Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың


  Жалпы  білім  беру  жағдайында  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата03.03.2017
өлшемі1,23 Mb.
#7302
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2  Жалпы  білім  беру  жағдайында  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі 
бар балаларды оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар 
 
 
2.1 
Естімейтін,  нашар  еститін,  кейіннен  естімей  қалған 
оқушыларды оқытуды ұйымдастыру 
 
Естімейтін (саңырау) балалардың ерекшелігі  
Саңыраулықта  есту  аппараты  бөлігінің  дыбысты  қабылдау  қызметі 
бұзылады,  негізгі  сөйлеу  жиілігі  80-85  дБ-ден  төмен  емес  орташа  қабылдау 
шегінде  аудиометрдің  үнді  қабылдауы  көбінесе  125  –  4000  Гц  арасында 
өзгеріп отырады. 
Бұл есту күйі арнайы апаратсыз баланың сөзді қабылдауына мүмкіндік 
бермейді.  Естімеуі  немесе  нашар  естуі  баланы  ең  маңызды  ақпарат  көзінен 
айырады,  әсiресе  егер  ол  ерте  жаста  естуден  айырылса  сөйлеу  және 
психикалық дамуының тежелуіне әкеледі. 
Психофизикалық  дамуында  артта  қалушылықты  көрсету  дәрежесi  әр 
түрлi  себептерге,  есту  қабілетінің  нашарлау  уақыты  мен  ауырлығына 
байланысты болады.  
Есту  қабілеті  ерте  бұзылса  және  ауыр  болса  баланың  психологиясы 
және  сөйлеу  тілі  тежелуі  айқын.  Сөйлеу  тілінің  дамымауы  есту  қабілеті 
нашар  балалардың  психологиялық  процестерінің  дамуына  теріс  әсер  етеді, 
олардың танымдық қызметінің өзгеруіне алып келеді. 
Қазiргi  уақытта  сурдопедагогикада  жалпы  бiлiм  беру  деңгейінде 
естімейтіндердің еститiндермен тең дәрежеде оқуына мүмкiндiк беретін, есту 
қабілетінің бұзылу салдарын жеңілдететін арнайы тәсілдер әзірленген. 
Тілдің  лексикалық  қорын,  оның  грамматикалық  заңдылықтарын 
меңгеру,  қарым-қатынас  құралы  ретінде  тілді  меңгеру  естімейтін  әлемдегі 
өмірдің әлеуметтік проблемаларын кеңінен шешуге мүмкіндік береді.  
Белгілі  болғандай,  оқу-танымдық  қызмет  есту  қабілеті  тұрақты 
бұзылған балаларға даму мүмкіндіктерін береді. 
Ол  естімейтіндердің  танымдық  қызығушылығын  және  зияткерлік 
қабілеттерін дамытады, оқуға әлеуметтік себептерін қалыптастырады.  
Меңгерген  ғылыми  білімі,  жалпы  оқу  және  арнайы  біліктілігі 
балалардың ой-өрісін кеңейтеді, жан-жақты дамуы үшiн жағдай жасайды. 
Қалыптасқан  ауызекі  сөйлеу  және  психикалық  процестерді  дамыту, 
толығымен  естімейтіндердің  білім  деңгейін  жетілдіруге  ықпал  етеді,  негізгі 
орта білім беруді қамтамасыз етеді. 
 Барлық жоғарыда аталған естімейтін балаларды дамыту ерекшеліктері, 
және  оларды  еститіндермен  тең  білім  алу  құқықтарын  қамтамасыз  ету 
қажеттілігі арнайы әзірлемелердің маңыздылығын анықтайды.  
Оқытудың  әрбір  кезеңіндегі  нақты  психологиялық-педагогикалық 
міндеттерді  нақты  шешуге  мүмкіндік  беретін  жағдайлар  естімейтіндерді 
бейімдеуге және әлеуметтік оңалтуға мүмкiндiк туғызады. 

14 
Нашар еститін балалардың ерекшеліктері  
Нашар  еститін  балалардың  естімейтін  балалардан  айырмашылығы 
қалдық  есту  мүмкіндігін  оқу  процесінде  қоршаған  ортаны  тану  және 
адамдармен қарым-қатынаста жеткілікті деңгейде тиімді пайдалануы мүмкін. 
Есту  қабілеті  жоғалған  бiрақ  сөйлеу  тілі  сақталған,  кейіннен  естімей 
қалған  балалардың  да  артықшылықтарын  атап  кету  керек.  Осы  балалардың 
сөйлеу  қабілетінің  сақталу  дәрежесі  бірқатар  төмендегі  факторларға  әсер 
етеді: естімеуі басталған уақыт, баланың өсуі мен даму ерекшеліктері, қалдық 
есту  қабілетінің  деңгейі,  баланың  ауызша  сөйлеуін  дамыту  жұмысының 
сапасы.  
Дамудың  кейінгі  кезінде  пайда  болған  естімей  қалу,  егер  балада  оқу 
және  жазу  дағдылары  қалыптасқан  болса,  айтарлықтай  түрде  сөздік  қорын 
бұза алмайды.  
Нашар  еститін  балалар  75  дБ  аспайтын  сөйлеу  жиілігінің  аймағында 
(500-ден  2000  Гц)  есту  қабілетінің  төмендеу  дәрежесінің  тәуелділігіне  қарай 
дыбысты ажыратады. 
Сөзді  нашар  еститіндердің  дамымаған  және  бұрмаланған  сөздiк 
қорының  жұтаңдығы  байқалады,  сөздердің  лексикалық  мағынасы  дұрыс 
меңгерiлмеген,  грамматикалық  құрылымдарды  дұрыс  емес,  мысалы:  әртүрлi 
санаттарды араластырған, олардың мәнін дұрыс түсінбеу және соның салдары 
ретінде өз сөзінде оларды дұрыс пайдалана алмауы.  
Нашар еститіндердің ішінара естуі сөйлеуді қалыптастыруға мүмкіндік 
туғызады, бірақ сөйлеу қоры және сөзді түсінуі бұрмаланған. 
Соның салдарынан сөйлемдерді өзгеше қабылдайды және бұрмаланған 
түсінік пен ұғымдар қалыптасуы мүмкін. 
Сөзді  түсінуі  және  қабылдауы  өзінше  көрініс  береді,  бала  ұғымдарды 
бірыңғай  біріктіре  қабылдай  алмайды,  көп  жағдайда  қоршаған  орта  туралы 
жаңсақ пікір қалыптасады. 
Бұл танымдық iс-әрекетте көрініс табады: салыстыру, талдау, жинақтау 
әрекеттері ерекшеленіп тұрады. 
Сөздік  қорының  аздығы,  баланың  сөзді  бұрмалау  сипаты,  естуді 
қабылдауы бұзылғанда қалыптасады, танымдық қызметінің дамуы барысында 
өзіндік ерекшелігі болады. 
Естуі  ішінара  бұзылған  баланың  даму  ерекшелігінің  биологиялық 
(естудің  физикалық  ақауы)  себептері  әлеуметтiк  зардаптарға  алып  келедi 
(қарым-қатынастың  бұзылуына,  психологиясының  қалыптасуында  ауытқуға 
әкеліп соқтырады). 
Осының  салдарынан  пайда  болған  көріністер  функционалдық  сипат 
береді (сөйлеудің дамымай қалуы, ойлау ерекшеліктері, есте сақтауы, зейіні, 
қабылдауы, көзқарасы). 
Сондықтан,  кемшіліктердің  дамуына  тосқауыл  қою,  өзінің  табиғаты 
жағынан  тұлғаға  тұтастай  әсер  ететін  әлеуметтік  жолдарды  және  арнайы 
құралдарды, ұйымдастырылған оқыту жағдайын талап етеді.  

15 
Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық түзету процесі кейін естімей 
қалған  және  нашар  еститін  оқушыны  тұлғалық  жанжақты  қалыптастыруға 
бағытталған. 
Арнайы оқыту нәтижесінде оларда ойлау, сөздi есте сақтау қабілеті,  
сөйлеу  тілі  дамиды,  компенсаторлық  және  потенциалдық  мүмкiндiктері 
кеңейетін қажетті жағдай жасалады. 
 
Есту қабілеті бұзылған балаларды арнайы оқыту жағдайлары 
МЖБС  талаптарына  сәйкес  естімейтін  және  нашар  еститін  оқушылар 
оқу  материалын  меңгеру  үшін  арнайы  жағдай  жасалуы  мүмкін  және  онда 
арнайы сыныпта саралап оқыту арқасында нақты оқу құралдарын, арнайы оқу 
жоспарлары  мен  бағдарламаларды  қолдану,  оқыту  уақытын  арттыру, 
мүмкіндігі болады. 
Арнайы  сынып  жағдайында  естімейтін  және  нашар  еститін  балалар 
негізгі орта білім беру деңгейінде білім алады . 
Қысқартылған  білім  беру  бағдарламаларын  пайдалануда  білім 
алушылардың  танымдық  мүмкіндіктерінің  деңгейі  жас  ерекшелік 
нормаларынан төмен болуы мүмкін.  
Есту  қабілеті  бұзылған  балаларды  оқыту  ұзақтығы  бастауыш  және 
негізгі мектепте - 11 жыл:  
- «0» (дайындық сыныбы),  
- бастауыш деңгейі (1-4 сынып),  
- 1-ші негізгі деңгей (5-7 сынып),  
- 2- ші негізгі деңгей (8-10 саты).  
Нашар еститін және кейін естімей қалған балалардың оқыту ұзақтығы: 
- бастауыш деңгейі – 0 – 4 сынып,  
- негізгі деңгей – 5 – 10 сынып,  
Естімейтін  және  нашар  еститіндер  оқушылар  оқуын  жалпы  білім 
беретін мектептің 10-11-сыныптарында немесе кәсіптік колледждерде, жалпы 
орта  немесе  техникалық  және  кәсіптік  білім  беруді  арнайы  мектептің  кешкі 
бөлімде 11-12 сыныптарында жалғастыра алады. 
Оқытудың  барлық  кезінде  деңгейге  бөліп  оқыту  қарастырылады  және 
ол  естімейтін  және  нашар  еститін  балалардың  жас  ерекшелігінің 
психофизикалық мүмкіндіктеріне байланысты, сол арқылы әр оқу пәндерінің 
әр  түрлі  деңгейіндегі  арнайы  мазмұнын  және  өз  кезегінде  дәстүрлі  түрлі 
қатынасты анықтайды. 
Сонымен  қатар  білім  беру  сабақтастығы  және  үздіксіздігі 
қағидаттарына негізделген базалық білім тұтастығын қамтамасыз етеді және 
біртіндеп  пропедевтикалық  оқу  пәндерінен  жүйеге  көшеді  (арнайы 
бағдарламалармен  оқытудан  жалпы  білім  беретін  мектептің  оқыту 
бағдарламаларымен оқытуға көшу). 
Саралап  оқытудың  қажеттілігі  сөйлеуді  дамыту  ерекшеліктеріне  және 
есту қабілеті бұзылған оқушылардың танымдық қызметіне негізделген. 

16 
Бастауыш  мектепте  оқытудың  мазмұны  қалдық  есту  қабілетін 
дамытуға,  сөйлеу  тілін  қалыптастыруға,  сөздік  қорын  байытуға  және 
оқушылардың танымдық қызметін дамытуға бағытталған. 
Бастауыш  мектепті  оқуы  аяқталғаннан  кейін  ауызша  сөйлеуді 
меңгерген кезде сөзді қабылдау және айтуда шағын кемшіліктері бар оқушы, 
мектепаралық  логопедтің  немесе  психологиялық-  педагогикалық  түзету 
сияқты  арнайы  педагогикалық  қолдауды  сақтай  отырып  кәдiмгi  сыныпқа 
ауыстырыла алады. 
Аз  сөйлейтін  және  сөзді  айтуда  елеулі  кемшіліктері  бар  оқушылар, 
жалпы орта мектептің арнайы сыныбында оқуын жалғастырады. 
 
Арнайы оқу -әдістемелік қамтамасыз ету 
Есту  қабілеті  нашар  балаларға  арнайы  сыныпта  білім  беру  түзету 
компоненті бар арнайы типтік оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. 
Оқыту төмендегідей жүзеге асырылады: 
а)  естімейтін  оқушылардың  "0"  (дайындық)  және  1-7-сыныптарда  – 
арнайы  бағдарламалар  бойынша,  8-11  сыныптарда  жалпы  білім  беру 
бағдарламалары  бойынша  оқиды,  білім  беру  мазмұны  оқудың  ұзақтығы  1 
жылға  артуына  байланысты  қайта  бөлінеді  және  білім  алушылардың 
мүмкіндіктерін ескере отырып бағдарлама бейімделеді. 
б) нашар еститін және кейіннен естімей қалған балалар «0» (дайындық) 
және  1-4  сыныптарда  арнайы  бағдарламалар  бойынша,  5-11  сыныптарда 
жалпы  білім  беретін  бағдарламалары  бойынша,  білім  беру  мазмұны  оқудың 
ұзақтығы  1  жылға  артуына  байланысты  қайта  бөлінеді  және  білім 
алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып бағдарлама бейімделеді. 
Арнайы  бағдарламалар  мазмұнында  жалпы  білім  беретін  пәндер 
бойынша  оқушылардың  естуінің  төмендігі  және  сөйлеу  қабілеті  дамымай 
қалғандығын ескерген. 
Ол  коррекциялық  бағытта  сипатталады  және  есту  түйсігін  дамытуды, 
тілдік дағдыларды практикалық қалыптастыруды қамтамасыз етеді. 
Есту қабілеті бұзылған балаларға білім беру мазмұнын анықтау кезінде 
білім алушыға жалпы білім беру және тәрбиелеудің, сондай-ақ арнайы білім 
берудің міндеттері есептеледі. 
Оқытудың  негізгі  міндеттері  мен  принциптерінде  балалардың  даму 
ерекшеліктерін  ескере  отырып  айқындалған  және  есту  қабілеті  бұзылуы 
салдарын  тиімді  меңгеруге  қажетті  педагогикалық  жағдайды  құру,  оқыту 
процесінде түзету-алмастыру (компенсаторлық мүмкіндіктерін қосу) базасын 
қамтамасыз ету қарастырылған. 
Естуді  қабылдауды  дамытуға  арнайы  еріннен  оқу,  дыбысты  айту 
жұмысы, 
есту-  көру  негіздерін  қалыптастыру  ықпал  етеді, 
оқушылардың 
ауызша  сөйлеуін  жетілдіруге  және  түйсіну  дағдыларын  қалыптастыруға
,  әр 
түрлі  сөзге  жатпайтын  дыбыстар  шығаруын,  музыканы  қабылдауына 
назар 
аударылады.
 
 

17 
Білім алудың ерекше қажеттілігін қанағаттандыру 
Түзете-дамытушылық  жұмыс  бүкіл  педагогикалық  процесті  қамтиды 
және балалардың оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді. 
Есту  қабілеті  бұзылған  балаларды  оқытудағы  түзету  жұмысының 
бағыттары  ақпараттар  мен  білімдерін  талдауға  ерекше  жағдайлар  жасау, 
әлеуметтік  байланыстар  мен  балалардың  қажеттіліктерін,  пәнаралық 
байланыстар  мен  танымдық  қызығушылықтарын  дамыту,  арнайы  оқыту 
әдістерін таңдау, арнайы түзету пәндері арқылы жүзеге асырылады.  
Типтік оқу жоспарында арнайы түзету курсы қарастырылған: 
«Заттық-тәжірибелік  оқыту»,  «Түзету  ырғағы»  және  жеке-топтық 
сабақтарда естуді қабылдауы мен дұрыс айтуын дамыту. 
«Заттық-тәжірибелік  оқыту»  (ЗТО)  оқу  курсының  мақсаты:  тілді 
меңгеру  мен  жоғары  психикалық  функцияларды  қалыптастыру  үшін 
полимодальды  сезіну  негізінде  танып  білу  және  қарапайым  тұрмыстық 
түсініктерді пайдалану деңгейінде білім беру. 
«Түзету  ырғағы»  оқушылардың  есту  қабілетін  музыка  арқылы 
дамытуға,  есту-көру  және  есту,  сөйлеу  қабілетін  жетілдіру  яғни  естіп 
қабылдауын  интенсивті  дамыту  жағдайында  сөйлеу  тілі  мен  қимылдарын 
дамытуға бағытталған. 
Оқушылардың назарын, жадын, ақыл ой, шығармашылық қабілеттерін, 
ұжымдық іс-әрекетінің дағдыларын дамытады. 
Естуді және айтылуды дамыту үшін түзету сабақтары жеке және шағын 
топтарда жүргізіледі.  
Бұл  сабақтарда  түзету  жұмысы  электроакустикалық  аппаратураны 
қолданып, естіп қабылдауын интенсивті дамыту жағдайында сөйлеу тілі мен 
қимылдарын дамытуға бағытталған. 
Ауызша  сөйлеуді  дамыту  жұмысы  кешенді  зерттеу  негізінде 
анықталған мүмкіндіктер мен есту-көру резервтерін дамыту, ауызша сөйлеуді 
естіп  қабылдау,  оқушылардың  жеке  психофизикалық  ерекшеліктерін, 
сөйлеуді  дамыту  деңгейін  ескере  отырып 
айтылу  дағдыларына
  саралап 
құрылады. 
«Ым-ишараттық сөйлеу тілі» оқу курсы тек құлағы естімейтін  балалар 
үшін,  оның  қалауы  бойынша  естімейтіндердің  шағын  әлеуметтік  ортасына 
кіруіне  негізделіп  4-  11-сыныпқа  енгізілген  және  оқушы  үшін  сол  ортадағы 
коммуникативтік 
қызметті 
атқарады. 
Қазақстан 
Республикасында 
естімейтіндерді оқыту үдерісі есту-көру негізінде жүзеге асырылады, ал білім 
беру  үдерісінде  ым-ишараттық  сөйлеу  тілі  көмекші  тәсіл  ретінде 
қолданылады.  Ым-ишараттық  сөйлеу  тілін  сауатты  меңгерудің  нәтижесінде 
оқушылар бағдарлама материалын сапалы игереді. 
Есту  қабілеті  бұзылған  оқушылар  негізгі  орта  білім  беру  мектебін 
бітіргенге дейін оқу процесіне қатысуы үшін түзету курстарын қажет етеді. 
Ол  арнайы  ұйымдастырылған  есту-сөйлеу  ортасын  қамтамасыз  етеді, 
бағдарламада  талап  етілетін  білім  көлемін  қажетті  даму  деңгейіне  дейін 

18 
меңгеруіне  мүмкіндік  береді,  оқытудың  барлық  кезеңінде  балаларды  іргелі 
қабілеттерін қалыптастыру үшін функционалдық қолдау болады.  
Арнайы  білім  беру  қажеттіліктері  бар  оқушыларда  біліктілікті, 
дағдыларды  және  денсаулықтың  психо-совматикалық  резервін  меңгерудің 
түрлі  мүмкіндіктері  бар.  Жалпы  білім  беретін  мектептер  осы 
айырмашылықтарды ескеру керек. Атап айтқанда, жалпы білім беретін ортада 
балалардың енгізу түрлі нысандарын қамтамасыз етуге қажетті: 
а) қалыпты сыныпта оқыту-танымдық қабілеттері сақталған оқушыларға 
арналған  мұғалімнің  жеке  әрекеттері  ғана  қажеттілігі  мүмкін  болып 
табылатын  арнайы  білім  беру  бағдарламалары,  олар  үшін  талап  етілмейді. 
Осы  сыныпқа  ерекше  қажеттіліктері  бар  1-2  оқушыны  оқытуға  болады. 
Мұндай сыныпта ауытқуы жоқ оқушыларды оқытатын педагогтар, білім беру 
саласындағы  маман  бола  алады.  Қажет  болған  жағдайда,  мұғалім, 
психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің  мамандарынан,  ресурс 
орталықтарынан қосымша кәсіби ақпараттар ала алады. 
б)  арнайы  сыныпта  оқыту  –  арнайы  жағдайлар  талап  етілетін  (арнайы 
бағдарлама,  арнайы  әдістер  мен  оқыту,  нақты  жабдықтар  мен  дидактикалық 
құралдар,  нәзік  психологиялық-педагогикалық  режимінде)  оқушыларға 
арналған. Бұл сыныптарда арнайы педагогикалық білімі бар немесе курстық 
оқудан өткен мұғалімдер жұмыс істеуі тиіс. Арнайы білім беру ұйымдарының 
ұсынымымен  оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастыру  барлық  талаптарға  сәйкес 
арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жүргізіледі. 
Есту  қабілеті,  көру,  интеллект,  сөйлеулерінде  қатты  бұзылулары,  ақыл-
есі,  тірек-қимыл  жүйесінің  патологиясы  бар  балаларға  арналған  -  арнайы 
сыныптар  бұзылушылық  түрлері  бойынша  саралануы  тиіс.  Оларда 
контингенттердің  болуына  қарай,  сонымен  қатар  ата-аналардың  ниеттеріне 
байланысты балаларды оқыту үшін арнайы сыныптар ашылады. Бұл жағдайда 
барлық  сабақтан  тыс  іс-шаралар  (үйірмелер,  факультативтер,  спорттық, 
тәрбиелік),  қалыпты  сынып  оқушыларымен  бірлесе  отырып  жүзеге 
асырылады. 
Түзету  курстары  және  жалпы  білім  беретін  пәндердің  құрамдас  түзету 
бөлігі  есебінен  есту  қабілеті  бұзылған  оқушыларға  МЖМБС  талаптарына 
сәйкес білім беру мүмкіндігі бар.       
Барлық  жалпы  білім  беретін  пәндер  мен  түзету  курстарының 
бағыттары:  
-  түйсініп
 
қабылдау  (сенсорлық  –  перцептивті)  белсенділігін 
ынталандыру (есту-көру және естуді қоса алғанда барлық қабылдау түрлерін 
дамыту);  
-  айналадағы  заттарды  түрліше  сезіну  түйсігін  (түрлі  модальді),  соның 
ішінде дыбыстарды сезінудің көптүрлілігі ұғымын дамыту; 
-  қимыл-қозғалысын  дамыту  (моторикасын),  шынайы  нысандарды 
зерттеу тәсілдері мен олардың кескіні мен модельдерін жасау;  
- дыбыс күшейткіш құралдарды тұрақты қолдана отырып, кең ауқымда 
коммуникативті практиканы дамыту үшін жағдай жасау ;  

19 
- әлеуметтік қажеттіліктерін жандандыру, дербес және түрлі бірлестікте 
жұмыс жасау біліктіліктерін дамыту;  
-  әртүрлі  сөйлеу  түрін  қолдану  мүмкіндігін  және  қажеттілігін  дамыту 
(есту-көру,  сөйлеуді  естіп  қабылдауы,  ауызша,  жазбаша  ,  ауызша-дактильді 
сөйлеу түрін қолдану);  
-  өз  іс-әрекетін  жоспарлау  және  жобалау  дағдыларын  дамыту 
(практикалық және сөйлеу);  
-  қарым-қатынасқа  арналған  қажетті  және  жалпыға  ортақ  сөйлеудің 
білім  құралын  жасау  арқылы,  оның  ішінде,  терминологиялық  сөздік  және 
базалық лексика-грамматикалық құрылым арқылы қайталап өту;  
- танымдық үдерістерін және эмоциональды-еріктік аймағын кеңейту.  
Есту  қабілеті  бұзылған  балаларды  оқытуға  қолданылатын  әдістемелер 
бірнеше қосымша жүйелерден тұрады:сөйлеуді қалыптастыру әдістемесі және 
мектептегі білім беруде тілге үйретуді пән ретінде оқыту , ғылым негіздерін 
оқыту  әдістемесі,  естіп  қабылдауды  қолдануды  дамыту  әдістемесі.  Барлық 
оқыту  әдістемелері  есту  қабілеті  бұзылған  оқушылардың  материалды 
көпсенсорлық сипатта қабылдауына арналған . Педагогикалық процесс естіп 
көру негізіне құрылған, педагогты олардың естіп қабылдауын бақылап, үнемі 
назарда  ұстауына,  түзетіп  отыруға,  дыбыстап-буындап  сөйлеу  құрылымын 
нақтылап отыруға міндеттейді. 
Көрнекі  құралдардың да  рөлі  айрықша:  ол біріншіден оқу  материалын 
иллюстрацияламайды,  ол  оның  мазмұнын  көрнекі  түрде  ашады.  Көрнекі-іс-
әрекет  құралдары  мен  әдістері  түсіну  мен  елестетуді  қалыптастыруға,  осы 
және  басқа  құбылыстарға  себеп-салдарлық  қарым-қатынас  орнатуға, 
пәнаралық байланыстарды көрнекілікпен белгілеуге көмектеседі. 
Естімейтін  және  нашар  еститін  балаларды  оқытуда  қосымша  құрал 
ретінде  сөйлеуді  қабылдауын,  сөздің  дыбыстық  құрамын  түсінуді 
жеңілдететін  дактилология  тәрізді  арнайы  құралдарды  қолдану  қажет.  Ым-
ишарамен  сөйлеу  оқытудың  негізгі  емес  қосымша  құралы  ретінде  тек 
естімейтін  балаларға  қолданылады.  Оқу  материалын  қабылдау  есту-көру 
негізінде  аудио  визуальды  және  сурдотехникалық  құралдарды  пайдалану 
арқылы жүзеге асырылады. 
Есту 
қабілеті 
бұзылған 
балаларды 
оқыту 
түрлі 
типтегі 
электроакустикалық  дыбыскүшейткіш  аппаратураларды  тұрақты  пайдалану 
арқылы  өткізіледі  (күндізгі  ұжымдық  және  дербес  пайдалану  және  дербес 
есту  аппараттарын,  есту  кабинетіндегі  және  мектеп  залындағы  магниттік 
ілгіш,  радиофицирленген  мектеп  залы,  рекреациялар,  кіреберіс,  вестибюль). 
Еступротездеу және қалған естуін дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүргізу 
үшін аудиометрлер мен сурдолог- дәрігердің, аудиологтің көмегі қажет. Есту 
қабілеті бұзылған балаларды оқытатын мектептердің фонотекасы, музыкалық 
құралдары,  дыбыс  шығаратын  ойыншықтары  болуы  қажет.  Мектепте  есту 
қабілеті бұзылған балалардың өмір сүру әрекетіне сәйкес орта құрылу қажет, 
сенсорлық  жағдаймен  қамтамасыз  ететін  оқу-материалдық  базасы,  сөйлеуді 
қабылдауға  арналған  қолайлы  жағдайы  болуы  керек.  Мектеп  жеке  және 

20 
ұжымдық  түзету  сабақтарын  өткізуге  арналған  кабинеттермен,  түзету 
ритмикасы  сабақтарын  өткізуге  арналған  залмен  ,  оқу  шеберханаларымен, 
сонымен  қатар,  арнайы  компьютерлік  бағдарламалармен,  оқу,  әдістемелік 
және балалар кітапханасымен жабдықталуы қажет.  
 
 
2.2 
Көрмейтін  және  нашар  көретін  балаларды  оқытуды 
ұйымдастыру  
 
Көрмейтін және нашар көретін балалардың ерекшеліктері 
Көрмейтін (зағиптар) деп көру көмегі арқылы зат формасының сұлбасы 
мен жарықты сезінуді қабылдау мүмкіндігі толықтай жоқ балалар есептеледі. 
Мұндай  екі  көзінен  толық  айрылу  (тотальді)  болып  саналады.  Бұлардың 
қатарына көру аймағы 10% көретіндер де жатады. 
Медициналық  зағиптықтан  практикалық  зағиптықты  ажырата  білу 
қажет,  жарықты  сезгіштігі  немесе  қалдық  көруі  бар,  жарықты,  заттардың 
сұлбасын,  түстерін  қабылдай  алуы,  қалғандары  медициналық  зағиптыққа 
жатады. Практикалық зағиптық (қалдық көруі бар) кәдімгі түзету құралдарын 
(көзілдірік  )  қолдануда  көру  ұшқырлығы  жарықты  сезінуі  0,05  сипатталады. 
Тотальді  көрмейтіндер  қалдық  көруі  бар  (нашар  көретіндер)  Брайл  жүйесі 
бойынша жазатын және оқитын балалар. Қалдық көруі кеңістікте бағдарлауға 
және дыбысты естуі арқылы қабылдауға көмек береді. 
Нашар көретін балалар, орталық көру көзі жақсы көретін,түзету арқылы 
жіті  көретін(көзілдірік,  байланыс  линзалар)  0,05-ден  0,3-ке  дейін,  сонымен 
қатар, өте жіті көретін бірақ көру қызметінің басқа бұзылулары бар балалар 
(көру  аймағының  кішіреюі,  бірінші,  екінші  -  глаукома,  көру  жүйкелерінің 
аяқталмаған  атрофиясы,  пигменттік  көздің  тор  қабығының  бүлінуі,  тор 
қабықтың ажырауы және т.б.). арнайы жағдайда оқытуды қажет етеді. 
Балалардың  біраз  бөлігінің  көруінің  бұзылуын  көру  нашарлығы  және 
қылилық  құрайды.  Аталған  категориялардағы  балаларды  оқыту  арнайы 
сыныпта және кәдімгі сыныптарда да ұйымдастырыла беруі мүмкін.  
Зағип  және  нашар  көретін  балалардың  даму  процесі  көретін  балалар 
сияқты  бір  заңдылыққа  бағынады.  Алайда,  көруден  айрылу  немесе  қалдық 
көруі  бар  балаларды  дамытудың  кейбір  ерекшелігін  ескеруді  талап  етеді. 
Олар  заттар  мен  құбылыстарды  көзбен  шолу  сипатындағы  -  жарықты,  түсті 
т.б.  бақылау  мен  қабылдаудың  қиындығын  сезінеді.  Оларда  кеңістік 
белгілерін,  орналасуын,  бағытталуын,  қашықтығын,  көлемін,  нәрсенің 
бедерін  т.б.  бағалауда  үлкен  қиындық  келтіреді.  Мұның  барлығы  зағип 
балалардың  сезу  тәжірибесін  азайтады,  яғни  кеңістікте  бағдарлауын  әсіресе 
қозғалыс  барысын  қиындатады,  сенсорлық  және  интеллектуальдық 
қызметінің үйлесімді дамуы бұзылады. 
Алайда,  зағип  балаларда  қоршаған  ортаны  тануға  негізделген  қызмет 
жасайтын есту және сезу рецепторы сақталады. Естуді еріксіз пайдаланатын 
зағип балалар айналасындағы адамдармен қарым-қатынас барысында ауызша 

21 
байланыстырып  сөйлеуді  үйренеді.  Сөйлеу  арқылы  олар  ақиқат  шындығы, 
адамдардың  іс-әрекеті  мен  амалы  т.б.  туралы  ақпарат  алады.  Зағиптардың 
естуіне  қарағанда  сезімі  нашар,  сылбыр  дамыған.  Қоршаған  ортадағы 
заттарды  өз  бетімен  дұрыс  бақылау  әдістерін  қолдана  алмайды.  Тәжірибе 
көрсетіп  жүргендей,  мектепке  келген  оқушылар  сезгіштік  қабілеті  мен 
қолының  ұсақ  моторикасының  дамуының  төмен  деңгейін  байқатады.  Бұл  өз 
кезегінде,  олардың  жалпы  психофизикалық  дамуына  қарсы  әсер  етеді,  яғни 
қоршаған шынайы ақиқатпен дербес танысуына және Брайл жүйесі бойынша 
оқып және жазып үйренуін тежейді.  
Нашар  көретін  балалардың  көруінің  төмендеуі  танымдық  іс-әрекетіне 
кері  әсер  етеді,  қабылдау  процесінде  көзбен  шолуының  тарлығы, 
нақтылығының  төмендеуі  байқалады.  Нашар  көретін  балалардың  көру 
елестері  нақты  емес,  бұрмаланып  қалыптасқан.  Оларда  үнемі  кеңстікте 
бағдарлауының  қиындығын  байқауға  болады.  Көру  жұмыстары  барысында 
оларды  дамыту  мен  сақтау  шаралары  болмаса  олардың  жылдам 
шаршайтынын  көрсетеді  және  көруінің  нашарлауына  әкеледі.  Көруден 
шаршауы  ақыл-ойы  мен  .физикалық  жұмыс  жасау  қабілетінің  төмендеуіне 
әкеліп соғады.  
Жалпы білім беретін мектептерде аталған санаттың оқушыларын оқыту 
барысында  олардың  жұмыс  жасау  қарқыны  қалыпты  көретін  балалардан 
артта  қалады.  Бұл  олардың  үлгермеуіне  немесе  өз  мүмкіндігінен  төмен 
үлгерімге  әкеледі.  Нашар  көретін  балалар  мұндай  жағдайда  ашуланшақ, 
ұжымнан тысқары, негативизмін көрсетеді, бұл мектептегі бейімсіздігінің бір 
көрінісі болып табылады. 
Қалыпты  көретіндер  тәрізді  нашар  көретіндердің  есту  қабілеттері 
негізгі  қабылдау  талдауышы  болып  қала  береді.  Осыған  байланысты  нашар 
көретіндерді  көзін  сақтауға  мүмкіндік  беретін,  көріп  қабылдауын 
жеңілдететін,  шаршауын  болдырмайтын  ерекше  жағдайда  жүзеге  асырылуы 
қажет. Нашар көретін балалар үшін арнайы көрнекі құралдар, анық сызылған 
сызықтарымен  дәптерлер,  артық  бөлшектерсіз  суреттер,  ірі  әріптермен 
жазылған  кітаптар  қажет.  Зағип  және  нашар  көретін  балалардың  сенсорлық 
тәжірибесі  процесін  қалыптастыруда  олардың  танымдық  іс-әрекетін,  тұлға 
болып  қалыптасуының  өзіндік  ерекшелігі  бар:  арнайы  психологтік-
педагогикалық  түзету  құралдарын,  физикалық  дамуын  түзететін  емдеу-дене 
шынықтыру шараларын пайдалануды талап етеді. Зағип және нашар көретін 
балалар  үшін  дұрыс  ұйымдастырылған  жүйе,  мазмұн,  әдістеме  және  оқыту, 
тәрбиелеу жағдайлары олардың дамуындағы кемшін тұстарынының маңызды 
өтем құралы болып табылады.  
 
Көру қабілеті бұзылған балаларды арнайы оқыту жағдайы  
Дамуында  басқа  бұзылуы  жоқ  зағип  және  нашар  көретін  балалар 
МЖБС  талаптарына  сәйкес  арнайы  оқу  жоспары  мен  бағдарламалары 
бойынша  жалпы  білім  беретін  мектептерде  білім  алады.  Көру  қабілеті 
бұзылған  балалар  жалпы  білім  беретін  мектептердің  арнайы  немесе  жалпы 

22 
сыныптарында  оқи  алады(психологтік-педагогикалық  мамандардың  түзету 
қолдауымен және қамқор педагогикалық тәртіптемеде).  
Ақыл-ой  кемістігі  бар  зағип  және  нашар  көретін  балаларды  оқыту 
арнайы  оқу  жоспары  мен  бағдарламалары  бойынша  жүзеге  асырылады, 
алайда,  көруінде  кемістігі  бар  балаларға  арналған  қосымша  түзету  бөліктері 
қарастырылуы қажет. Психикалық дамуы тежелген зағип және нашар көретін 
балаларды оқыту психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту талаптарына 
сәйкес жүргізіледі алайда, көруінде кемістігі бар балаларға арналған қосымша 
түзету  сабақтары  қарастырылуы  қажет.  Ауыр  ауру  түрлерімен  ауыратын 
зағип  балаларды  дәргерлердің  ұсынымдамасын  есеріп  ПМПК  бекітуі 
бойынша  дербес  бағдарламамен  оқушылар  ұжымымен  ішінара  кіріктіріліп 
үйде  оқыту  ұйымдастырылады.  Кіріктірілу  деңгейі  және  оның  формасы 
оқушының  денсаулығына  қарай  анықталады.Дербес  үйде  оқыту  мектеп 
жағдайында  арнайы  мамандардың,  техникалық  және  отбасылық  жағдайға 
байланысты жүзеге асады.  
Көру  қабілеті  бұзылған  оқушылардың  арнайы  сынып  жағдайындағы 
мектептегі білім беру ұзақтығы: 
а) зағип оқушылар:  
- бастауыш білім беру деңгейі – 0 (дайындық), 1-4 сыныптар;  
- негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар;  
- жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар.  
б) нашар көретін балалар:  
- бастауыш білім беру деңгейі – 0 (дайындық), 1-4 сыныптар;  
- негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар;  
- жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар.  
Әрбір  білім  беру  деңгейінде  білім  алушыларды  жалпы  сыныптарға 
ауыстыру мүмкіндігі бар. 
в)  Күрделі  бұзылуы  бар  зағип  және  нашар  көретін  балаларды 
(Психикалық  дамуы  тежелген,  ақыл-ой  кемістігі)  арнайы  оқу  жоспары  мен 
бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.  
 
Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету  
Зағип  және  нашар  көретін  оқушыларды  оқыту  түзету  кешендері 
енгізілген арнайы Типтік оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.  
Оқушылар жалпы білім беретін бағдарламалармен және түзету кезеңді 
бағдарламалармен  оқытылады.Жалпы  білім  беретін  бағдарламаларға  білім 
алушылардың  даму  ерекшелігіне  байланысты  өзгеріс  енгізіледі  (бейнелеу 
өнері,  сызу,  деншынықтыру,  еңбек).  Негізгі  орта  білім  беру  деңгейіндегі 
жалпы  білім  беретін  бағдарламаның  мазмұны  оқудың  1  жылға  ұзартылуына 
байланысты  қайта  бөлінеді,  оқушылардың  ерекшелігін  ескере  отырып 
өңделеді.  Зағип  оқушылар  үшіноқу  процесінде  жалпы  білім  беретін 
мектептерде  жаппай  қолданатын  Брайлдің  рельефті-нүкте  шрифтісімен 
басылып  шыққан  оқулықтар,  оқу  құралдары  және  әдебиеттер  қолданылады. 
Нашар көретін оқушыларды оқыту жалпы білім беретін мектептерде жаппай 

23 
қолданатын ірі шрифтімен басылған және арнайы жаңартылған суреттермен, 
көріп қабылдауға қолжетімді оқулықтармен оқытылады. 
 
Ерекше білім беру қажеттілігін қағаттандыру  
Нашар  көретін  оқушыларға  сыныптағы  көру  жұмыстарына  анық 
сызылған  сызықтарымен  дәптерлер,  оптикалық  және  техникалық  құралдар 
көмегімен қолайлы жағдай жасалу қажет: 
-  офтальмологпен  тағайындалғанкөруді  түзету  құралдары  (көзілдірік, 
жанаспалы линза, лупа, телескоптық көзілдірік ); 
-табиғи жарықты реттейтін құрылғы (тетік),; 
-  оқығанда,  жазғанда,  сурет  салғанда  сурет  көргенде  дұрыс  отыруын 
қамтамасыз ететін арнайы бір орынды парталар; 
-  балаларға  арналған  қосымша  құрылғылар  (Брайл  жүйесі  бойынша 
жазуға арналған құралдар, оқитын машиналар, Брайл шрифтісімен жазылған 
машинкалар , рельефті суретке арналған «Школьник», оптикалық құралдары 
–  лупа,  линзалар,  телескоптік  құралдар–офтальмологтің  ұсынымдамасы 
бойынша және басқалар );  
-  тифлотехникалық  құралдар  (жазуға  арналған  тифлоқұралдар, 
электронды құралдар, тактильді және брайлді дисплей, сөйлеу синтездеуші); 
-  көруді  қорғау  талаптарына  жауап  беретін  арнайы  оқу  құралдары 
(рельефті-көрнекі құралдар, географиялық карталар, схемалар және т.б.); 
- аудио-және бейнеаппаратуралар; 
- арнайы бағдарламалармен қамтамасыз ететін компьютерлер.  
Жалпы  білім  беретін  пәндерді  арнайы  оқыту  әдістемесін  қолдану 
арқылы, түзету кезеңінің пәндері бойынша арнайы сабақтар өткізу, сонымен 
қатар, техникалық құралдар және арнайы көрнекіліктер пайдаланылып дербес 
және топтық сабақтар өткізу түзетуге бағытталады.  
Түзету курстары төмендегідей берілген: 
-  «Көруді  қабылдау  және  қалдық  көруді  сақтау  және  дамыту».  Сабақ 
көру мүшесі ауруының сипатына, көру қызметінің негізгі жағдайына, жалпы 
психикалық  дамуына,  көру  қабылдауының  қалыптасу  деңгейіне  байланысты 
толымдалатын топта (2-4 адам) өткізіледі .Сабақ ұзақтығы 30 минуттан артық 
болмау керек.. Сабақ жиілігі – аптасына 2-3 рет. Үздіксіз көру жүктемесі 5-10 
минуттан аспау қажет. 
-  «Емдік  дене  шынықтыру  (ЕДШ)».  Сабақта  емдік  –сауықтыру 
міндеттері  шешіледі  задачи  (бөгеліп  қалушылықты  жою,  қозғалыстың 
шектеулілігі  және  қозғалыстың  жетімсіздігі,  бұлшық  еттің  сезімі, 
байланыссыздық)  және  емдеу-  қалпына  келтіру  (қозғалыс  біліктілігін 
жетілдіру.).  Сабақ  топта,  дербес  және  кіші  топта  өткізіледі.  Сабақ  ұзақтығы 
30-45  минут.Әр  оқушыны  офтальмологтік,  психофизикалық,  соматикалық 
мұқият  кешенді  тексеруден  кейін  емдік  дене  тәрбиесі  тағайындалады. 
Ауруының мәліметтері есеріледі (омыртқаның қисаюы және т.б.) 
-  «Түзету  ритмикасы».  Ритмика  сабақтары  оқушылардың  музыканы 
тыңдауға,  мазұнын  қимыл  арқылы  беруге,  қозғалыс  біліктіліктерін 

24 
қалыптастыруға  және  бекітуге  үйрету  мақсатында  өткізіледі.  Ырғақты 
сезінуін,  координацияны,  шыдамдылықты,  физикалық  жұмыс  жасау 
қабілеттілігін  дамытуына  мүмкіндік  жасау  .  Ритмика  сабағы  ритмикалық 
жаттығуларды,  ритмикалық  эстафета,  музыкалық-ритмикалық  және  сөйлеу 
ойындарын пайдалануды ұсынады. 
- «Мимиканы және пантомимиканы дамыту». Сабақ дербес және топпен 
жүргізіледі.  Сабақ  ұзақтығы  40-45  минут.  Сабақты  өткізу  түрі  қойылған 
мақсатқа сәйкес болады. Сабақты тифлопедагог өткізеді. 
-  «Түйсіну  мен  ұсақ  моториканы  дамыту».  Бұл  курстың  мақсаты 
зағиптардың  түйсінуі  мен  ұсақ  моторикасын  дамыту,  заттарды  тануды  , 
қоршаған ортадағы нәрселерді , кеңістікте бағытталуын үйрету. Сабақ топта, 
дербес және кіші топта өткізіледі.  
-  «Кеңістікте  бағдарлау».  Оқушылар  үлкен,  кіші  кеңістікте  бағытталу 
тәжірибесіне, өз бетімен қозғалу біліктілігіне сәйкес топтарға бөлінеді. 
-  «Әлеуметтік-тұрмыстық  бейімдеу».  Курстың  негізгі  мақсаты  болып 
табылады:  қоршаған  әлемдегі  заттар  және  құбылыстар  туралы  елесті 
қалыптастыру; түрлі әлеуметтік жағдаяттардағы және қоғамдық орындардағы 
дұрыс тәртіп біліктілігіне, айналадағы адамдармен қарым-қатынасқа үйрету. 
Бастауыш сынып баланың тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз етуге 
бағытталған,  оның  әлеуеттік  толық  мүмкіндігін  дамытуға,  ауытқушылығын 
түзетуді дамытуға, емдеу, гигиена және көруін сақтауға, оқуға деген ынтасы 
мен  біліктілігін  дамытуға,  көрнекілік-образды  тәсілін  және  теориялық 
ойлауын, оқу іс-әрекетіндегі дағды мен білікті игереді; оқуға, санауға, жазуға, 
суретті түсінуге, жеке басының гигиенасыныңэлементарлық тәсілдерін яғни, 
өзіне-өзі қызмет жасау, мобильділік, бағыттаушылықты үйренеді.  
Негізгі мектепмектеп бітіруші түлекке білім алуын жалғастыруға және 
қоғамның  толыққанды  өміріне  араласу  үшін  қажетті  жалпы  білім  берудің 
мықты  іргетасын  қалайды.  Түзету  жұмыстары  танымдық,  дербес  және 
қозғалыс  саласында,  гигиена  және  көруін  сақтауға,  денсаулығын  бекіту 
бойнша  әрі  қарай  жалғасады.  Мектеп  баланың  әлеуетті  мүмкіндіктерін 
ғылыми ой-санасын, әлеуметтік өзін-өзі анықтау мүмкіндігін дамытады, көруі 
бойынша  мүгедектердің  жұмысқа  орналасуы  мен  түрлі  еңбек  іс-әрекетін 
үйренуін кәсіби оқуын, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастырады.  
Негізгі  мектеп  жалпы  білім  беруге  дайындықты  аяқтауды  қамтамасыз 
етеді.  Мұғалім  оқушылардың  қызығушылығының  толық  есебін,  қоғамдық 
пайдалы  еңбекке  және  заманауи  қоғамдық  өмірге  белсенді  араласуына, 
әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне жағдай жасайды .  
 
Өмір іс-әрекетіне сәйкес орта 
Көру  қабілеті  бұзылған  оқушының  кеңістікте  бағдарлауы  қиындық 
туғызады,  сондықтан  оның  мектепте  өзін  жайлы  сезінуі  үшін  мектеп 
ғимаратына  саяхат  жасауы  қажет.  Бұл  оған  кабинеттер  мен  мектеп  үй-
жайының  орналасуын  есте  сақтауына  көмектеседі.  Барлық  кедергілер  және 

25 
бұрылыстар  айтылу  қажет,  балаға  бұрыштар  мен  есіктерді  ұстап  көруге 
мүмкіндік беру қажет.  
Нашар  көретін  баланың  бағдарлауы  үшін  мектепке  кіретін 
баспалдақтарды  ашық  кереғар  түстерге  бояп  қою  қажет,  міндетті  түрде 
таяныш  болу  қажет.  Таяныш  баспалдақтың  екі  жағында  70  және  90  см 
биіктікте, төменгі сыныптар үшін — 50 см болуы қажет. 
Есіктер жақсы ашық кереғар түске боялу керек. Егер есіктер шыныдан 
болса, оның ашылатын тұсын ашық түсті бояумен бояп қою қажет. 
Көру қабілеті бұзылған оқушының тұтқадан ұстап бағдарлауы үшін 
мектептің дәлізі бойына барлық периметр бойынша тұтқалар жасалу қажет. 
Көруі бойынша мүгедектің бағдарлауын жеңілдету үшін мектеп ішінде 
еденді түрлі рельефті етіп жабуға болады (бағытты өзгерткенде еден рельефі 
де  өзгереді)  немесе  еденге  арналған  плиткалар  немесе  жай  ғана  кілемнен 
жасалған жолдар. 
Көру қабілеті бұзылған оқушыларға арналған киім ілгіште өтушілерден 
бөлек, арнайы орын арнау және оны таяныштармен, орындықтармен, сөмке, 
киім ілетін ілгектермен жабдықтау қажет.Баланың есіне сақтауы үшін ол 
жерге бірненше рет апарып көрсету қажет. 
Сыныпта  қолжетімді  және  қолайлы  жағдай  жасау  үшін  ұсынылады: 
көру  қабілеті  бұзылған  оқушыларға  арнап  рельефті  фактуралы  немесе  едені 
кілеммен жабылған белгілі бір оқушы орнын жабдықтау керек. 
Жұмыс  орнының  жарықтануына  аса  мән  беру  керек.  Парта  мұғалім 
үстелі  мен  терезеге  жақын  бірінші  орында  орналасуы  керек.  Оқушы 
диктофонды пайдалануына болады (оның конспектілеу тәсілі).  Мүмкіндігіне 
қарай,  әртүрлі  сабақта  қолданылатын  құралдар  тек  қана  көрнекі  емес 
сонымен  қатар,  зағип  бала  оны  қолымен  ұстау  үшін  рельефті  болып  келуі 
керек. 
Көз  қызметінің  мүмкіндігі  төмендемеуі  болмас  үшін  шаршауы  болмау 
керек.  Дер  уақытында  сабақ  өтетін  жердегі  іс-әрекет  және  жағдай  түрлерін 
ауыстыру  оқушылардың  жұмыс  жасау  қабілетін  көтеруге  көмектеседі.  В 
Көзді  сақтаудың  негізінде  жұмыс  орнын,  үй-жайды  тиімді  жарықтандыру 
жатыр.  Көру  қабілеті  бұзылған  балалар  үшін  партаның  жұмыс  жасайтын 
бетін,  баспалдақты,  дәліздерді,  денешынықтыру  залдарын  жарықтандыру 
жоғары болу керек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет