Инклюзив жауаптары Инклюзивті білім беру пәніне жалпы сипаттама беріңіз


Оқыту технологиясының ғылыми негіздерін талдаңыз



бет28/38
Дата21.12.2023
өлшемі91,02 Kb.
#142151
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
42. Оқыту технологиясының ғылыми негіздерін талдаңыз


43. Психикалық дамуы тежелген балаларды оқытуды ұйымдастыру жолдарына тоқталыңыз
Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшеліктері
«Психикалық дамудың тежелуі» (ПДТ) ұғымы орталық жүйке жүйесі аздап органикалық немесе функционалды бұзылған, сондай-ақ ұзақ уақыт депривацияға (қолайсыз әлеуметтік ортада) ұшыраған балаларға қатысты қолданылады. Бұған эмоционалды-ерік саласы жетілмеу және таным әрекетінің дамымауы тән болып табылады. ПДТ балаларда танымдық қызығушылығының жеткіліксіз көрінуі жадысының бұзылуы, есту және көру түйсігінің жетіспеушілігі, нашар қозғалуымен үйлеседі. Қол буындары қозғалуының кішкене дифференциалдануы жабыстыру, сурет салу, құрастыру, жазу әрекетінің нәтижесіне теріс ықпал етеді.
Танымдық белсенділігінің төмендеуі балаға қажетті мектептегі оқытудың алғашқы баспалдақтарында жасына сәйкес қоршаған орта, практикалық дағдылар туралы білім қорының шектеулілігін тудырады.
Сөздің өрескел жетілмеуі дыбыс шығарудың бұзылуын, сөздіктің жұтаңдығы және жіктелуінің жеткіліксіздігін, логикалық-грамматикалық құрылымын игерудің қиындықтарын тудыруы мүмкін. Көптеген балаларда фонетикалық-фонематикалық қабылдауының жеткіліксіздігі, есту, сөйлеу жадысының төмендеуі байқалады.
Психикалық дамуы тежелген балалар дамуындағы тежелудің көріну деңгейіне және себептерінің әртүрлілігіне байланысты біртекті топқа жатпайды. Т.А.Власов, М.С.Певзнер, К.С.Лебединский т.б. жүргізген клиникалық және психологиялық зерттеулер балалардың психикалық тежелуін төрт топқа бөлуге мүмкіндік берді: конституционалды, психогенді, соматогенді, церебралды-органикалық пайда болуы [7, 8].
Конституционалды психикалық дамуы тежелуінің пайда болуы психофизикалық инфантилизм немесе психикалық синдром түрінде көрінеді. Психофизикалық инфантилизм көбіне жеке және эмоционалды жетілмеуі түрінде сипатталады. Психофизикалы – организмнің бүтіндей дамуы және жетілуінің тежелуімен сипатталады. Балаларда төлқұжаттық жасынан психикалық дамуының неғұрлым артта қалуы байқалады. Бұл сақталған танымдық әрекеті жөніндегі эмоционалды-ерік саласында басымырақ көрінеді.
Эмоционалды-ерік саласының жетілмеуі оқуға деген уәждемесінің қалыптаспауына алып келеді. Ондай балалар мектептегі тәртіптің жаңа талаптарын қабылдамайды. Сабаққа қоңыраудан кейін кешігіп келеді, сабақ барысында тұрады, сынып ішінде рұқсатсыз жүреді, қатты сөйлейді. Психикалық дамуында соматогенді кідірісі бар оқушылардың аталған ерекшеліктері оларды оқытуда айтарлықтай тосқауыл болып табылады. Ауыруы бойынша жиі сабақтан қалатын балаларды шаршағыштығының артуына байланысты оқу процесінен босату, оларды үлгермейтін оқушылар қатарына қосуға әкеледі. Тегі самотогенді психикалық дамуы тежелген балалар аяушылық педагогикалық тәртіптегі жүйелі, емдік-педагогикалық көмекке, мөлшерленген оқу жүктемесіне, шаршағыштықтың алдын алуға, педагогтың көмегін ұйымдастыратын оқу материалының өтілу қарқынын төмендетуге мұқтаж болады. Дамуды болжау самотикалық аурудың ауырлығына, күн тәртібіне, отбасындағы эмоциялық жайлылыққа, бала денсаулығын сақтау туралы ата-аналардың қамқорлығына байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет