Инновациялық технологияларды қолдану арқылы «Көркем еңбек» пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың ғылыми негіздерін айқындау және оны әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету



бет2/4
Дата25.11.2023
өлшемі1,22 Mb.
#126659
1   2   3   4
Байланысты:
Инновациялық технологиялар

қарама-қайшылықтар орын алып отырғандығы байқалады.
  • Осы қарама-қайшылықтардан инновациялық технологияларды қолданып «Көркем еңбек» пәнін оқытудың тиімділігін арттыруға ықпал ету үшін оқытудың белсенді әдістері қандай болуы тиіс деген проблема туындайды. Осыған орай, бүгінгі ақпараттық қоғамда инновациялық технологияларды қолданып пәнді оқытудың тиімділігін арттырудың педагогикалық шарттарын айқындау өзекті мәселе болып табылады.
  • Осы айтылғандар дипломдық жобаның тақырыбын «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы «Көркем еңбек» пәнін оқытудың тиімділігін арттыру» деп таңдап алуға мүмкіндік берді.
    • Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық саласында, соның ішінде білім беру саласында да, жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
    • Қазіргі дамыған елдер инновациялық идеяларымен дүние жүзін жаулап келеді. Бүгінгі күні өмірімізге дендеп еніп, қолданысы кеңейе бастаған «инновация» термині ауыз екі тілде ғана емес, қоғамдық қарым-қатынаста кеңінен қанат жаюда. «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу, жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді. Басты мәні «бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі» деген түсініктеменің жиынтығы.
    • Инновация ұғымына жалпы энциклопедияның жаңа басылымында «инновация, жаңалық, жаңару – техникалық және технологиялық жетістіктер мен ашылымдардың немесе жаңалықтардың іс жүзіндегі қолданысы» деген анықтама берілген.
    • Ал, сөздікте «новация – бар нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни қандай да бір бөлігінің, қасиетінің, байланысының өзгеруі» делінсе, «инновация – мүлдем жаңа нәрсе, жаңалық» ретінде пайымдалады.
    • Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау нәтижелері «новация» мен «инновация» ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін көрсетті. Дегенмен, әдебиеттерде осы екі ұғымның әртүрлі анықтамалары кездеседі. Энциклопедиялар мен сөздіктерде «инновация» ұғымының әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады.
    1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет