Инклюзивті білім берудегі педагогикалық дизайн


ОҚУ ӘРЕКЕТІ ЖӘНЕ ОҚУ МАТЕРИАЛЫН ҰСЫНУДЫҢ ТҮРЛІ ҚҰРАЛДАРЫ: ОҚУШЫЛАРҒА ӨЗ БІЛІМІН КӨРСЕТУДІҢ БІРНЕШЕ ТӘСІЛІН ҰСЫНУ



бет6/9
Дата25.08.2022
өлшемі43,77 Kb.
#38257
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ОҚУ ӘРЕКЕТІ ЖӘНЕ ОҚУ МАТЕРИАЛЫН ҰСЫНУДЫҢ ТҮРЛІ ҚҰРАЛДАРЫ: ОҚУШЫЛАРҒА ӨЗ БІЛІМІН КӨРСЕТУДІҢ БІРНЕШЕ ТӘСІЛІН ҰСЫНУ.
Мұғалімдерге оқушылардың өз білімін жеткізе білуі оқушылардың оқу мазмұнын қаншалықты түсінетінін, білік-дағдыларды қаншалықты меңгергенін бақылау үшін қажет. Кейбір оқушылар үшін мақсатты анықтауда, ілгерілеуді басқаруда және өмір бойы білім алудың стратегиялық дағдыларын дамытуға арналған оқытуда қолдау көрсету аса маңызды. Оқушы қарым-қатынасқа түсу үшін сөйлеу, жазу, суреттер, ым-ишара немесе заттарды қолдану сияқты құралдардың көмегімен көптеген іс-әрекет және оқу материалын ұсыну құралдарын қолднауға болады.
Оқушыларға білім алу және ақпаратты басқаруда модельдеу, нақты нұсқаулар жеке ыңғайлы құрылғылардың көмегімен, қолда бар ресурстарды немесе интернеттен алынған ресурстарды пайдалану арқылы қамтамасыз етуге болады.
Төмендегі кестеде өз білімін көрсетудің кейбір әдістеріне мысалдар берілген.

3.2 -кесте. Өз білімін көрсету әдістеріне мысал.



Оқу стилі немесе оқудағы қиындықтар

Мұғалім қолданатын стратегиялар

Өз ойын жазу арқылы білдіруге бейім оқушылар (оның ішінде, сөйлеу тілінде қиындығы бар оқушылар) .

Журнал жүргізу, бос орындарды толтыру тапсырмалары, эсселер, қысқа әңгімелер немесе өлең жазуға мүмкіндік беру.

Өз ойларын ауызша айтуға бейім оқушылар (оның ішінде жазуда қиындығы бар оқушылар).

Сыныпта талқылауларға қатысуға мүмкіндік беру немесе сұрақтар бойынша «есеп беру».

Сурет, мүсін немесе диаграмма көмегімен өз ойын жақсы көрсете алатын оқушылар (оның ішінде сөйлеу және жазуда қиындықтары бар оқушылар).

Көрнекі және көркем форматтарды пайдалану арқылы білімін көрсетуге мүмкіндік беру.

Кинестетиктер немесе белсенді балалар.

Модельдер құру, жобаларды аяқтау, білімдерін көрсету үшін театрланған қойылым, дене қимылдарын немесе музыканы пайдалануға мүмкіндік беру.

Сұраққа жауап беру алдында ойлануға уақытты қажет ететін оқушылар (оның ішінде мектептегі оқыту тілін енді үйреніп жүрген оқушылар) .

Оқушыларға, мұғаліммен және сыныптастарымен бөліспес бұрын, өз жауаптарын құрастыруға уақыт беру.

Кешенді физикалық бұзылыстары бар оқушылар.

Ақпаратты дұрыс қабылдау, жазу үшін көмекшіні пайдалану.

Оқу және оқу процесін ұйымдастыруда қиындығы бар оқушылар.

Органайзерлер, сыныптастардың қолдауы, сөйлемдердің басын жазу, тапсырмалар банкі, суреттер, тапсырмалар тізімдері, тапсырмаларды тексеру тізімдері.

Көптеген іс-әрекет және оқу материалын ұсыну құралдары оқу стилі мен қабілеті әртүрлі оқушыларға оқу мазмұнын түсінгендерін өздеріне мейілінше қолайлы етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Балалардың қандай жағдайларда өздерінің іс-әрекетін және оқу материалын меңгергенін көрсететінін бақылау арқылы мұғалімдер олардың оқу процесіне қатысуын барынша ынталандыратындай сабақтарды жоспарлай алады. Сыныптағы іс-әрекеттер графиканы қолдану арқылы ауызша және жазбаша түрде орындалуы мүмкін немесе басқа технологиялармен толықтырылуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет