«Инженерлік геоэкология» пәні бойынша



бет18/29
Дата02.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#98195
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
Лекция Геоэкология

Стратосферада (грекше «стратум»- қабат, төсеніш) 25 км биіктіктен бастап температура көтеріліп, стротосфераның жоғарғы шекарасында полюс 30 градусқа жетеді. Одан әрі биіктеген сайын температура минус 85 градус болса, ал термосферада- қайта артады.
Атмосфераның табиғи радиоактивтілігі. Жер маңындағы кеңістікте адамды күн радиациясының зиянды әсерінен қорғайтын радиациялық белдеу орналасқан. Ол Күннен бөлініп шығып, біздің планетаның магнитті өрісіне тұтылған протондар мен электрондардан тұрады.
Атмосфераның негізгі газдары- оттек, азот пен аргон. Олар Күннің қысқа толқынды (толқын ұзындығы микроннан аз) сәулесін, Жер бетінің және атмосфераның өзінің ұзын толқынды (толқын ұзындығы микроннан көп) сәулесін жұта қоймайды. Сәуленің бұл түрлерін атмосфера құрамындағы қоспалар жұтып алады. Су буы барлық дерлік ұзын толқынды сәулелерді жұтса, көмірқышқыл газы толқынның ұзындығы 15 микрон сәуленің энергиясын жұтады.
Күннің қысқа толқынды сәулесі өзінің энергиясын, оттектің молекуласын атомдарға ыдыратуға жұмсайды. Оттек атомдары жаңаша топтанып, молекуласы оттектің үш атомынан тұратын озон (грекше- хош иісті) газын жасайды. Атмосферадағы озонның негізгі массасы 20-25 км биіктіктегі атмосферада орналасады. Озон қабаты Жерді күн радиациясынан қорғайтын екінші табиғи қалқан. Ол Күннің 280-315 нанометр, немесе нм (грекше нанос- ергежейлі: 1нм=10 9м) толқын диапазонындағы зиянды ультракүлгін сәулесін толығымен дерлік жұтып қояды. Осының нәтижесінде орта және жоғарғы стротосфера қызады.
Күннің ультракүлгін сәулесі тірі организмдерге зиянды. Ол клетка ядросындағы генетикалық ақпарат тасушы көзі болатын ДНК қосындыларының химиялық өзгерісін туындатады. Теріге 320-275 нм ультракүлгін сәуле әсер еткенде оның бүлінуі жиілейді, яғни катарактаның қауіпті түрлері артады да иммуналық жүйе әлсірейді. Кейбір материалдар (мысалы, пластмасса мен резина) осындай сәуленің әсерінен жылдам тозады. Жер бетіне толқын ұзындығы 320-400 нм ультракүлгін сәулелер жетеді, олар біздің күнге күюімізді қамтамасыз етеді. Атмосфераның миллионнан біріндей ғана бөлігін құрайтын «озон қабатының» өзі-ақ Жердегі тірі организмдерді күннің ультракүлгін радияциясынан қорғайды.
Атмосфераның төменгі бөлігінде озонның жалпы мөлшерінің шамамен 10%-тейі ғана орналасқан. Озонның мөлшері артса ол тыныс жолдарына, көзге әсер етеді, өсімдіктердің өсуіне кедергі жасайды, сонымен қатар әртүрлі материалдарға (резина, мата, бояу және т.б.) да теріс ықпал жасайды.
Атмосферадағы табиғи радиоактивті қоспалар ғарыштық және жер текті болып келеді. Бұл, біріншіден, ауа атомдарының ғарыштық сәулемен өзара әсерлесуінен пайда юолатын ғарыштық изотоптар -22Na, 7Be, 32P, 14C, 3H және басқалар.Сонымен қатар ауадағы 137 Cs мөлшерінің Күн активтілігі мен тікелей байланысты екендігі де көрінеді. Екіншіден, жер қыртысынан бөлініп шығатын радиоактивті элементтер мен олар ыдырағанда бөлінетін өнімдер: 222 Rn, 210 Pb,210 Bi және басқалар. Радиоактивті изотоптардың көп бөлігі атмосферада аэрозоль бөлшектермен қосылып, салмақ күші ықпалы мен жерге отырады да, содан кейін жауынмен шайылады.
Соңғы кезде адамдардың өкпесіне кіретін радонның (Rn) ыдыраған өнімдерінің қауіпті екендігі анықталған, олар- электростатикалық заряды бар радиоактивтік бөлшектер. Радон жер қойнауынан бөлініп шығады. Оның табиғи көзі гранит те бола алады. Радонның өзі қауіпсіз инертті газ, ол ауадан 8 есе ауыр. Бірақ ол ауа ағындарымен 12 км биіктікке көтеріліп таралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет