Баланың даму кезеңдері (wikidkk.icu)
Балалардың дамуының негізгі көрсеткіштері:
◊ дене салмағы;
◊ бойы/ұзындығы;
◊ бас шеңбері;
◊ психомоторлық дамуы.
Баланың дамуын бағалау үшін мыналар секілді бірнеше дағдылар түрін бөліп көрсетуге болады:
◊ қозғалтқыш (немесе моторика) – кесені ұстап, оны қолына ала білуі, аузына апара алуы, орнына қоя білуі.
◊ әлеуметтік – тәрбиешімен жұмыс, тәрбиешінің көмегі мен мақтауын күту.
◊ Когнитивті – қай кесенің үлкен, қайсысы кішкентай екенін, бірінің ішіне бірі салынған қандай кеселерді баған етіп тұрғызуға болатынын сынақтан өткізіп және қателіктер арқылы үйрету, тапсырманы орындау оңайға түспейінше оны қайталата беру.
◊ Эмоционалдық – тапсырманы орындау үшін кеселерді бірінің ішіне бірін салмайынша ренжімей немесе ұрыспай түрлі жаңа әрекеттерді жасата беру; қамқор ересек адаммен өзінің жетістіктерін бөлісуі.
|
ПДТ барлық түрі бір-бірінен қүрылуынан және инфантилизмнің кұрылысы мен нейродинамикалык бұзылыстарымен сипатталады. ПДТ балалардың жалпы ерекшеліктері:
1. ПДТ балалары арнайы оқыту жағдайларын қажет етеді.
2. Қалыпты дамыған балаларға карағанда ПДТ балалардың жұмыс қабілетінің көлемі төмен.
3. Ауызша сөйлеуіндегі кемістіктер:
- ызың және ысқырық дыбыстардың бұзылуы;
- фонематикалық естудің және фонематикалық қабылдаудың жетіспеушілігі;
- анализаторлардың жұмысының жетіспеушілігі, кемшілігі.
- сөздік қорының шектелуі;
- байланыстыра-логикалық сөйлеудің бұзылуы.
4. Жазбаша сөйлеуінде ПДТ балалар ерекше кателер жібереді. Себептерін ескере топтарға белуге болады.
- Фонематикалық естудің жетіспеушілігі;
- Дыбысты талдауының дамымауы;
- Лексикалық-грамматикалық сөйлеудің толық дамымауы.
Зиятында ауытқуы бар балалар
Мүмкіндіктері шектеулі балалар қатарында жиі кездесетін ақыл-ойы кемтар балалар. Ақыл ойы кемтар балалардың ми қыртысының органикалық түрде зақымдалу салдарынан танымдык әрекеттегі ауытқулары бар.
Зиятында ауытқулықтары бар адамдар бойындағы кемістіктің ерекшелігі жоғаргы психикалық функцияның мінез бен іс-әрекетті бейнелеу және реттеудің бұзылуы. Бұл танымдық процестердің бұзылуында (сезу, қабылдау, есте сақтау, ойлау, елес, сөйлеу тілі, зейін), сезімдік - еріктік сфера, моторикасында және тұлгалық дамуындағы жетіспеушіліктер мен сипатталады.
Зият ауытқуларының себептері: тұқым қуалаушылық аурулар (микроцефалия, фенилкетонурия, т.б.), хромосомалық құрылымы және санындағы бұзылыстар (Даун синдромы, Кляйнфельтер, Шерешевский -Тернер синдромы ) т.б. Сонымен бірге ұрықтың жатыр ішіндегі даму кезінде әсер ететін әр түрлі патогендік факторлар тудырады.
|
|