МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАБЫЛДАУ, ИНКЛЮЗИВТІ
СЫНЫПТАРДА КІШІ ТОПТАРҒА БӨЛІП ОҚЫТУҒА БАЙЛАНЫСТЫ, НӘТИЖЕЛІ
ҚАЛЫПТАСАДЫ. БАЛАЛАР КІШІ ТОПТАРДА ПЕДАГОГТЫҢ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАУ
БАРЫСЫНДА КЕЙБІРЕУЛЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ БАР ЕКЕНДІГІН ҰМЫТАДЫ.
БІРТІНДЕП, ҚАЛЫПТЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАЛАЛАР ӨЗДЕРІНІҢ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ
БАЛАЛАРМЕН ҰҚСАСТЫҚТАРЫ КӨП ЕКЕНДІГІН ТҮСІНЕДІ.
- ИНКЛЮЗИВТІ СЫНЫПТАРДА ҚАЛЫПТЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҰБАЛАЛАР МҮМКІНДІГІ
ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ДОС БОЛАДЫ.
- ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ДАМУЫНДА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ
БІЛІМДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТЕДІ.
- ИНКЛЮЗИВТІ СЫНЫПТА ОҚЫҒАН БАЛАЛАР ҮЛКЕЙГЕНДЕ ДЕ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
БАР АДАМДАРМЕН АРАЛАСАДЫ.
ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУДЫҢ ТАҒЫ БІР ЖАҒЫМДЫ ЖАҒЫ – СЫНЫППЕН ҚОСЫМША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
МАМАНДАРДЫҢ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУІ.
- ЖИІ ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУҒА, АРНАЙЫ ПЕДАГОГ (ДЕФЕКТОЛОГ), ЛОГОПЕД-МҰҒАЛІМДЕР, ПСИХОЛОГ
ЖӘНЕ БАСҚА ДА МАМАНДАРДЫҢ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУІНЕ БӨЛІНЕДІ.
- ҚАЛЫПТЫ ДЕҢГЕЙЛІ НЕМЕСЕ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНЕ ҚОСЫЛУЫНДА ӨЗІНДІК БАҒАЛАУЫ ЖОҒАРЫЛАП, АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ
МЕҢГЕРУ САПАСЫ АРТАДЫ.
- БҰЛ БАЛАЛАРДЫҢ «МЕН - КОНЦЕПЦИЯСЫ», ӨЗІНДІК ҰСТАНЫМДАРЫ, ӘЛЕУМЕТТІК БІЛІМДЕРІ МЕН
ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ АНЫҚ БОЛЫП ҚАЛЫПТАСАДЫ. МАҢЫЗДЫСЫ, ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ МҮМКІНДІГІ
ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ҚАЛЫПТЫ ДЕҢГЕЙЛІ БАЛАЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ
КӨРСЕТКІШТЕРІ, ОЛАРДЫҢ ИНКЛЮЗИВТІ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСПАЙТЫН ҚҰРДАСТАРЫМЕН
САЛЫТЫРҒАНДА, ӘЛДЕҚАЙДА ЖОҒАРЫ БОЛАДЫ.
- ИНКЛЮЗИВТІ СЫНЫПТА ОҚУ БАРЫСЫНДА ҚАЛЫПТЫ ДЕҢГЕЙЛІ НЕМЕСЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ
БРАЙЛЬ ТІЛІН НЕМЕСЕ ЫМ-ИШАРА ТІЛІН МЕҢГЕРУГЕ МҮМКІНДІКТЕРІ БАР.
|