Пайдаланылған әдебиеттер
«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Астана, 2010 ж
А. А. Байтұрсынова «Арнайы педагогика: проблемалары мен даму болашағы» Алматы, 2008 ж
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы
Дефектологиялық сөздік .
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Инклюзивті білім беру
СӨЖ 11.
Тақырыбы: Білім беру бағытын педагогикалық жоспарлау әр оқушының жеке ілгерілеуіне қол жеткізу тәсілі ретінде – баяндама дайындау
6В017 - "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы
3 курс
309-топ
Орындаған: Дүйсен Динара
Алматы 2022
Қазіргі уақытта білімнің мазмұнын, жаңа технологияларын, нысандарын жəне түзету-дамыту əдістерін оңтайландыру жолдарын қарқынды іздестірулері болып жатыр. Қазіргі таңда, білім беру саласында жаңа технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың əр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мəселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мəселе- тұлғаны нəтижеге бағыттай түзете-дамыта оқытуда қажетті технологияны дұрыс таңдау.
Ерекше қажеттілігі бар оқушыларды үйден оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру – оқу материалдарын түрлендіре отырып (әртүрлі бағдарламалар көмегімен) оқушының назарын бір бағытқа шоғырландыруға, сабақтың түсіндірілуін жеңілдетіп, оқушының сабаққа деген белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ерекше қажеттілігі бар оқушылардың ішінде, әсіресе тірек-қимыл жүйесінің сырқаты бойынша үйден оқытылатын балалар үшін жаңа технологиялар көмегімен білім беру арқылы, білім беру ұйымындағы жүргізілетін білім беру жағдайына қолжетімділікті қамтамасыз етуге болады.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы – еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір ерекше қажеттілігі бар оқушының сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз болып табылады. Ерекше қажеттілігі бар бір оқушының болса да білім сапасының жоғарылауы, ұлтымыздың саналы келешегіне қазіргі уақыттан бастап жинақталынып жатқан үлкен қор деп түсінуіміз қажет.
Ерекше қажеттілігі бар балаларға жаңа технологиялар арқылы білім берудің оң нәтижелерімен қатар, оларға білім беру деңгейлерінің көптүрлілігі, әрбір оқушыға қабілетін ескеріп жасалынған сабақ жоспарларын жеке-жеке электронды білім беру форматына түрлендіру қажеттігі секілді қиындықтар (уақытқа байланысты) да кездеседі.
Ерекше қажеттілігі бар балалардың арнаулы білім беру ұйымдарында білім алу үдерісінде ақпараттық технологиялар кеңінен пайдаланылады. Үйден оқытылатын ерекше қажеттілігі бар оқушылармен қатар, арнаулы түзету мекемелерінде оқытылатын оқушылар да бар. Оларға арнаулы білім беру ұйымдарында, білім беру үрдісін жаңа технологиялармен жабдықталған тренажерлар арқылы жүргізу қалыптасқан. Мысалы: қалыпты сөйлеу қабілеті бұзылған оқушылар үшін, дыбысты қайталату арқылы оның қаншалықты дұрыс айтылғанын анықтайтын, арнайы дыбыс құрылғыларымен жабдықталған тренажерлер бар. Мұндай тренажерлар дербес компьютерге қосылады да, оқушылар қызығушылығын арттыратын ойын-жаттығулар ретінде жұмыс жасайды.
Ал, ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беру – тек компьютерлік техникамен және бағдарламалық жабдықпен қамтамасыз ету ғана емес, мектептегі мұғалім мен үйден оқытылатын оқушының арасындағы интерактивті (online режиміндегі бейнеконференция, интерактивті сабақ және т.б.) режимдегі тұрақты байланысты қалыптастыру, мұғалім мен оқушының сабақ өтуіне, қосымша сабақты кез-келген уақытта алуына жағдай жасау арқылы білім сапасына әсер ету болып табылады [2].
Жалпы алғанда, қашықтықтан оқыту технологиялары елімізде қазіргі кезде барынша дамып келе жатқан оқыту әдістерінің бірі десе де болады. Бұл технологияларды пайдалану кезінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, мұғалімдердің бір-бірімен тәжірибе алмасуы мүмкіндігін тудыруына жағдай жасалады және мұғалімдер мен оқушылар арасындағы географиялық кедергілер жойылады.
Дегенмен, компьютерлік технологиялар, білім беру процесінде мұғалімді толық алмастыра алмайтындығы ақиқат. Бірақ түрлі жағдайларда білім алуға деген қолжетімділігі шектеулі оқушылар үшін, компьютерлік технологиялар көмегімен (қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы) қосымша білім беру тиімділігі дәлелденуде.
Ерекше қажеттілігі бар балаларға мектептерде ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беру жүйесі келесі педагогикалық шарттар бойынша құрылуы қажет:
оқушылардың білімге деген қызығушылығын ІТ-технологиялар арқылы арттыру;
оқытудың барлық сатысында өз бетімен қосымша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру;
ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуы үшін қалыпты жағдайдағы дені сау балалармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;
қашықтықтан оқыту кезінде олардың білім деңгейінің даму траекториясын бақылау;
ерекше қажеттілігі бар оқушылардың білім алуына кедергісіз аймақтар қалыптастыру;
білім сапасының жоғарылауына әсер етіп, қоғамның белсенді мүшесі ретінде, қалыптасуына жағдай жасау [3, б.107].
Яғни ерекше қажеттілігі бар балаларды оқытудағы ақпараттық–коммуникациялық технологияларды қолдану: біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты - оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға тәрбиелеу.
Айықпас дертке шалдыққан балалардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенмен, олардың жан-дүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу – оларды қоршаған ортаның, қалың көпшіліктің басты міндеті - деп, өз мақаламды аяқтаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Инклюзивті білім берудің теориялық және тәжірибелік өзекті мәселелері»атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, БҚМУ РБО, 2016ж.
2. http://rep.ksu.kz/handle/data/144
3. Жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материлдары.- Алматы, 2008.- І том.
Достарыңызбен бөлісу: |