15 1 Балабақшадағы сөйлеу тілі бұзылған балалардың логопедиялық құжаттарын кластер әдісі бойынша толтырыңыз КЛАСТЕР Сөйлеу тілінің әртүрлі бұзылыстары бар балаларды оқыту және тәрбиелеуде дифференциалды көзқарасты іске асыру үшін, мектепке дейінгі мекемелерде топтар құрылады: - жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар балаларға арналған (3-6 жас); - сөйлеу тілінің фонетика-фонематикасы жетілмеген балаларға арналған топтар (5-6 жас); - жеке дыбыстарды айту бұзылыстары бар балаларға арналған топтар (5-6 жас) - тұтықпасы бар балаларға арналған топтар (2-6 жас).
Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларды арнайы бөбекжай– балабақшаларына, балабақшаларға және жалпы білім беру балабақшаларының жеке топтарына іріктеу және топтарды топтастыру МППК отырысында төмендегідей қағидаларды ескере отырып жасалады: 1. Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларды басқа ақаулықтардан ажырату 2. Жас ерекшелігін ескеру қағидасы. 3. Сөйлеу тілі кемістігінің ауырлығына сай балаларды дифференциалды түрде оқыту қағидасы.
2. Мектеп жасына дейінгі білім беру мекемелерінде логопедиялық жұмыстарды жоспарлау бойынша сұрақтар құрастырыңыз Арнайы логопедиялық топтарды құру, ондағы жұмысты ұйымдастыру және жүргізу қандай кезеңнен тұрады?
тәрбиешілерге кеңестік-әдістемелік көмек көрсету; арнайы педагогика кафедрасымен өзара байланыс, көмек туралы келісім-шартқа сәйкес студенттермен оқу-әдістемелік жұмыс жүргізу.
Балабақшадағы жұмыстың логопедиялық бағытының даму болашағы сөйлеу тіл кемістігі бар баланы оқытып тәрбиелеп, дамытудың әдістемелерінің мазмұнын жетілдіруге бағдарлауға байланысты.