Инклюзив жауаптары Инклюзивті білім беру пәніне жалпы сипаттама беріңіз


Инклюзивті білім беру принциптерін түсіндіріңіз



бет26/38
Дата21.12.2023
өлшемі91,02 Kb.
#142151
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Байланысты:
инклюзив жауаптары

39. Инклюзивті білім беру принциптерін түсіндіріңіз
“Инклюзив” сөзі латын тілінен аударғанда – «өзімді қосқанда», ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Инклюзивті білім беру –ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
– Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
– Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
– Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
– Барлық адам бір-біріне қажет.
– Барлық адамдар құрбы- құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. – Әрбір бала үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
– Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
40. Инклюзивті білім беруде мұғалімдер мен әртүрлі мамандардың қызметтік міндеттерін сипаттаңыз
Мовкебаева З.А. және Оралканова И.А. сынды қазақстандық авторлардың әділ жасаған ескертулері бойынша, мектепке дейінгі және мектептік оқыту тәжірибесіне белсенді түрде енгізіліп жатқан инклюзивті білім беру педагогикалық маршрутты ендіруде жаңа ережелерді талап етеді. Ол өз әрекетін тек дидактикалық тұрғыдан ғана емес, құндылықтық бағдарды өзгерту деңгейінде де қайта қарастыруды меңзейді. Инклюзивті білім берудің ең басты қағидасы даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың әр түрлі қажеттіліктеріне сай неғұрлым шектемейтін, көбірек ортаға қосатын білім беру орта жасалуы керек. Инклюзивті білім беруидеясын қолдап, оны жүзеге асыра отырып педагогтар инновациялық тәртіпте әрекет етеді. Авторлардың айтуынша, инклюзивті білім беру жағдайындағы жалпы білім беретін ұйымдарда педагог жұмысының басты міндеттерінің бірі даму мүмкіндігі шектеулі баланы және оның отбасын жалпы білім беру ортасына енгізуді реттейтін үдерісті сапалы түрде басқару болып табылады. Бұл бағыттағы алғашқы қадам білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын, ең алдымен, өзін өзгерістегі әлеуметтік жағдайға дайындау болуы керек. Педагогтар тыңдауға үйреніп, дәйекті, шыдамды болып, әр баланың оқу мәнеріне сыйластықпен қарау керек .Сонымен қатар, оларға қажет: − балалар әр түрлі оқитынын, әр түрлі қарқынмен білім алатынын мойындау және осы ерекшеліктерді ескере отырып сабақты жоспарлау; − әрекеттерді бекітілген оқу жоспарына емес, жағдайға байланысты жоспарлау; − барлық балалар мектепке келу үшін және оқу үдерісін тиімді ету үшін атааналармен өзара әрекеттесу; − сыныптағы барлық балалардың және жеке әрқайсысының сұраныстарын икемділікпен, шығармащылықпен орындау; − әр сыныпта оқушылардың белгілі бір бөлігінің оқуында қиындықтары болатындығын білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет