Оқушыларды оқу процесіне тартудың көптеген құралдары: математика сабағындағы ОӘД қолданған сынып мысалы. Математикалық амалдар бойынша мұғалімнің сабақтар топтамасын жоспарлауын елестетіп көріңіз. Мұғалім балаларды математиканың оларды қоршаған әлеммен байланысын көрсету арқылы қызықтырғысы келеді. Ол балалардың математиканың тұжырымдық аспектілерімен қатар практикалық қолданысын да түсінгенін қалайды. Ол оқуда қиындықтары бар кейбір оқушыларға математикалық амалдардың нақты көрсетілімдері қажет болатынын түсінеді. Бұл оқушылар математиканы түсіну үшін манипуляциялық объектілерді пайдалануы керек. Басқа оқушылар үшін мұғалім дерексіз көріністерді қолдануды кеңейткісі келеді. Оның сабақтарында сөздерді де, сандарды да қолданатын математикалық есептер болады. Кейбір оқушылар үшін математика – олардың сүйікті пәні. Бұл оқушылар математикалық есептерді шығара алатындарына сенімді. Олар өз білімдерін ықыласпен көрсетіп, сынып жұмысына қатысады.
Мұғалімнің математикалық ұғымдармен, сондай-ақ математикалық есептеулермен жұмыс істеуде қиналатын тағы бір топ оқушылары бар. Кейбір оқушылардың математикалық дағдылары сыныптастарынан әлдеқайда нашар және олар жұмысқа қатысқысы келмейді. Мұғалімге оқушыларды оқу процесіне ынталандыратын және қызықтыратын көптеген әдістер қажет болады, мысалы:
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру және күнделікті өмірде оқу мақсаттары мен математика арасындағы байланыстарды анықтай алуы үшін олар сандар кезедесетін барлық жерлерді жазып алады. Содан кейін олар шағын топтарда математиканың күнделікті өмірде қалай қолданылатыны туралы қабырға газеті үшін пост дайындайды.
Мұғалім оқушылардың жазбаларындағы ақпаратты олар шешетін мәтін есептер құру үшін пайдаланады. Ол оқушыларды математиканың маңыздылығының өзіндік негіздемесін жасауға ынталандыру үшін, олардың өмірлік тәжірибесін пайдаланады. Мұғалім оқушылардың өмірінен мысалдарды пайдалану олардың оқу процесіне қатысуын қамтамасыз етіп, сондай-ақ, математиканы түсінуін мәнді етеді деп үміттенеді.
Кейбір оқушылар өте ұяң болғандықтан сабаққа қатысқысы келмейді. Мұғалім бұл оқушыларды өзіне жұп таңдап, тақтада бірге жұмыс істеуге шақырады. Мұғалім бүкіл сыныпқа сұрақ қоймас бұрын, осы тақтада бірге жұмыс істеге шыққан оқушыларға сұрақтарды алдын ала береді,содан кейін барып, сұрақтар бүкіл сыныппен талқыланады. Бұл оқушыларға жауап беруге дайындалуға көбірек уақыт береді және өз бастамасымен сөйлеу барысында өзін сенімді және жайлы сезінуге мүмкіндік береді.
Мұғалім өзінің кейбір оқушыларының сыныптастарымен қарым-қатынас жасауды шынымен ұнататынын біледі, сондықтан ол математикалық есептерін шешу үшін оқушылар бірлесіп жұмыс істейтін шағын топтар құрады. Ал кейбір оқушылар өз бетінше, жеке жұмыс істеуді жөн көреді. Оқушылардың өздеріне қолайлы оқу жағдайын таңдап, топпен немесе өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндіктері болады.
Барлық оқушылардың оқу материалын және оқу форматтарын ұсыну нұсқаларын таңдау мүмкіндігі бар. Мысалы, сабақ барысында «математикалық орталықтар» құрылады және әр «орталықта» бірнеше іс-шаралар жоспарланады. Оқушылар орталықтардың барлығына қатыса отырып, орындалатын тапсырмаларды таңдайды. Оқушылар математика орталығында жұмыс істеп жатқанда, мұғалім шағын топтармен немесе жеке оқушылармен жұмыс жасап, оларға қосымша түсініктемелер немесе мысалдар бере алады. Ол басқа оқушылардың дағдыларын немесе білімдерін кеңейту арқылы жоғары деңгейде ойлануға мүмкіндік береді.
Мұғалім оқу нұсқаларын таңдауда оқушылардың қызығушылықтарын ескереді. Кейбір оқушылар күнделікті өмірде практикалық қолдану арқылы математикалық есептерді шешуге қызығушылық танытады. Ал кейбіреулері өздерінің болашақтағы жоспарларымен немесе кәсіби таңдауларымен байланысты математикалық есептерді ұнатады. Кейбір оқушылар күтпеген жерден таңдау жасауды ұнататындықтан «Тосын сый қоржынындағы» математикалық есептерді таңдайды. Сондай-ақ, оқушыны шамадан тыс жүктемеу үшін әртүрлі деңгейдегі математикалық есептерді ұсынылады.
Мұғалім мүмкіндігі шектеулі оқушының бір математикалық есептен келесі есепке өтуі қиын болады деп есептейді. Бұл оқушыға мұғалім, әрекеттің аяқталуын болжауға жеткілікті уақыт беру үшін, таймер береді.
Бұл мысалдар мұғалімнің оқушыларды сабақты жоспарлау процесіне тартудың бірнеше тәсілдерін қалай үйлестіре алатынын көрсетеді. Сабақты жоспарлау және материалды ұсыну кезінде мұғалім оқушылардың конструктивті өзара әрекеттесуін арттырудың бірнеше әдістерін біріктірсе, оқудағы кедергілерді айтарлықтай азайтатынын есте ұстауы керек.