Баланың жоғарғы психикалық функциясын дамыту үшін, келесі түрдегі жұмыстар жүргізілуі қажет. • Баланың қимыл-қозғалысын дамыту: қол бұлшық еттерін, қол саусағының моторикасын шынықтыру; резеңке допты қысу, ермексаз бен кыштан жапсырмалар жасау; түйіншектерді шешу; құмыраларды ашып-жабу, қатты қағазды нүктелер және пунктир сызығы арқылы тесу; контур және трафарет үстімен сызу; бояу; қию; қағазды бүктеу; саусақтармен жаттығулар; • Кеңістіктегі бағдарлануды дамыту: өзінде, айнадағы бейнесінде және суретте оң және сол жақты анықтау; балаға қатысты заттардың координаталарын анықтау; жазық қағаз бетінде бағыттану (сол жағында, оң жағында, үстінде, астында, ортасында); заттарды симметриялы бояу; таяқшалардан фигураларды, сызықтарды үлгі көмегімен және есінде сақтау арқылы құрау. • Есті жақсарту үшін келесідей ойындар пайдаланылады: өрнекті есте сақтауы бойынша салу; сөздерді және сандарды қайталау; алдын-ала есте сақтауды жаттықтыру; • Ойлаудың барлық түрін дамыту үшін сурет салу, жапсырмалар жасау, аппликациялар қолданылады.
2. Инклюзивті білім берудегі проблемаларды Генератор-критик әдісі арқылы талдаңыз Проблема түрі №1 Қазақстанда инклюзивті білім берудің даму қарқыны қандай?
Генератор
Критик
Балабақшадағы инклюзивті білім беру кабинетінің түзеу-дамыту жұмыстары үш түрлі ұйымдастырылу нысанында жүргізіледі
⦁ оқыту сапасын мониторингілеу мен бағалау іске асырылмайды, балалардың білімдері мен дағдыларын критериалды бағалау индикаторлары жоқ.
Елімізге мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің ұлттық бағдарламасы ойластырып жатыр
⦁ жалпы білім беретін ұйымдарда инклюзивті білім беру үшін кадрлар мен оқу-әдістемелік база жеткіліксіз.