Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата03.03.2017
өлшемі1,23 Mb.
#7302
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

3 Ұйымдастыру-әдістемелік тарау  
 
Психологиялық-педагогикалық қолдау және жеке тәсіл  
Қарастырылып  отырған  топ  оқушыларының  ерекше  білім  беруге 
қажеттілігінің  бірі  мұғалімдер  және  мамандар  командасымен  (психолог, 
логопед,  дефектолог,  әлеуметтік  педагог,  нұсқаушы,  ЛФК,  дәрігер  т.б.) 
арнайы  психологиялық-педагогикалық  қолдауын  қамтамасыз  ету  болып 
табылады. Мамандардың өзара әрекеттестігі  ерекше білім беруге  қажеттілігі 
бар  оқушыларды  оқыту  мен  дамыту  проблемаларын  еңсеруге  бірыңғай 
тәсілдерді  жүзеге  асыру  мен  жасау,  оның  отбасына  көмекті  ұйымдастыру, 
сонымен  қатар  күнделікті  сыныпта  балалармен  жұмыс  істейтін  педагогтарға 
бағытталуы керек. Команда мүшелерінің өзара әрекеттестігінің ережесі: 
-  өзара  сыйластық,  команданың  барлық  мүшелері  тарапынан  өзара 
көмекке дайындық; 
- нақты педагогикалық міндеттерді шешуде нақты қызметтерді бөлу; 
-  білім  беру  және  түзету  процесінде  команданың  барлық  мүшелері  тең 
құқылы қатысуы, өзінің және ортақ жұмыс нәтижесіне жауапты болу. 
Мамандар командасы әрекетінің мазмұны айтарлықтай әртүрлі: 
-  мектепке  келген  балалардың  қажеттілігі  мен  оқытуын  қолдауға 
дайындықтарын айқындау;  
-  мектепке  бейімделуі  мен  оқуда  қиыншылығы,  зейінді  және 
эмоционалды,  физикалық  дамуында  ауытқушылығы  бар  оқушыларды 
анықтау, егер қажет болған жағдайда ПМПК кеңесіне жіберу;  
-  оқуда  белгілі  бір  жетістікке  жетуін  қамтамасыз  ететін  ПМПК 
қорытындысы  бар  оқушылардың  танымдық  әрекетіндегі  ерекшеліктерді 
зерделеу,  психологиялық-педагогикалық,  түзету,  алдын  алуын  анықтау  іс-
шаралары үшін жеке және эмоционалды-ерікті дамуын зерделеу; 
-  мектепке  келген  балалардың  оқуға  дайындығы  мен  қажеттілігін 
қолдауды анықтау мақсатында кешенді зерделеу;  
-  мектепке  бейімделуі  мен  оқуда  қиыншылығы,  зейінді  және 
эмоционалды,  физикалық  дамуында  ауытқушылығы  бар  оқушыларды 
уақытылы анықтау, егер қажет болған жағдайда ПМПК кеңесіне жіберу;  
-  оқуда  белгілі  бір  жетістікке  жетуін  қамтамасыз  ететін  әлеуметтік, 
психологиялық-педагогикалық  түзету,  алдын  алуын  анықтау  іс-шаралары 
үшін  жеке  және  эмоционалды-ерікті  дамуын  зерделеу,  ПМПК  (сөйлеу,  есте 
сақтау, зейін, жұмысқа қабілеттігі және басқа да психикикалық функциялар) 
қорытындысы  бар  оқушылардың  танымдық  әрекетіндегі  ерекшеліктер  мен 
деңгейін анықтау; 
 - 
ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  білім  алушыларды 
психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  жеке  бағдарламаларын  әзірлеу 
және жүзеге асыру; 
- жеке, жұптық, топтық түзете-дамыту сабақтарын жүргізу; 
- психологиялық-педагогикалық мониторингті жүзеге асыру; 

53 
-  жалпы  және  арнайы  сынып  жағдайында  білім  алушыларға  саралап 
және  жеке  оқыту  тәсілдерін  қамтамасыз  ету  үшін  мұғалімдерге  ұсынымдар 
әзірлеу; 
- консултациялық және ағартушылық қызмет. 
Психолог  баланың  жақын  арадағы  даму  аймағын  және  өзекті  даму 
деңгейін  анықтайды,  құрбылары,  ата-аналары  және  басқа  да  ересектермен 
қарым-қатынас 
ерекшеліктерін, 
эмоционалды-еріктік 
саласының 
ерекшеліктерін  айқындайды.  Психолог  баланың  әлеуметтік  мәртебесін 
көтеруді  болжайтын,  әртүрлі  топтық  психотүзету  жұмыстарының 
технологияларын қолдана отырып, баланы құрбыларын ескеруге бағытталған 
жұмыс жасайды. Мұндай топтық жұмыс ерекше білім беруге қажеттілігі бар 
балалармен  бірге  оның  құрбылары  арасында  әлеуметтік  бейімделуі 
мәселелерін  шешуіне  көмектесу  керек.  Психолог  баланың  ырғағы,  жұмысқа 
қабілеттілігі,  нәтижелілігі,  белсенді  көңіл  бөлу  деңгейі  іс-әрекеті 
мінездемесін  бағалай  отырып,  педагогқа  баланың  жұмысқа  қабілетін  ескере 
отырып  оқу  жүктемесінің  мөлшері,  оқу  материалдарының  көлемі,  сабақты 
ұйымдастыру  процесінде  әртүрлі  іс-әрекет  түрлерін  алмастыру,  сыныптың 
жұмыс істеу барысында баланың іс-әрекетінің ырғағын ескеру қажеттілігі мен 
оқу  материалдарын  ұсыну  ырғағы  туралы  ұсынымдар  әзірлейді.  Оқушының 
психологиялық  іс-әрекетін  ұйымдастыру  ерекшеліктерін  бағалау  баланың 
оқуы  үшін  дәлме-дәл  ұйымдастыру  жағдайын  жасауға  мүмкіндік  береді: 
сынып  бөлмесінде  оңтайлы  жұмыс  орны,  сыртқы  тіректерін  ұйымдастыру, 
жеке  тәсілдемелерін  қолдану  арқылы оқу  материалдарын  бекіту  мен  арнайы 
әдістерді беруін таңдау. 
Арнайы  педагог  білім,  білік,  дағдыларын  меңгеру  және  оқу  қызметін 
іске  асыруда  белгілі  қиындықтар  тудыратын  қызметі  бұзылуының  салдарын 
еңсеру  болып  табылатын  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  оқушылармен 
түзету  жұмыстарын  жүргізеді.  Есту  қабілеті  бұзылған  оқушылармен  жұмыс 
барысында  арнайы  педагог  сондай-ақ  есту  арқылы  қабылдау,  сөйлесім 
әрекеті, коммуникациялық қызметін дамытуға бар күш жігерін салады. Көру 
қабілеті  бұзылған  оқушылар  көру  арқылы  қабылдауын  дамытуға,  кеңістікті 
тұспалдау,  әлеуметтік-тұрмыстық  тұспалдауға  мұқтаж.  Тірек-қозғалыс 
аппараты бұзылған балалармен жұмыс мазмұны коммуникативтік қызметінің 
қалыптасуы,  көру-моторлы  үйлестіру  және  моторика,  кеңістікті  тұспалдау, 
танымдық қызметін дамыту болады. 
Логопед-мұғалім  қызметінің  негізгі  міндеттері  оқылым  және  жазылым 
процесіне  қатысатын  коммуникациялық  дағдыларын  қалыптастыру,  жоғары 
психикалық  қызметін  дамыту,  оқушылардың  ауызша  және  жазбаша  сөйлеу 
тілінің кемістіктерін еңсеру болып табылады.  
Мамандар  командасының  толыққанды  жұмыс  істеуі  үшін  балалармен 
психологиялық-педагогикалық  қолдауды  қамтамасыз  ететін  дефектолог-
мұғалім,  педагог-психолог,  логопед-мұғалім,  т.б.  мамандардың  арнайы 
жабдықталған  кабинеті  қажет.  Кабинеттер  арнайы  оқу-әдістемелік  және 

54 
дидактикалық  әдебиеттермен,  оқыту  құралдары  (оның  ішінде  техникалық), 
түзету-дамыту жабдықтарымен жарақтандырылуы керек.  
Психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметі  мамандарының  өзара 
кәсіби  әрекеттестігінің  формасы  мектептің  психологиялық-педагогикалық 
консилиумы  болып  табылады.  Мектептің  психологиялық-педагогикалық 
консилиумы  мектеп  директорының  бұйрығымен  құрылады.  Оның  құрамына 
логопед, арнайы педагог, психолог, дәрігер, сынып мұғалімі, тәрбиеші кіреді.  
Консилиумдердің  отырыстары  жоспарлы  және  жоспардан  тыс  деп 
бөлінеді. Консилиумнің жоспарлы отырыстары жылына 3-5 рет өткізіледі.  
Жоспарлы консилиум қызметі келесідей бағытта жүзеге асады:  
- оқушылардың ерекше білім беруге қажетіліктерін талқылау;  
-  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  оқушыларға  психологиялық-
педагогикалық қолдау мазмұнын әзірлеу; 

қажет  болған  жағдайда  ертерек  болжанған  оқушыларды 
психологиялық-педагогикалық қолдау бағдарламаларын өзгерту және түзете-
дамыту міндеттерін жүзеге асыру табыстылығын динамикалық бағалау;  
-  оқушыларды  психологиялық-педагогикалық  қолдау  тиімділігін 
бағалау. 
Консилиумдардың  жоспардан  тыс  отырыстарын  білім  беру  процесін 
жүзеге  асырушылардың  бір  мүшесінің,  сонын  ішінде  білім  беру 
ұйымдарының әкімшілігі, ата-аналардың сұранысы бойыншаөткізіледі.  
Консилиумның  жоспардан  тыс  отырыстарын  өткізуге  баланың  оқуы 
мен  дамуына  кері  әсер  ететін  басқа  да  жағдайлардың  шығуы  себеп  болуы 
мүмкін. Ата-аналар мен мамандар сұранысының сипаттамасы әртүрлі болуы 
мүмкін, қалай болғанда да ол баланың немесе педагогтың, олардың баламен 
өзара әрекеттестік мәселелері (оқу мен дамуда) көрінуі тиіс.  
Консилиум  мүшелерінің  психологиялық  және  арнайы  педагогикалық 
зерделеуінің  деректері  негізінде  мамандардың  сабақ  барысында  және 
жұмыста  балалармен  жеке  тәсілдемелерін  жүзеге  асыру  бағыттарының 
ұсынымдамаларынан  тұратын  оқушыларды  психологиялық-педагогикалық 
қолдаудың жеке бағдарламасы жасалады. Бағдарламада пән мұғалімдері мен 
сынып жетекшілерін қоса алғанда әр маманның баламен жұмыс барысындағы 
қатыстылық  үлесі  белгіленеді.  Қолдаудың  жеке  бағдарламасына  бейімдей 
отырып,  оқу-тәрбие  процесінде  оқушыға  жеке  тәсілдемелерді  жүзеге 
асырады:  қол  жетімділігі  мен  көлеміне  қарай  оқу  тапсырмаларын  іріктейді; 
техникалықты қоса алғанда оқытудың қосымша құралдарын қолданады. 
Оқыту  процесін  дараландыру  әр  оқушының  нақты  оқу  нәтижесі 
негізінде 
және  танымдық  мүмкіндіктеріне 
қарай 
таңдалған  оқу 
бағдарламаларының сәйкестігі жиі бақылануы арқылы қол жеткізіледі.  
Білім  беру  салалары  бойынша  білім,  біліктіліктерін  меңгеру 
жетістіктерін  үздіксіз  зерделеу  мақсатында  мұғалімдерге  білім  беру 
мониторингісі жүзеге асырылады. Бұл білім беру мониторингісі мұғалімдерге 
балаларда  оқыту  процесінде  пайда  болған  білім  беру  олқылықтарын 
толықтыру, еңсеруге қажетті іс-шараларын ұйымдастыру,  қиындықтарға дер 

55 
кезінде  әрекет  етуге  мүмкіндік  береді.  Осылайша  оқушылардың  білім  алу 
сапасын жетілдіру үшін жағдай жасалады. Білім беру мониторингісі арқылы 
мұғалім  сыныптың  әр  оқушысының  білім  деңгейін  анықтайды,  сол  арқылы 
оқушының жеке білім алу маршрутын құрады. Оқушының білім жетістіктері 
әр  оқу  жылының  аяғында  арнайы  психологиялық-педагогикалық  карточкада 
көрсетіледі.  
Ерекше  білім  алуды  қажет  ететін  оқушылармен  толық  жұмысты 
қамтамасыз  ету  үшін  білім  беру  ұйымдарының  кітапханасы  арнайы  білім 
және  түзете-дамыту  бағдарламаларымен,  арнайы  оқу  және  әдістемелік 
әдебиеттермен, дидактикалық құралдармен жабдықталады.  
 
Қамқорлық сақтық-педагогикалық тәртібі 
Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  оқушыларға  қатысты  қамқорлық 
сақтық  педагогикалық  тәртіпті  ұйымдастыру  қажеттілігі  олардың  орталық 
жүйке  жүйесінің  жетілуі  мен  қызмет  етуінің  кемістігі,  сонымен  қоса 
соматикалық  әлсіздігімен  байланысты.  Соның  салдарынан  оқушылар  дене 
қызметі  мен  ойлау  жүйесіне  күш  түсуінен  тез  шаршап  әлсірейді.  Ал  ол 
балалардың  соматикалық  саулығы  мен  оқу  қәрекетінің  нәтижесіне  кері  әсер 
етеді.  Қамқорлық  сақтық-педагогикалық  тәртібіне  келесідей  факторлармен 
жетеді: 
- сыныптың аз толымдылығы; 

оқушының  барлық  мектеп  қауымдастығын  қабылдауының 
психологиялық жайлы ортасын қалыптастыру; 
-  оқушымен  жеке  және  топтық  оқу  іс-әрекетінде  жетістіктерін 
қамтамасыз ету;  
- эмоционалды олқылық, психофизикалық жүктеменің алдын алу; 
- психологпен арнайы релаксациалық, психотерапиялық сабақтар; 
-  әр  сабақ  барысында  (20-25  минутта)  емдеу-түзету  іс-шараларымен  5 
минуттық динамикалық үзілістер өткізу; ауысым арасында (әр сабақ арасында 
10 минуттан кем емес және үшінші сабақтан кейін 20 минуттық үзіліс); 
-оқушылардың  жұмысқа  қабілеті  мен  қабылдау  ерекшеліктерін  есепке 
ала отырып, сынып бөлмелерін ерекше безендіру. 
 
Ата-аналарды білім беру процесіне кірістіру 
Жалпы  білім  беретін  мектептердің  педагогтары  ерекше  білім  беруге 
қажеттілігі  бар  балалардың  ата-аналары  өз  балаларының  нашар  білім  алу 
мүмкіндіктеріне байланысты белгілі бір қобалжулар болатынын есепке алуы 
керек.  Ол  мұғаліммен,  тіпті  дені  сау  оқушылардың  ата-аналарымен  қарым-
қатынасқа  түсуден  қашатынынан  көрініс  табады.  Осы  орайда  ерекше 
қажеттілігі  бар  балалардың  отбасы  мүшелері  оның  ерекшеліктері  туралы 
басқалардан  қарағанда  жақсы  біледі  және  олар  мұғалімге  өте  жақсы  кеңес 
бере  алады.  Көптеген  ата-аналар  баласының  дамуында  өздері  қатысқысы 
келеді,  және  бұл  ұмтылыс  мектеп  әкімшілігі  мен  мұғалімдер  тарапынан 
қолдау табу керек. Мектеп пен отбасы әрекеттестігін жетілдіру серіктестіктің 

56 
жаңа  ұстанымдары  қағидасына  негізделуі  керек.  Ерекше  білім  беруге 
қажеттілігі  бар  балаларды  дамытуда  әр  тарап  өзіне  белгілі  бір  деңгейдегі 
жауапкершілікті  алуы  керек.  Ата-аналар  мен  педагогтар  әріптестігі  келесі 
қағидаларға негізделуі керек:  
- серіктестерді мойындау және құрметтеу; 
- ақпараттармен және іскерліктерімен бөлісу; 
- шешімдерді қабылдауға қатысу; 
- баланың даралығын мойындау.  
Ата-аналар  мен  отбасы  мүшелерін  балаларына  педагогтармен, 
құрбыларымен  байланыс  орнатуда  көмек  беру  мақсатында  сыныптың 
қоғамдық өміріне жұмылдыру маңызды. Ол үшін: 
-  баласының  даму  барысы  мен  оқу  жағдайын  білуі  үшін  ата-аналар 
мұғалімдермен жиі кездесуі керек; 
- жеке психологиялық-педагогикалық қолдау бағдарламаларын жасауға 
ата-аналар қатысуы керек; 
-  мұғалімдер  оқушының  оқу  мен  тәрбиедегі  жетістіктерін  белгілеп 
отыратын  Жеке  даму  картасын  жүргізуі  және  картаның  мазмұнымен  ата-
аналарын таныстырып отыру керек; 
-оқу  мен  тәрбиенің  жеке  бағдарламасын  жүзеге  асыру  міндеттері  мен 
жауапкершіліктерінің белгілі бөлігін ата-аналар өз мойындарына алуы керек; 
-әр  тоқсан  аяғында  ата-аналар  өз  балаларының  оқудағы  жетістіктері 
туралы есеп алуы керек; 
-  ата-аналардың  баласын  оқыту  әдіс-тәсілдерімен  танысу  мақсатында 
мектептегі балаларына келіп, сабағына қатысуға құқықтары бар. 
-  ата-аналар  мектеп  іс-шараларына  шақырылып,  мүмкіндігінше 
мектептің шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатыстырылуы керек; 
- ата-аналар баласының үй тапсырмаларын орындауға көмектесуі керек; 
-  мұғалімдер  мен  ата-аналар  оқушының  мектептегі  әрекеті  және  оның 
үйде оқуы туралы ақпаратпен алмасуы қажет; 
-  ата-аналар  өз  баласының  мектептен  тыс  әрекетін,  спортпен 
шұғылдануын, үйірмелерге қатысуын ұйымдастыруы керек;  
-  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балалардың  ата-аналарын 
мектептік ата-аналар комитетінің жұмысына қатыстыру керек; 
-  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балалармен  жұмыс  істейтін 
мұғалімдер немесе психологтар, арнайы педагог-координаторлар ата-аналарға 
өз  балаларына  білім  беруде  көмек  көрсету  бойынша  оқыту  семинарларын, 
тәжірибелік тренингтер өткізу керек;  
-  ата-аналар  мұғалімдерге  арналып  ұйымдастырылған  семинарлар  мен 
тренингтерге қатыса алады; 
-  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балалардың  ата-аналары  бір-
бірінен  үйренетін,  жалпы  білім  беретін  мектепте  олардың  балаларын  оқыту 
мен енгізу тәжірибелерімен алмасуға болатын жергілікті ассоциацияны құра 
алады; 

57 
-  мұғалімдер  баланың  туыстар  ортасында  қалай  өзін  өзі  ұстайтынын 
білу үшін үйіне барып көру отбасын керек; 
-  екі  тараптың  (мұғалім  мен  ата-ана)  өзіне  алған  нақты  міндеттері  екі 
тарапты  да  тәртіптейтін  жазбаша  келісім-шартта  тіркеліп,  қол  қойылып 
бекітілуі мүмкін.  
 
Педагогтердің құзыреттілігіне қойылатын талаптар  
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар сапалы білім алуға құқығы 
бар.  «Егер  баланың  әлеуетті  даму  аймағына  бағдарланған  операционалды 
қойылған  мақсаттар  оқушы  алған  білім  нәтижелеріне  сәйкес  келсе,  онда  ол 
сапалы  болып  танылады»  [12].  Яғни,  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар 
оқушылармен күнделікті жұмыс істейтін мұғалім тек педагогика мен әдістеме 
саласында ғана емес, жас ерекшелігі мен педагогикалық психология туралы, 
оқушы  әрекетін  бақылай  алу,  оның  жақын  арадағы  даму  аймағын  анықтау 
біліміне  ие  болуы  керек.  Осы  орайда,  педагогқа  оқушылармен  кері 
байланысты  орнатуға  мүмкіндік  беретін  интербелсенді  оқыту  әдістері 
көмектеседі.  
Инклюзивті, яғни шеттемейтін білім беру идеяларын жүзеге асыру үшін 
педагог  арнайы  кәсіби  құзыреттіліктерге  ие  болуы/меңгеруі  тиіс.  Ямбург 
Е.А., Забрамная С.Д. келесілерді жатқызады: 
1.  Әр  түрлі  балаларды,  олардың  шынайы  оқу  мүмкіндіктеріне,  тәртіп 
ерекшеліктеріне,  психикалық  және  денсаулығының  жағдайына  тәуелсіз 
қабылдауға дайын болу.  
2.  Дарынды,  қалыпты,  дамуында  ерекшеліктері  бар  кез  келген  балаға 
көмек көрсету кәсіби ұстанымы... 
3. Педагогикалық бақылау жүргізу іскерлігі... 
4. Бақылау барысында балалардың даму ерекшеліктерімен байланысты 
әр түрлі қиындықтарды анықтау қабілеті... 
5. Педагогикалық тәсілдермен балаға атаулы көмек көрсету қабілеті... 
6.  Психологиялық-педагогикалық  консилиум  жұмысы  аясында  басқа 
мамандармен өзара әрекеттесуге дайын болу... 
7. Мамандардың құжаттарын түсіне білу... 
8.  Басқа  мамандармен  баланы  дамытудың  жеке  бағдарламасын  жасай 
алу іскерлігі... 
9. Түзете-дамыту жұмысының арнайы әдістерін меңгеру... 
10. Баланың даму динамикасын қадағалау іскерлігі... 
11. Балалар ұжымында қабылданбай жүргендерді қорғай алу біліктілігі. 
12. Ұжымда балалар арасындағы қарым-қатынасты реттеу қабілеті. 
13. Бала дамуы мен оны оқыту процесінде туындайтын қиындықтарды 
шешуде ата-анамен өзара әрекеттесе алу іскерлігі.» [13] 
Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  оқушыларды  психологиялық-
педагогтік қолдауды арнайы жоғары білімі бар мамандар (психолог, логопед, 
мұғалім-дефектолог)  жүзеге  асыру  керек.  Есту  қабілеті  бұзылған 
оқушылармен  арнайы  түзету  сабақтарын  сурдопедагог,  көру  қабілеті 

58 
бұзылған оқушылармен – тифлопедагог, сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары 
бар  оқушылармен  –  логопед,  психикалық  дамуы  тежелген  және  ақыл-ой 
кемістігі  бар  оқушылармен  –  олигофренопедагог,  тірек-қозғалыс  аппараты 
бұзылған  оқушылармен  ЕДШ  нұсқаушысы  жүргізуі  тиіс.  Барлық  санаттағы 
оқушылар логопед пен арнайы психологтың көмегін қажет етеді. 
Жалпы  білім  беретін  мектептегі  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар 
балаларға  арналған  арнайы  сыныптарда  сол  сыныптың  бағыты  бойынша 
жоғары дефектологиялық білімі бар педагогтар және де курстық даярлықтан 
өткен  тәжірибелі  мұғалімдер  жұмыс  істеуі  керек.  Білім  беру  ұйымдарының 
басшылары  мен  педагогикалық  қызметкерлерін  аттестаттауды  жүргізуде 
педагогтардың арнайы білімі ерекше есепке алынуы қажет. Арнайы сыныптар 
мен ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар қосылған жалпы сыныптың 
педагогтары өздерінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіруге міндетті.  
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мұғалімнен өзінің 
кәсіби  біліктілігі  мен  шеберлігін  арттыра  отырып,  бір-бірімен  байланысты 
салалардың  білімін  тез  меңгеруді  талап  етеді.  Себебі,  ерекше  білім  беруге 
қажеттіліктерді қанағаттандыру мамандардың пәнаралық өзара әрекеттестігін 
қарастырады.  Педагогикалық  міндеттерді  айқын  түсіну  мұғалімге 
балалардағы  қиындықтарды  ғана  емес,  сондай-ақ  өзінің  кәсіби  ісіндегі 
қиындықтарды нақты анықтауға мүмкіндік береді.  
Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларды  оқытатын  педагог 
бастамашыл,  қайратты,  ізгі  ниетті  және  әдепті  болуы  керек.  Оған  қазіргі 
замандағы  адамның,  оның  ішінде  өмірлік  әрекеті  шектелген  адамның  рөлін 
гуманистік бағалау тән.  
Педагогтің практикалық әрекеті денсаулық жағдайына кері әсер ететін 
кәсіби зияндылығы бар мамандықтар қатарына жатады. Осыған байланысты, 
денсаулығында  ауытқуы  бар  адамдар  үшін  берілген  еңбек  түрінің  кері 
көрсеткіштері  бар.  Арнайы  педагогтың  еңбегі  көру,  есту,  жүйке,  жүрек-қан 
тамыр  және  иммундық  жүйелердің  денсаулық  жағдайына  жоғары  талаптар 
қояды.  
 

59 
4 Болжамды қорытындылар
 
 
Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларды  оқытуды  жалпы  білім 
беру  жүйесінде  ұйымдастырудың  соңғы  мақсаты  жоғары  сапалы  білім  және 
барлығын оқытуға ыңғайлы жағдайлар болуы тиіс.  
Күтілетін нәтижелерге жету инклюзивті білім берудің үш тең дәрежелі 
құраушысын:  білім  беруді  ары  қарай  дамытуға  қажетті  ойлау  векторларын 
көрсететін  инклюзивті  мәдениет,  инклюзивті  тәжірибе,  инклюзивті  саясатты 
дамытумен  қамтамасыз  етіледі  [14].  «Инклюзивті  мәдениет»  құраушысы 
мектептегі  өзгерістердің  негізі  болып  саналады.  Ол  мектеп  қауымдастығын 
құруды  және  инклюзивті  құндылықтарды  қабылдауды  қарастырады. 
Инклюзивті білім беру сүйенетін құндылықтар қатарына жатады: 
- әрбір бала – тұлға; 
- барлығы оқи алады – оқытылмайтын бала жоқ; 
- әрбір баланың өзіне тән ерекшеліктері, қызығушылықтары, қабілеттері 
мен оқудағы қажеттіліктері бар; 
- кез келген түрдегі шеттетуге тыйым салу; 
- қоғам өміріне қатысу әр адамның құқығы; 
- бір біріне төзімділік: бірге, бір әлемде бір бірімен тұруға дайын болу; 
адамдарды барлық кемістіктерімен қабылдау;  
-  «алуан  түрлілік  үндестігі»  ретінде  түсінілетін  толеранттылық 
бағытында тәрбиелеу» [15]. 
Мектепте  инклюзивті  мәдениетті  дамыту  әрекеттестік  идеясын 
қолдайтын,  білім  беру  процесінің  барлық  қатысушыларының  дамуын 
ынталандыратын  қауіпсіз,  төзімді  қаумдастықты;  әрбіреудің  құндылығы 
ортақ жетістіктің негізі болып табылатын қауымдастықты құруға ықпал етеді. 
Бұл  кезде  мектепті  дамыту  тұрақты  және  үздіксіз  процесс  болады. 
Инклюзивті  мәдениетті  дамытуға  мұқият  ойластырылған  төменгі  және 
жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін сабақтар жүйесі, жалпы мектептік 
іс-шаралар,  мерекелер,  спорттық  жарыстар,  әлеуметтік  серіктестердің 
(арнайы  мектеп  педагогтары  мен  оқушылары)  белсенді  қатысуымен 
концерттер ықпал етеді. Жүргізілетін барлық сабақтар мен іс-шаралар ерекше 
білім  беруге  қажеттілігі  және  мүгедектігі  бар  оқушыларға  деген  толерантты 
қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталу керек.  
Инклюзивті  саясатты  дамыту  барлығына  арналған  мектепті 
дамытуды,  оқушылар  мүмкіндіктерінің  әр  түрлілігін  қолдауды  қарастырады. 
Оқушылардың  білім  берудегі  алуан  түрлі  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға, 
оқытудағы  барынша  мүмкін  нәтижелерге  жетуге  бағытталған  кез  келген 
әрекеттер  қолдау  болып  саналады.  Қолдаудың  барлық  түрлері  ортақ  жүйеге 
біріктіріледі.  Қолдау  жүйесін  тұрақты  дамыту  үшін  инклюзивтілік 
қағидаларының  тұрғысынан  мектепті  дамыту  концепциясын  жасап, 
пәнаралық  мамандар  командасының  әрекетін  анықтайтын  локальді 
нормативті  актілерді  қабылдау,  сондай-ақ  мектептің  ұйымдастыру 
құжаттарына өзгерістер енгізу қажет.  

60 
Инклюзивті  саясаттың  маңызды  құраушысы  білім  беруде  инклюзивті 
тәсілдемені  қолдау  бойынша  ақпараттық  шараны  жүргізу  болып  табылады. 
Ол: 
- барлық оқушылар мен педагогтардың тең құдылығын мойындау; 
-  мектеп  өмірінің  барлық  аспектілеріне  бүкіл  оқушылардың  қатысу 
деңгейін арттыру; 
- оқушылардың әр түрлі қажеттіліктеріне сәйкес келетін оқыту әдістерін 
қолдану; 
- мектеп өміріне барлық оқушылардың толыққанды қатысу жолындағы 
сараптау және еңсеру; 
-  тек  бір  топтың  ғана  емес,  мектептің  барлық  оқушылардың  жағдайын 
жақсартуға бағытталған өзгерістерді жүргізу; 
-  оқушылар  арасындағы  айырмашылықтар  –  бұл  педагогикалық 
процесті жақсартуға ықпал ететін ресурстар екенін түсіну; 
-  білім  берудегі  инклюзия  –  бұл  қоғамға  ендіру  аспектілерінің  бірі 
екенін мойындау арқылы жүзеге асырылады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет