«Инновация» сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді.
ЦБР оқу үдерісінде пайдаланудың тиімділігі бір қатар факторлерге байланысты:
қолданылатын техниканың сенімділігі;
оқушылардың қызығушылығы;
қашықтықтағы мәліметтердің ақпараттық қорын пайдалана алу қабілеті;
компьютермен жұмыс жасай алу қабілеті;
ЦБР пайдаланудың дәлелдеуі және т.б.
Демек, оқу процесін технологияландыру дегеніміз – білім беру бағыттарына сай оқыту процесін құрастыру.
В.В. Каплан және К.А.Павлюткин ЦБР (цифрлық білім беру ресурсы) «пайдалану» оқушының жеке тұлғасының жетілуі үшін, ақпараттық қоғам талаптарында өз бетінше дайындалуға қолайлы жағдай тудырады деп ой тастайды.
Инновациялық іс-әрекеттің түрлі аспектілерін, білім берудің мазмұнын дамыту, жаңалықты енгізу мәселелерін Ю.К. Бабанский, Ш.Т.Таубаева, М.М. Жанпейісова, Ж.А.Қараев және т.б. қарастырған. Жаңа технология – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатына жету.
Қорыта айтқанда, оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, оқыту технологияларының тиімді жақтарын таңдап алу қажет және озық инновациялық технологиялар оқу-тәрбие үдерісіне белсенділікпен енгізілуі керек.
Көркем еңбек сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, заманауи ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарын тиімді пайдалану оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал етеді. Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігі мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейкестi мәселелердiң бiрi болып отыр.
• аз уақытта мол білімге қол жеткізіп, уақытты үнемдеу;
• білім, білік, дағдыларын тест арқылы бақылау;
• шығармашылық тапсырмалар орындау;
• қашықтықтан оқу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты аз уақыттың ішінде табу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып үрдістерін әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейту.
1. АКТ оқытудағы тақырып шеңберіндегі не қандай да уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Өте үлкен ара қашықтықта орналасқан әртүрлі оқу орнында оқуға, жоғары сынып оқушыларын емтихандар мен ҰБТ-ға даярлауға арналған жаттықтыру бағдарламаларын пайдалануға болады.
3. Оқыту жүйесінің көпденгейлі жетілдірілуі оқу сапасын арттырады.
4. Оқушы өз бетімен немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
5. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері жетіледі.
Осындай оқыту құралдарының бірі – цифрлық білім беру ресурстары. Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы оқушы өзбетімен шығармашылықпен айналысуға, теориялық білімін өмірмен ұштастыруға мүмкіндік алады.
Қорыта айтқанда, заманауи ақпараттық коммуникативтік технологиялар арқылы жүзеге асырылатын оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итермелеп, нәтижесінде өздерінің кәсіби әлеуетінің қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам жағдайында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын инновациялық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады. Оқушылардың заманауи ақпараттық коммуникативтік технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті дәстүрлі технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.
Оқыту үдерісінде мультимедиалық технологияларды пайдаланудың маңызы мен мүмкіндіктерін қарастырмас бұрын «мультимедиа», «мультимедиялық технологиялар», «бiлiм берудегi мультимедиа» және т.б. ұғымдардың анықтамаларына тоқталайық.