Мультимедиа – компьютерлiк графикамен, суреттермен, қозғалыстағы бейнеақпараттармен, анимациямен, мәтiндермен, жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс iстеудi қамтамасыз ететiн интерактивтi жүйе.
Мультимедианың дамуы бейнетехникалық және дербес компьютерлiк технологиялардың өркендеуi нәтижесiнде жүзеге асуда. Мультимедиа статикалық (мәтiндiк, кестелiк, графиктiк) және динамикалық (анимациялық, бейнелiк), дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды iске асырады. Оның жалпы сипатын 1-суреттегiдей бейнелей аламыз.
Сурет 1 – Мультимедианы құрайтын
әртүрлi типтi ақпараттар.
Мультимедиалық технологиялар – әртүрлi типтi мәлiметтердi дайындау, өңдеу, бiрiктiру, ұсыну әрекеттерiн аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын технологиялар (әдiс-тәсiлдер) жиынтығы.
Мультимедиа технологиясын активтi түрде пайдалану оқытудың компьютерлiк технологияларын дамытудың болашағы бар бағыттарының бiрi.
Сонымен қатар, мультимедиа технологиясын пайдаланудың жаңа бағыттарының бiрi – компьютерлiк желiлерде телеконференциялар ұйымдастыру.
Мультимедиалық бағдарламалардың негiзгi атқаратын функцияларының бiрi – басқаруды қамтамасыз ету. Қажеттi ақпаратқа еш кедергiсiз ауысу мүмкiндiгi қамтылған. Мысалы, кинофильмдердi көру барысында мультимедиалық бағдарламалар пайдаланушыға қажетсiз кино үзiндiлерiн өткiзiп жiберудi, керектi киноүзiндiнi бiрнеше қайтара көрсетудi жүзеге асырады.
Осы орайда, мультимедиада қолданылатын бейнеақпарат түрлерін жіктеп көрсетуге болады:
Қозғалассыз бейне
Мәтін
Қозғалыстағы кескін немесе бейне
Анимация
Мультимедиалық технологияларды бiлiм сапасына әсерi, оқытудағы тиiмдiлiгi, қасиеттерi, субъект iс-әрекетiн дамыту мүмкiндiгi, т.б. сипаттамалары бойынша жiктеуге болады. (1 – сызба)
Сызба 1 – Мультимедианың оқытудағы сипаттамалары бойынша жiктелуi
Мультимедиалық технологияларды белгiлi бiр оқыту жүйесiнiң мазмұны мен әдiстерiне негiзделген жағдайда пайдалану тиiмдi. Мультимедиалық технологиялар мен оқыту әдістерiнiң өзара байланысы бiркелкi болмайды, яғни, бiр мультимедиалық құрал бiрнеше оқыту әдiстерiн қамтыса, ал керiсiнше, бiр оқыту әдiсiнде бiрнеше мультимедиалық технологиялар кешенi пайдаланылуы мүмкiн.
Оқыту процесiнде мультимедианы пайдаланып бiлiм берудiң: ақпаратты өңдеудiң когнитивтi аспектiлерi, оқытудың мотивациялық аспектiлерi, оқытудың коммуникациялық аспектiлерi, оқытудың танымдық аспектiлерi сияқты әртүрлi аспектiлерiн дамытуға болады.
Атап көрсетiлген аспектiлер негiзiнде мультимедиалық технологиялардың оқыту процесiндегi ақпараттық-коммуникативтiк қызметiн былай бейнелеймiз. (2-сызба)
Сызба 2 – Мультимедиалық технологиялардың оқыту процесiндегi ақпараттық-коммуникативтiк қызметi.
Мультимедиалық технологияларды тиiмдi пайдалану үшiн оның психологиялық-педагогикалық шарттарын қатаң бақылауда ұстау керек:
а) Оқу материалдарын тұлғаның қабылдау ерекшелiктерiн ескеру.
ә) Экрандық оқу материалдарының студенттер мен оқушылардың эмоциясына әсерiн бақылау.
б) Оқу материалдарын пайдалану кезiнде тұлғаның ойлау қабiлетiн аттыруға қозғау салу.