Инклюзив жауаптары Инклюзивті білім беру пәніне жалпы сипаттама беріңіз


Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алудағы нәтижелерін қадағалау әдістеріне тоқталыңыз



бет23/38
Дата21.12.2023
өлшемі91,02 Kb.
#142151
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
32. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алудағы нәтижелерін қадағалау әдістеріне тоқталыңыз
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу нәтижелері арқылы дамуын анықтау және қадағалау түрлі арнайы әдістер мен тәсілдердің көмегімен, мамандардың ұсыныстарын ескеру мен қадағалау арқылы, балалар оқитын жалпыға білім беру мекемелерінің педагогтарының көмегімен іске асырылады.
Әңгімелесу – ерекше қажеттіліктері бар балалардың даму ерекшеліктері туралы мәліметті педагогқа ата-аналармен (педагогтармен) пікірлесу барысында алуға мүмкіндік беретін әдіс. Жиі ата-аналардың немесе педагогтардың өздері, педагогқа кеңес алу көмегіне жүгіну барысында, әңгімелесу инициативасын білдіреді.
Әңгімелесудің мақсаты – баланың дамуы жайлы, оны оқыту мен тәрбиелеу процесінде ата-аналар мен педагогтар кезігетін мәселелердің мінезін, деңгейін, себептерін талқылауда ой-пікірмен алмасу. Әңгімелесудің нәтижелері бойынша педагог баланы әрі қарай зерттеу жолдарын белгілейді.
Әңгімелесуді жүргізу барысында педагог келесі талаптарды ескеруі керек:
1) әңгімелесу ата-аналардың (педагогтардың) қызығушылығын оятып, арттыруы тиіс;
2) әңгімелесуді өткізу кеңістігі (орны) мен жүргізу уақытын белгілеп, ұйымдастыру керек;
3) әңгімелесудің нәтижелілігі ата-аналардың (педагогтардың) белсенділігіне тәуелді;
4) педагог ата-аналардың тәрбиелік әрекеттерін ашық сынамау керек;
5) әңгімелесуден күтілетін нәтижелердің жылдам орындалмайтыны /орындалатыны туралы айтылу керек;
6) әңгімелесуге ата-ананың екеуі де (мүмкін болғанда) қатысуы керек

33. Инклюзивтік білім берудің тарихи – философиялық аспектілеріне тоқталыңыз
Қоғамдық құбылыстардың аясындағы білім беру еңбір көп қырлы 
мәселелердің бірі болып табылады. Бұл саланың дамуын, келешегін зертеу инклюзивтік білім беру аясының туындау, қалыптасу және жетілуіне дайындықты қалыптастыру жолын ретроспективтік-тарихи талдаудың 
қажеттілігін білдіреді. Бір жағынан педагогиканың өткен тарихи кезеңдері туралы білімсіз мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеутарихын түсіну және түсіндіру мүмкін емес. Бір жағынан, білім беру жүйесін дамыту тарихы бойындағы жинақталған тәжірибені есепке ала отырып, білім беру жүйесінің даму келешегін негіздей отырып болжау қажет соған орай қоғамның заманауи талаптарына сәйкес бұл жүйені қайтадан құру жолын жасау қажет.
Білім беру жүйесі қоғамның мәдени нормасы мен бағдарының құндылығы 
бейнеленетін және жүзеге асырылатын ерекше түрі ретінде туындайтын және 
дамитын мемлекеттік институт болып табылады. Сондықтан білім беру 
жүйесінің әрбір кезеңі бүтіндей қоғам дамуының тарихи кезеңдеріне 
тәуелді болады.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды кез келген тарихи дәуірдегі қолдау 
тәсілдемесі, ең алдымен сол кездегі қоғамның бұл адамдарға деген көзқарасын бейнелейді. Бірнеше жүздеген жылдар бойы болып жатқан өзгерістер негізінен әлемнің көптеген елдері үшін ортақ құбылыс болып табылады. Шетелдік ғылыми жұмыстарды талдау Еуропа елдері мен АҚШ-тағы мүмкіндіктері шектеулі адамдарға деген қоғамның басым көзқарасын барынша ашық бейнелейтін кезеңдерді ерекшелеуге мүмкіндік береді.
Қоғамның мүмкіндіктері шектеулі балаларға деген қатынасы көптеген 
факторларға: елдің әлеуметтік-экономикалық құрылысына, осы балаларға 
қатысты мемлекеттің саясатына, білім беру саласындағы заңнамалардың 
мазмұнына, ғылымның жағдайына, сондайақ нақты қоғамның мәдени және діни ерекшеліктеріне тәуелді болады .Еуропа елдері мен АҚШ-тағы инклюзивтік білім берудің бар тұжырымдамаларын зерттеуді екі аспектіде жүргізген тиімді болады: философиялық және аналитикалық, себебі зерттеудің бұл түрі кез келген әлеуметтік саладағы қанадай да болмасын бір әлеуметтік құбылыстың қалыптасу тарихын есепке алып қана қоймайды, сонымен бірге осы құбылыстың ары қарайғы дамуы мен пайда болуын дайындайтын қоғамның философиялық түсінігінің жетілуін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет