Бірінші әдіс - оқытушының түсіндіруін күшейту. Әңгіме дәстүрлі оқыту жағдайындағы оқыту материалын сипаттай түсіндіруден проблемалық оқыту
жағдайындағы дәлелді түсіндіруге көшу туралы болып отыр. Оқытушының негізгі міндеті - түсіндіру жаңа сапаға ие болады, бұл сапа мыналармен сипатталады, оқытушы:
а) өзі жасаған проблемалық ситуация арасында жаңа ұғымның мәнін түсіндіреді;
ә) түсіндіре отырып, сол ғылым тарихында белгілі бір проблеманы шешуге алып келген ғылыми зерттеудің жолдарын, логикасын көрсетеді.
Меңгерудің ғылыми дәрежесін арттырудың екінші әдісі - сабақ беру мен оқудың жаңа қатынасын белгілеу, атап айтқанда, оқытушының түсіндірушілік міндетін орынды түрде шектеп, оқу проблемаларын шешу жолымен студенттердің ұғымдарды өздігінен ашу және түсіндіру жөніндегі іс-әрекетін кеңейту. Бұл анағұрлым маңызды тәсіл болып табылады. Өйткені проблемалық оқыту процесінде жаңа ұғымдардың мәнін студенттердің өздері продуктивтік шығармашылық қызмет барысында (оқытушының көмегімен және басшылығымен) ашады, оның үстіне қызмет зерттеу әрекеттерінің шеберліктері мен дағдыларын қалыптастырады, ал, білімді бір ғана «зердемен емес, өз ойының күш салуымен» алады.
Проблемалық оқыту – ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың негізгі тәсілі, ол адамның танымдық және практикалық қызметін реттеп отыратын белгілі бір жеке бастық субъективтік тұрғы ретінде ұғынылады,дүниетаным теориялық білімнің, практикалық тәжірибенің, идеялық-эмоциялық бағалардың жоғары синтезі ретінде анықталады.
58. Проблемалық оқыту технологиясын пайдаланудың ерекшеліктеріне мысал жазыңыз Проблемалық оқыту технологиясы тұжырымының ерекшеліктері:
• білімді меңгеру ішкі себептер негізінде пайда болған
басқарылмайтын үдеріс;
• бала дүниені тануда адамзат жүріп өткен жолмен жүреді;
• бала материалды сезім арқылы (көріп, тыңдап) қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;
• оқытуда табысқа жетудің шарттары;
• оқу-материалында проблема туғызу;
• баланың белсенділігі;
• оқытудың бала өмірімен, ойынымен, еңбегімен байланысы.
Проблемалық оқытудың қалыптасу тарихына үңілсек, Сократ өзінің шəкірттерін логикалық ойлауға, зерттеулердің нəтижелерін табуға бағыттап отырған. Руссо білімді игеруде ситуациялар қоюға мəн берген. Проблемалық оқытудың ең керекті əрекеті ізденіс болса, оны өз тəжірибесінде қолданған ғалымдар қатарында Песталоцци мен Дистервергтің еңбегі зор. Оқытудың осы əдісінің негізін қалап, оны жоспарлы түрде іске асырған Д.Дьюн болды. Кейінненоқытудың осы түріне Д. Бруннер, И. Лернер, Т. В. Кудрявцев, А. М. Матюшкин, М. И. Махмутов зор үлес қосты.Проблемалық оқытудың басқа əдістерден айырмашылығы – білім оқушыларға дайын күйінде ұсынылмайды, керісінше, олардың алдына белгілі бір проблеманы өз бетінше шешу міндеті қойылады. Осылайша іздену əрекеті барысында шешімді оқушылардың өзі тауып, білімді игеруге жол ашады.Проблемалы оқытудың теориялық мəселелерін М. И. Махмудов, А. М. Матющкин, И. Я. Лернер, Ю. Н. Бабанский жəне т.б. еңбектерінде зерттеген еді. Проблемалы оқытуға арнап жазылған жұмыстардың саны біршама баршылық. Бірақ соңғы кезде елімізде бұл əдісті оқу үдерісінде қолданудың жағдайы қанағаттанарлықтай болмай отыр. Бұған негізгі себептердің бірі əдебиетте проблемалы оқыту жайында біртұтас оң пікірдің болмауында жəне оның мəн жайын жақсы білетін мұғалімдердің аздығында.Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтап алға басқан кезеңінде проблемалы оқытуды игеріп, оқу-тəрбие жұмыстарында қолданбаса болмайды. Проблемалы оқыту сабағының дəстүрлі аралас сабаққа қарағанда біршама артықшылықтары төмендегі кестеде көрсетілген.Оқушылардың əр түрлі есептерін шығару, қойылған мəселелерді шешу кезінде өз білімдерін қолдана білуіне, маңыздысын іріктей білуіне, терең ойлай білуіне жасалынған талдау, проблемалық оқытудың арқасында оқушыларда жоғары дəрежеде өз бетімен жұмыс істеу қасиеті қалыптасатынын көрсетеді. Оқушылар талдаудың, іріктеудің, жіктеудің логикалық операцияларын ойдағыдай игере отырып, өз білімдерін жан-жақты қолдана білуге үйренеді. Сонымен қатар, оқушыларда ойлап-толғаудың биік деңгейі мен ақпараттарды өз күшімен игеруге қасиеттері пайда болады.Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тəрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр.Білім негізі бастауыш мектепте берілетіні анық. Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімі бағдарлама көлемінде ғана білім беріп қоймай, пəндер арқылы баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуі керек.Көптеген педагогтар жəне психологтардың сараптамасы бойынша əр түрдегі жаттығулардың тиімділігі, олардың нұсқалық сипатта болуында. Нұсқалық жаттығулар оқушылардың ой-өрісіндамытып ғана қоймайды, сонымен қатар оларда тұрақты білім-білік, дағдыны қалыптастырады.Ең тиімді тəсіл – жаттығуларды қорытындылау, сондай-ақ бір немесе басқа да қағидалар мен заңдылықты нақтылау мақсатында өткізу. Оқушы өз бетімен немесе оқытушы басшылығымен сол немесе басқа материалдарын қорытындылау кезінде-ақ дағды- ланады, əрі оны нақтылау жеңілдірек болады.Əртүрлі дəрежедегі байланысты ұтымды жүзеге асыру оқушылардың ақыл-ой іс-əрекеттерінің деңгейіне байланысты. Қандай да бір материалды түсіндіру мен бекітуде, олар жақсы түсінген білімдер қолданылып отырса, онда жаттығулар əдісін пайдаланған дұрыс. Ал оқушылар қиналып, өз бетінше орындай алмаса, онда əңгімелесу элементтері бар жаттығулар əдісін қолданған пайдалы. Ал материал ұсынуға күрделі болса онда түсіндіру əдісін жаттығулар əдісімен байланыстыра қолдану керек. Ең бастысы, кез келген əдіс-тəсілді таңдағанда оқушыларға оның қаншалықты қажеттілігін ескерген жөн. Бірақ түсінікті меңгертуде, білімді ортақтастыруда оқушылардың белсенділігіне пара-пар ойлау операциясын қалыптастыруды ешқашан ұмытпау керек. Проблемалы сабақ барысында бастауыш сынып оқушыларының жіберген қателіктерін талдаудың мынадай бағыты белгіленді: оқушылар жіберген қателіктерді анықтап алу; қателіктер кеткендігіне оқушылардың көздерін жеткізу; қателіктердіңжіберілу себептерін оқушылар күшімен анықтау; оқушылар қателіктердің жіберілу себептерін өз күшімен анықтай алмаған жағдайда, оларға көмек көрсету; оқушылармен бірлесе отырып қателіктерді түзету; Проблемалық сабақ ұйымдастыру төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді: проблемалы оқыту сабақтары дəстүрлі аралас сабақтармен салыстырғанда, біріншіден, көп дайындықты қажет етеді, екіншіден, сабақтың жүрісі көп уақытқа созылады; белгілі бір пəнді бөлінген сағатына сай игеру үшін пəн бағдарламасында көрсетілген тақырыптарды негізгі жəне қосалқы материалдарды бөліп алу қажет; қосалқы материалдарға бөлінген сағаттарды азайту арқылы негізгі материалдарға арналған сағаттарды көбейтуді ойластыру қажет; негізгі материалдарды оқытуды проблемалы сабақтарды ұйымдастыру арқылы өткізуге тырысып, қалғандарын дəстүрлі аралас сабақтармен өткізу пəн тақырыптарын үйлесімді игерудің ең тиімді жолы екендігі анықталады. Оқушылардың əр түрлі есептерін шығару, қойылған мəселелерді шешу кезінде өз білімдерін қолдана білуіне, маңыздысын іріктей білуіне, терең ойлай білуіне жасалынған талдау, проблемалық оқытудың арқасында оқушыларда жоғары дəрежеде өз бетімен жұмыс істеу қасиеті қалыптасатынын көрсетеді. Оқушылар талдаудың, іріктеудің, жіктеудің логикалық операцияларын ойдағыдай игере отырып, өз білімдерін жан-жақты қолдана білуге үйренеді. Сонымен қатар, оқушыларда ойлап-толғаудың биік деңгейі мен ақпараттарды өз күшімен игеруге қасиеттері пайда болады. Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тəрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім негізі бастауыш мектепте берілетіні анық. Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімі бағдарлама көлемінде ғана білім беріп қоймай, пəндер арқылы баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуі керек.
Қорыта келгенде, проблемалы тапсырмалар сабақтағы қорытындылардың қандай жəне қалай пайда болғандығын дəлел- дейді жəне логикалық ойлауға, ғылыми іздену жолына бағыттайды. Проблемалы тапсырмалар сезімге молырақ əсер етеді де, оқушының қызығушылығын, білімге іштей құмартушылығын дамытады. Құмартушылық, қызығушылық оқушыны өздігінен ізденуге жетелейді. Ізденіссіз шығармашылық ойлау жоқ. Проблемалық тапсырма нəтижесі оқушының өз бетінше еңбектенудегі дағдысы мен қабілетінің, іскерлігінің жетілген, ең жоғары дамыған сатысы деуге болады.