Байланысты: Инклюзивті білім беру (билеттерге жауаптар)
Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаттары мен міндеттері салыстырыңыз. Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуға құқықтарын жүзеге асырудың басты мақсаты ретінде оның дене және психологиялық ерекшеліктерін ескере отыра балалардың білім алуы үшін қажетті жағдайларды жасау қарастырылған.
Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаттары :
-барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру;
-мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына жағдай жасай отырып, олардың дамуына саналы әрекет ұсына отырып, қол ұшын созу;
-жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру арқылы әлеуметтік-педагогикалық кәсіби қызметін дамытып, дарытуға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту;
-балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру;
-арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.
Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі міндеттері:
-инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық- экономикалық негіздері мен тетіктерін жетілдіру;
-инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негіздерін жетілдіру (оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді бейімдеу және модификациялау, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесін ендіру);
-білім алушылар өздерін мектеп қоғамының белсенді мүшесі есебінде сезінетіндей, өзін-өзі жоғары бағалайтындай, оқуға ынтасы артатындай және әлеуметтенетіндей дербестендірілген түзету-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету, қолайлы білім беру ортасын жасау;
-«кедергісіз қолжетімді орта» құру және білім алушыларды компенсаторлық құралдарымен қамтамасыз ету;
-инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту;
-ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың техникалық және кәсіптік, жоғары білім деңгейлерінде білім алуын жалғастыруына және болашақта кәсіпті игеруіне жағдай туғызу;
-инклюзивті білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.