солтүстікке қарай жылжыса, ал мұхитта- жылылықты ұнататын балықтар солтүстікке қарай тереңдеп баратын болған. Егер температура соңғы 10-15 жылдағыдай жылдамдықпен арта берсе онда ол XXI ғасырдың ортасына қарай 1,3 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Мұндай қарқынды жылыну климаттық белдемдерді айтарлық өзгертіп, Жер шарында көп жерде адамдардың тірішілік жағдайы ғүрт нашарлауы мүмкін деген болжам айтылады. Полюс аудандарында материктік мұздықтар еруі салдарынан мұхит деңгейі көтерілсе, адамдар мекендеген аудандардың су астында қалу қаупі туады.