Инклюзивті білім берудегі педагогикалық дизайн


Оқу стилі немесе оқудағы қиындықтар



бет4/9
Дата25.08.2022
өлшемі43,77 Kb.
#38257
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3.2-ресурс

Оқу стилі немесе оқудағы қиындықтар

Мұғалім қолданатын стратегиялар

Визуалдар (оның ішінде, есту қабілеті бұзылған оқушылар)

Заттар немесе сызбалар (фотосуреттер, нақты сызықтардың суреттері, абстрактілі көрнекіліктер); ақпаратты түстермен кодтау; визуалды органайзерлер.

Аудиалдар (оның ішінде көру қабілеті бұзылған оқушылар)

Дәріс немесе талқылау негізінде оқыту, сыныптастармен бірлескен іс-шаралар; аудиокітаптар, мәтінді дыбысқа айналдыруды бағдарламалық қамтамасыз ету.

Оқуда немесе зейінін шоғырландыруда қиындығы бар балалар

Ақпаратты шағын бөліктерге бөліп ұсыну, жиі қайталау, мәтіндік материалдың әр түрлі деңгейлері, бірнеше мысалдар, нақты оқу тәжірибесі.

Кинестетиктер немесе белсенді оқушылар

Практикалық оқыту, заттарды қолмен ұстату, тактильді графика, жиі қимыл-қозғалыс жасау, жобалық оқыту

Мәдениеті жағынан әртүрлі оқушылар

Мәдени ерекшелігіне сәйкес келетін материалдар мен әдістемелік тәсілдемелер

Тақырыптар бойынша әр түрлі білімдері бар балалар

Негізгі білімді алдын ала ұсыну немесе талдау қажет болуы мүмкін.

Көру қабілетінде бұзылыстары бар оқушыларға тактильді ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі керек болады.


Есту қабілетінде бұзылыстары бар оқушыға тек есту қабілетіне сүйенбейтін ақпарат қажет болады немесе оқушы оқу материалын қабылдау үшін дыбысты күшейту қажет болуы мүмкін.
Аутизм белгісі бар оқушыға күні бойы оқу әрекеттерін анық көрсететін графикалық сурет қажет болуы мүмкін.
Физикалық кемістігі бар оқушының қимыл-қозғалыс қабілеттерін қамтамасыз ету үшін оқу материалдарын бейімдеу қажет болуы мүмкін.
Оқушылардың белгілі бір пән бойынша негізгі білімдерінің академиялық деңгейі әр түрлі болуы мүмкін. Кейбір оқушыларда көру, есту немесе кинестетикалық құралдар арқылы оқуға қажеттіліктері болуы мүмкін. Кейбір оқушылардың тілдік ерекшеліктеріне сәйкес, олардың күшті және әлсіз жақтарын ескере отырып, қабылдауға жеңіл оқу материалын ұсынған жөн.
Мұғалім сабақ жоспарлаған кезде өз оқушыларының оқытудағы әртүрлі қажеттіліктерін белсенді әдістер арқылы қарастыруы керек. Мұғалімнің оқытудың бірнеше және икемді нұсқаларын таңдауы, сондай-ақ оқу материалын таңдауы сыныптағы барлық оқушылардың тиімді оқуына ықпал етуі керек. Барлық оқушылардың материалды икемді игеру мен оқытуға деген қажеттіліктерін ескеру оқудағы кедергілерді айтарлықтай азайтады және әрбір оқушының оқуға қол жеткізуіне және дағдылар мен білімді табысты меңгеруіне мүмкіндік береді.
Мұғалімге балалардың оқу стилі мен қажеттіліктерін түсіну ұсынылатын ақпараттың оқушылардың қабылдауына жеңіл болатындай етіп жоспарлауына мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет