Инклюзивті білім берудегі педагогикалық дизайн


оқушылар; 2) орта; 3) мазмұны; 4) процестер; 5) нәтижелер



бет2/9
Дата25.08.2022
өлшемі43,77 Kb.
#38257
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3.2-ресурс

оқушылар; 2) орта; 3) мазмұны; 4) процестер; 5) нәтижелер.

Оқытудың әмбебап дизайны ЮНИСЕФ-тің білім берудің барлық бес өлшеміне әсер етіп, оқу сапасын жақсартуға ықпал етуі мүмкін:
1. Оқушылар – ОӘД оқушылар білім алуы және үйренгендерін көрсетуге мүмкіндік беретін сыныпты құрайды; оларға мұның көптеген жолдарын ұсынады. ОӘД стратегияларын қолданатын мұғалімдер оқушылардан көбірек қатысуды, олардың қабілеттерін тереңірек түсінуді, демек, олардан үлкен табыс пен сенімділікті күтеді.
2. Оқу ортасы –ОӘД ынталандырылған сынып инклюзивті сипатта болады. Оқушылар оқу материалымен және мұғаліммен әр-түрлі сипатта/деңгейде жұмыс істейтіндіктен, мұғалімдер балалардын әр түрлі деңгейде қатысуын күтеді. Осындай әртүрлі оқу қабілетін ескеруге негізгелген өзара әрекеттесу сыныптағы қауіпсіз оқу ортасын қамтамасыз етеді.
3. Оқу мазмұны – ОӘД-да мазмұн тұрақты болады, ал оқушының материалды ұсынуы мен мазмұнды жүзеге асыруға қатысуы сыныпқа және оқушылардың оқу қажеттіліктеріне байланысты өзгереді. Осы мақсатта ынталандырушы ОӘД сабақтары бір уақытта жоғары деңгейлі оқу мазмұнын қамтамасыз ете алады (мысалы, мемлекеттік стандарттардан немесе оқу жоспарларынан) және оқушылардың оқу мазмұнын түсініп, меңгеруіне мүмкіндік берудің бірнеше жолын ұсынады.
4. Оқу процесі – сыныптағы оқу процесі ОӘД-ның негізгі элементі болып табылады. Барлық процесс оқу мазмұнын ұсыну тәсілін, білімді көрсету тәсілін, оқушылардың сабақтағы іс-әрекетіне қолжетімділікті ескере отырып жасалады. ОӘД процесі мұғалімдердің өз оқушыларының оқу қажеттіліктерін білуін, оқу мазмұнының барлық оқушылар үшін қолжетімді болуын көздейтінін және оқушылардың өзара әрекеттесуінің көптеген жолдарын шығармашылықпен жобалауды қамтиды.
5. Оқу нәтижесі – оқушылардың үлгерімін бағалауды да ОӘД философиясына жатқызуға болады. Нәтижелерді бағалау балаларға үйренген оқу мазмұны бойынша өз білімдерін көрсетудің бірнеше тәсілдерін ұсынудан басталады.
Бұл қол жетімді болуы үшін жасалған бейресми бағалау әдістері ресми бағалаумен үйлесе отырып мұғалімдерге ерекше қажеттіліктердің әсерін азайту арқылы өз оқушыларының үлгерімін дәл өлшеуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет