Инклюзивті білім берудегі педагогикалық дизайн


Оқытудың әмбебап дизайны және барлық оқушылар үшін оқуға қолжетімділік



бет3/9
Дата25.08.2022
өлшемі43,77 Kb.
#38257
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3.2-ресурс

Оқытудың әмбебап дизайны және барлық оқушылар үшін оқуға қолжетімділік
Оқытудың әмбебап дизайны (ОӘД) – икемді оқу бағдарламалары арқылы барлық білім алушыларға инклюзивті ортада білім алуға тең мүмкіндік беру үшін қолданбалы арнайы технологиялар орталығы (ҚАТО) әзірлеген тәсіл.
ОӘД-ның негізгі мақсаты – жалпы сыныпта отырған барлық оқушыларға оқуды қол жетімділікті қамтамасыз ету. ОӘД оқушылар үшін қиындық деңгейін өзгертпестен оқыту мен оқудың икемді тәсілдеріне назар аударады.
Оқытудың әмбебап дизайны барлық балалардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін нақты тәсілдемені ұсынады.
ОӘД тұжырымдамасы үш негізгі тәсілдемені қарастырады:

  • Түрлі құралдарды ұсыну (ақпарат пен оқу мазмұнын түрлі жолмен ұсынылады).

  • Өз іс-әрекеті мен пікірін көрсетудің көптеген құралдарын ұсыну (оқушылардың өз білімін көрсетуін қамтамсыз ету үшін оқытуды саралайды).

  • Оқушыларды оқу процесіне тартудың көптеген жолдарын ұсыну (оқушының қызығушылығын оятады және ынталандырады).

Оқытудың әмбебеп дизайнын қолдану арқылы оқытуды жобалауды барлық жағдай үшін – ресурстары жеткілікті оқу ортасында да, ресурстары жеткіліксіз оқу ортасында да қолдануға болады.
Оқытудың әмбебап дизайны ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қарапайым сынып жағдайында оқуға тартуды көздейді. Бұған мұғалім сабақта ақпарат алудың түрлі тәсілдерін жоспарлау арқылы (оқу материалын ұсыну құралдары), оқушылардың алған білімді түрлі тәсілмен көрсету жолдарын жоспарлау арқылы (оқу әрекеті немесе алған білімдерін көрсету құралдары), оқушыларды оқу процесіне тартудың көптеген тәсілдерін жоспарлау (оқу процесіне тарту құралдары) арқылы қол жеткізуге болады.

Сабақ жоспарлауда мұғалімге көмек
ОҚУ МАТЕРИАЛЫН ҰСЫНУДЫҢ ТҮРЛІ ҚҰРАЛДАРЫ: ОҚУ МАЗМҰНЫН ЖӘНЕ НҰСҚАУЛАРДЫ ҰСЫНУДЫҢ ӘРТҮРЛІ ТӘСІЛДЕРІ.
Қолданбалы арнайы технологиялар Орталығы сипаттаған ОӘД негіздеріне сәйкес, барлық оқушыларға қолжетімді оқу жоспарын әзірлеу мен оқыту нұсқауларды, оқу бағдарламаларын әзірлеуді және жүзеге асыруды қамтитын ақпаратты әзірлеу мен ұсынуды қамтиды. Материалды ұсынудың барлық жағдайға арналған бір стилі көптеген оқушылар үшін оқуға кедергі жасайтындықтан, ОӘД мазмұнды ұсынудың бірнеше және икемді тәсілдерін қолдайды. Ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету – оқушылардың білім алуына қолдау көрсетудің алғашқы қадамы болып табылады.
3.1-кестеде ақпарат алу барысында туындайтын қиындықтарды еңсеруді көздейтін көптеген тәсілдер берілген. Төмендегі стратегиялардың әрқайсысы мұғалімдердің ақпаратты ұсыну жолдарын жақсартуға бағытталған.

3.1-кесте. Оқу стильдері мен мұғалім стратегиялары





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет