Иновация сұрақтар-жауаптары 54-71 аралығы 54.Ынтымақтастық педагогикасы технологиясын тәжірибеде қолданып көрсетіңіз К. Д. Ушинский, Н. П. Пирогов, Л. Н. Толстой, С. Т. Шацкий, В. А. Сухомлинский, А. С. Макаренко, Ж. Ж. Руссо, Я. Корчак, К. Роджерс, Э. Берн идеяларының негізінде ынтымақтастық педагогикасы туындады. Ынтымақтастық педагогикасының 3 мақсаттық бағыты анықталған: 1. Педагогикалық талап етуден педагогикалық қарым-қатынасқа көшу. 2. Балаға ізгілік-жеке тұлғалық тұрғысынан қарау. 3. Оқыту мен тəрбиенің бірлігі. Ынтымақтастық қарым-қатынас жүйесінде негізгі орынды «мұғалім – оқушы» алады. Мұғалім – оқушы, оқушы – мұғалім, оқушы – оқушы. Оқушы да субъект, мұғалім де субъект. Ендеше бұл екі субъект бірге əрекет етіп ешқайсысы бір-бірінің үстінен қарамайды. Ынтымақтастық педагогикасының төрт бағыты бар. 1. Балаға ізгілік – тұлға тұрғысынан қарау. Мектептің білім беру жүйесінің орталығына жеке тұлғаның барлық қасиеттерін дамыту қойылған. Мектеп мақсаты – жеке тұлғаның толық жəне азат дамуы үшін ішкі күшпен мүмкіншіліктерді ояту. Тұлғаға оқу-тəрбие үдерісін бағыттай отырып, жаңа көзқараспен қарау, педагогикалық қарым-қатынастың ізгіліктілігі жəне жариялылығы нəтиже бермейтін əдістерден бас тарту, жағымды Мен – тұжырымдамасын қалыптастыру, ізгілік, жеке тұлға тұрғысынан қарау идеяларын біріктіреді. 2. Дидактикалық белсенді жəне дамытушы кешен. Баланы «қалай» жəне «неге» оқыту керек деген сұрақтардың жаңа мүмкіншіліктері ашылады. Оқу мазмұны жеке тұлғаны дамы- ту құралы ретінде қарастырады. Оқыту қорытылған білім-білік дағдылары жəне ойлау қабілеті бойынша жүргізеді. Интеграция вариативтілік жағымды жағдай тудырады. 3. Оқу үдерісін формасы мен əдістерін жетілдіру бірқатар педагог жаңашылдардың авторлық жүйелерінде, атап айтқанда, В. Ф. Шаталовтың тірек сигналдары, Р. Штейнердің азат таңдау идеясы, С. Н. Лысенкованың алдын ала тапсырма беру, П. М. Эрдниевтің ірі блоктар идеясы, В. А. Сухомлинскийдің сыныптағы зияттық фоны, Л. В. Занков бойынша жеке тұлғаны дамыту, И. П. Волковтың шығармашылық жəне орындаушылық қабілеттері сияқты дидактикалық идеяларында ашылады. 4. Тəрбие тұжырымдамасы. Ынтымақтастық педагогикасының тұжырымдамасы қазіргі заман мектептеріндегі тəрбиенің дамуына сəйкес: білім мектебін тəрбие мектебіне айналдыру, оқушының жеке тұлғасын тəрбие жүйесінің орталығына қою, жалпыадамдық құндылықтардықалыптастыру, тəрбиенің ізгілік бағыттары, баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық мəдени дəстүрлерді жаңғырту, жеке тұлғалық жəне ұжымдық тəрбиені ұштастыру. Ынтымақтастық педагогикасының технологиясы мен идеологиясы білім беру мазмұнын айқындайды. 5. Қоршаған ортаны педагогикаландыру. Ынтымақтастық педагогикасы тəрбие құралы ретінде мектепті басты рөлге қойып отыр. Жеке тұлғанықалыптастыратын əлеуметтік институтқамектеп, жанұя жəне əлеуметтік орта жатады. Нəтижесі тəрбие беретін осы үш бастаудың əрекетімен анықталады. Сондықтан да алдыңғы қатарға құзіретті басқару идеясы, ата-аналармен ынтымақтастық қойылған. В. А. Буховаловынтымақтастық педагогикасының ұстанымдарын айқындады, ол дидактикалық материалдарды құрастырудың, өсіп келе жатқан тұлғаның адамгершілік жəне шығармашылық қасиеттерін тəрбиелеу мазмұнының, сабақта, сабақтан тыс жəне мектептің жалпы тұтас педагогикалық үдерісінде ынтымақтастық орнатудың жаңа əдістемесінжасады. В.А.Буховаловынтымақтастықпедагогикасының ұстанымдары деп төмендегілерді: - педагогикалық үдерістің адамгершілік жəне шығармашылық бағыттылығы; - жариялылыққа негізделген қарым-қатынас; - шығармашылық əрекетке деген мотивацияны дамыту; - өз бетімен білім алу жəне өзін-өзі тəрбиелеу білігін дамыту; - шығармашылық əрекет əдістерінің жетекші рөлін көрсетеді. Ол тəрбиенің мазмұндық негізін тұлғаның адамгершілік жəне шығармашылық қасиеттері құрылымының тығыз байланысында қарастырады. Ынтымақтастық педагогикасы жайлы ұғым. Көп жылдар бойы бастауыш білім беретін мектептің оқыту жəне тəрбие жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру, жаңғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық үдерісті жоғары ғылыми-əдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені олар ескі дəстүр бойынша оқытудың əдеттегі əдістерін, қағидаларын қолданып, жастарға білім жəне тəрбие беру ісі, қазіргі заманның талаптарын қанағаттандырмайды деп корытынды жасады. Осындай мақсатқа бағытталған педагогикалық идеялардың іске асырылуының нəтижесінде мектеп өмірінде тек қана мұғалім емес, əсіресе оқушы жайлы көп өзгерістер байқалады. Бұрын оқығысы келмейтін немесе оқуға қабілетсіз оқушы екінші, үшінші жыл орнында қалып, мектептен шығып кететін. Енді оқушыларды іріктеп алудан бас тартып, оларды оқыту керек. Оқыту үшін баланы ынталандыру, оған дем беру, себепші болу. Егер оқуға өздігімен талаптанушылығы жоқ болса дерлік, егер еріксіз көндірудің тəсілдері тіпті жоқ болса, егер пəнге жалпы қызығушылығы болмаса, егер біз өз міндетімізді орындағымыз келсе – онда алдымызда бір-ақ жол бар: біз балаларды қуанышты сезім жетістігіне алға қарай қозғалыс жəне дамуға шақыра отырып, оларды жалпы оқу еңбегіне тартуымыз керек. Əйтпесе балаларды оқытуға болмайды, – дейді бірауыздан жаңашыл мұғалімдер. Оқудың нəтижесі ынталылық пен қабілеттердің көбейтіндісіне тең. Егер ынталылық нөлге тең болса, онда барлық көбейтінді де нөлге айналады. Ал экспериментшіл мұғалімдердің бұл анықтамасы оқыту үдерісін жаңғыртуды қажет етеді. Олай болса бұрынғы педагогикадан айырмашылығы бар жаңа педагогика керек, оны ынтымақтастық педагогика деп атауға болады деген біркелкі көзқарастарға келген – олар. Мұндай педагогика балаларды ынтымақтастыққа, оқу еңбегіне жетектейді, табысқа жету үшін оларға сенімділік туғызады, артта қалмаудың жолын іздестіреді. Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша, баланы айқай, қорқыту арқылы тəрбиелеуге, оқытуға болмайды – бұл зорлау, еріксіз көндіру əдісі. Сондықтан олар баламен үндесуді құлық негізінде қарастырады. Адамгершілік жəне ынтымақтастық бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені олардың өмірге бейімделуі, өмір тəрбиесіне үйренуі мектептен басталады. Міне, осы тұрғыдан қарасақ, ынтымақтастық педагогикасы – құлық педагогикасы. Ынтымақтастық педагогикасының негізгі идеясы жəне оларды оқу-тəрбие үдерісінде қолдану. Тəрбие мақсатын жүзеге асырудың орта жəне жоғары мектеп зор рөл атқарады. Өйткені оларда барлық жастар оқып, еңбек етуге үйреніп дағдыланады. Тұлғаның дамуы мен тəрбиесі идеологиясының жаңаруы көптеген идеяларға негізделді. Олар: тəрбие мақсатының реализм идеясы; бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылардың бірлесу ісəрекетінің идеясы; тəрбие бағыттарының дербес идеясы; тəрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы; өзін-өзі талдау (анализдеу) идеясы; қиын мақсаттық идеясы; сүйеніш идеясы; ірі блоктар идеясы; ата-аналармен ынтымақтастық; мұғалімдердің ынтымақтастығы; өзін-өзі сыйлау идеясы; өзін-өзі басқару (реттеу) идеясы, т.б. Реализм идеясы, яғни тəрбиенің шынайы мақсатта – адамдарды қабілетіне жəне дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту. Шынайы мақсатының жетістік құралы – мəдениеттің базалық негізін игеру. Бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылардың бірлесу ісəрекетінің идеясы «Ынтымақтастық педагогикасы» қағидасынан туады, өйткені ол бастауыш сынып мұғалімі мен оқушылар еңбегінің бірлестігіне сүйенеді. Осындай бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушының шығармашылық ынтымақтастығы педагогикалық басшылықпен қамтамасыз етілуі тиіс. Тəрбие бағыттылығының дербес идеясы бастауыш сынып мұғалімнің оқушыларға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Барлық тəрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға – бала. Ол педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы зор ұқыптылықпен зерттеген жөн. Ұжымдық шығармашылық тəрбиеде ұжымдық бағыттылық идеясының мəні ете зор. Бірыңғай тəрбие ұжымы – бұл тəрбиешілер мен тəрбиеленушілердің бірлестігі, мұнда ересек адамдардың жастар жөніндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық жəне елеусіз қамқорлығы дамиды. Мұндай ұжымда тəжірибе ашықжəне елеусіз түрде тəрбиеші арқылы беріледі, оны тəрбиеленушілер ұжымдық шығармашылық іс – бұл біріншіден, барлық ұжым мүшелерінің істі бірігіп жоспарлауы, талқылауы, шешім қабылдауы; екіншіден, ұжымдық жұмыс ізденуге бағытталады, практикалық міндеттерді шешу үшін ұжым мүшелері ізденудің тиімді жолдарын, əдістерін, құралдарын қарастырады. Тəрбие ұжымының қозғаушы күші – жолдастық, тəрбиелілік, қамқорлық. Оның мəні адамдағы жолдастық сыйласу мен жолдастық талаптың бірлігі. Жолдастық тəрбиелік қамқорлықтың мақсаты – адамның жалпы қуанышы мен пайдасы үшін нақтылы істе оның шығармашылық күшін анықтау жəне дамыту. Өзін-өзі талдау идеясы. Балаларды өзін-өзі жеке жəне ұжымды талдауға үйрету қажет. Жаңашыл мұғалім Е.Н.Ильин оқушыларын өздерінің өмірі, іс-əрекеті жайында ойлануға үйретеді. Ата-аналармен ынтымақтастық. Мектепте, үйде балалар ересек адамдарға ашық сенгіштікпен қарайды деп ынтымақтастық педагогика жорамалдайды. Бұл үшін бірыңғай талаптар емес, үйде балалармен жолдастық, жылы-шырайлы қатынас болуы қажет. Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша, ата-аналар жиналысында балалар туралы сын көзбен ескерту жасауға болмайды. Балалар мен ата-аналар арасында ұрыс-керіс жағдайын болдырмау. Мұғалім балалар жөнінде ата-аналарға айтып наразылық білдірмейді, күнделіктеріне не болса, соны жазбайды. Балаңыз сабаққа дайындалмайды деп мұғалім əр ата-ананың есігін қағуды қоюы керек. Егер оқушы назар аударуды, көмек көрсетуді талап етсе, онда оған керегінше (бір ай, əлде бір жыл керек пе) көмек көрсету қажет. Осындай жылы қамқорлықты сезген бала ата-аналарына да ризашылықпен толық сенім білдіріп, зор ықыласпен оқып білім алуға, еңбек етуге тырысады. Бұл өмірдегі, еңбектегі, оқудағы қарым-қатынас бірлігінің беріктігі – ынтымақтастық педагогиканың қағидасы. Мұғалімдердің ынтымақтастығы. Экспериментшіл мұғалімдердің əрқайсысының педагогикалық еңбек өтілі 25-тен 40 жылға дейін. Олар əр түрлі мектеп ұжымдарында балалармен жұмыс істеген, талай мұғалімдер жəне директорлармен істес болған. Жаңашыл мұғалімдер, мүмкін ынтымақтастық педагогика өте күрделі, оны оқыту жəне тəрбиесінде қолдануға болмайтын шығар дейді. Шынында, олардың тəжірибесі бойынша кез келген мұғалімнің ынтымақтастық педагогиканың принциптерін іске асыруы мүмкін, бірақ бір айдың немесе бір тоқсанның ішінде жүзеге асыруы мүмкін емес. Əрине, егер кімде-кім жаңа педагогиканы ақылға салып ойластырса, ол өз жұмысының жақсара бастағанын байқайды. Өйткені ынтымақтастық педагогика үшін айрықша жағдайдың керегі жоқ, əдеттегі оқу бағдарламасы жəне оқулықтар бойынша əрбір мұғалім өзінің сыныбында, əрбір директор өзінің мектебінде қайта құру кезеңінде мəселелерді тың зерттеумен айналысады. Жаңа педагогиканың идеяларын кең түрде тарату керек. Сыныпта балаларды бір-біріне қарсы қоюға болмайды, сол сияқты мұндай жағдайды мұғалімдер арасына да болдырмау керек. Сонымен, осы идеяларды іске асыру үшін: біріншіден, оқу жəне тəрбие əдістерін жаңарту, екіншіден, балалармен қатынасты жаңарту; үшіншіден, мұғалімнің өзін-өзі жаңартуы; төртіншіден, оқушылармен жəне өзара ынтымақтасу. Өзін-өзі құрметтеу идеясы. Осы уақытқа дейін оқушының сабаққа, тəртіпке, жолдастарына, үлкен кісілерге қатынасы жайлы көбірек назар аударылды. Демек, оқушының мұндай көзқарасы, қатынасы мұғалім жəне мектеп жұмысындағы тəртіпке байланысты деп айтушылар да болды. Енді бұдан былай балаға көмектесу, дұрыс педагогикалық назар аудару, əсіресе бала өзіне-өзі көңіл аударуы қажет. Атап айтқанда, баланың өзін-өзі құрметтемеуі тұлғаның өз құнын кемітуі – бұл маскүнемдікке, нашақорлыққа салынуының, қылмысқа ілінуінің негізгі себептерінің бірі. Жас жігіт өзінше қоғамнан жəне қалыптаспаған тағдырдан кек алғысы келеді. Оған ешқашан жазалау, қауіп немесе дəлел əсер етпейді, өйткені болашағым жоқ деп қарайды, өзін-өзі құрметтемейді. Осы сияқты мұғалім де өзін-өзі құрметтемейді. Өйткені ол өзінің шығармашылық мүмкіншілігін ескермейді, жеңіл-желпі жетістіктермен қанағаттанады, тəртібі нашарлаған мектепте өзінің құқын қорғамайды, көнбістікке салынады. Мұғалімнің де жəне баланың да беделі, іс-əрекеттеріндегі жетістіктерді экспериментшіл-мұғалімдердің жаңа идеяларына, соның ішінде өзін-өзі құрметтеу идеясына байланысты. Баланың абыройы, мұғалімнің абыройы – бұл сөзсіз тұлғаны демократияландырудың құрамды бөлігі. Баланы құрметтеумен бірге өзін-өзі құрметтей білуге үйрету – сонда ғана ол басқаларды да құрметтей біледі. Үлкен адамдарға құрметтеу идеясы сөзбен немесе үндеу арқылы құрметтеу емес, тек баланың абыройын шын құрмет ету. Өзін-өзі реттеу идеясы. Əдебиет беттерінде өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі тəрбиелеу бір мағынаны білдіреді деп түсінушілер де бар. Шынында, өзін-өзі тəрбиелеу өзін-өзі реттеуге негізделеді. Ал өзін-өзі реттеу дəл мағынасында өзін-өзі тəрбиелеу емес. Өзін-өзі тəрбиелеу – бұл тұлғаның өзін-өзі реттеуде сыртқы ортаға, өз міндеттеріне саналы қатынасы жəне келешегіне көз жіберіп, талаптануының негізінде пайда болған қажеттілік. Қажеттіліктің, жауапкершіліктің, қызығушылықтың, абыройдың тұлғаның өзін-өзі реттеуі. Тұтас педагогикалық үдерісте өзін-өзі реттеудің мəні өте зор. Оқытуда зорлау, тəрбиеде бой ұсыну, бағыну сияқты əрекеттер баланы өзін-өзі реттеуден бездіреді. Барлық жаңа əдістеме, соның ішінде өзін-өзі реттеу жұмысына бағытталуы керек. Күнде сабақтан кейін міндетті түрде берілетін үй жұмысын оқыту үдерісінен шығарып тастап, В.Шаталов оқушыларға өз күнін, өзжұмысын өзінің жағдайына қарап (жұмыс бастылық, шаршау, кездейсоқоқиғалар, т.б.), реттеуге мүмкіндік береді, И.Волковтың оқушылары жұмыстарын өздері іріктеп таңдап алады. В.Краковский басқаратын 825-ші Мəскеу мектебінің оқушылары жұмыстарын өздері жоспарлайды. Бұл – ынтаны, қабілетті босату, яғни еркін қолдану. Бала тəртіп бұзушы емес, ол қабілетін өз бетінше іс-əрекетін орындауға дайын тұлға, оған толық мүмкіншілік беру керек. Жаңашыл ғалым И. П. Ивановтың əдісі бойынша тəрбиенің басты элементі ұжымда өзін-өзі талдау болады. Əрбір жалпы іске – өнімді еңбек пікірталас, жарыс, жорық, демек, түрлі ісəрекеттеріне қатысушылар ұжымдық талдау жасаулары қажет. Оқушыларды ұжымында өзін-өзі таңдауға үйрету зор педагогикалық шеберлікті талап етеді. Осыдан ересек адамдар мен балалар арасында ынтымақтастық туады. Оқушылар жалпы іс үшін тілектес болуға, оның барысын қадағалап бақылауға үйренеді, өздерін сол істің иесімін деп сезінеді. Оқушылар еңбегін жалғыз мұғалім ғана емес, барлық ұжым бағаласа, онда олар өздерін ылайықты ұстап жəне жұмысты жақсы істеуге тырысады. Бала күнінің жартысы оқушының бірегей мүмкіншілігінің дамуына көмектеседі. Күннің екінші жартысы оқушының бірегей мүмкіншілігінің дамуына көмектеседі. Күннің екінші жартысы оқушының өз ынтасымен орындайтын түрлі іс-əрекеттерге (спорт, музыка, пəн үйірмелері, жас техниктер жəне жас натуралистер үйірмелері, өнімді еңбек т.б.) арналады. Осыған орай, үйге берілетін оқу тапсырмасының көлемін мүлде азайту керек. Ол үшін шəкірттердің оқу материалдарын сабақ үстінде игеруін мұғалім қамтамасыз етуі тиіс. Тірек идеясы. Əдетте балаларды қабілетіне қарай үшке бөліп (күшті, орта, нашар) оқыту мектептерде орын алған. Бұл бізге Америка мектептерінен келген оқытудың бір түрі. Мектеп мұғалімдерінің балаларды оқыта білмегендігінен, оларды қабілетіне қарай топқа бөліп (тракинг) оқыту пайда болған. Нашар балалармен қосымша сабақтар өткізуде мектеп өмірінде қолданылып келді. Баланы қабілетіне қарай бөліп оқыту жəне қосымша сабақ өткізу мəселелеріне жаңашыл мұғалімдер қарсы болып, қабыл алмады. Тірек идеялары жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін тұтас педагогикалық үдерісте тиімді пайдаланудың əдістемелік тəсілдерін қарастыру қажет. Жаңа идеялар мектепті демократияландыру жəне ізгілендіру жағдайында жүзеге асырылады. Демократияландыру – бұл тұлғаның жан-жақты дамуының мақсаты мен құралы, бұл мектептің ведомстволық мүддеден қоғамның жəне тұлғаның мүддесі мен мұқтаждығына қарай бетбұруы, бұл мектептің ашықтығы, оған қоғамдық күшті жəне қоғамдық факторларды (мемлекет, қоғам) қатыстыру. Мектеп – бұл мемлекеттің, сондай-ақ қоғамның жəне тұлғаның білім жайындағы түсінігін қанағаттандыратын қоғамдық-мемлекеттік танылған жүйе. Ізгілендіру – бұл баланың жеке басын сыйлау. Педагогикалық үдерістің барлық дəрежесінде ең бастысы адамның өзі болуы тиіс. Сондықтан тұлғаны тəрбиелеу, оның бабын табу мектеп жұмысының негізгі мақсаты болуы тиіс. Ізгілендіру – бұл мектептің баланы өмірге дайындауда тек қана бағдар беруі емес, ол əрбір жас сатысында - балалық шақта, жеткіншектік шақта жəне жасөспірімдік шақта баланың бүгінгі өмірінің толық құнды болуын қамтамасыз ету.