10 "ә" сыныбының әдебиет және биология сабақтарына қатысып қайттым. Ол пәндерді сол күні мен сияқты практикадан өтіп жүрген машықкер қыздар берді. Мен олардың да сабақ өту барысымен танысып қайттым. Өзіме біраз тәжірибе де алдым . Сабақ беру әдістерінен бөлек мен оқушылардың психологиясына да мән бердім. Сыныптың қандай екендігін, қандай темпераменттегі оқушылардың жиналғандығын зерттедім.Олардың сабақ өткізу барысындағы іс-әрекеттеріне, өздерін қалай ұстайтындарына да мән бердім. Біраз ерекше оқушыларды да байқап үлгердім. Алдағы уақытта одан сайын жақын тани түсіп, олармен жақсы қарым-қатынаста жұмыс жасауға тырысамын.
Практика жетекшісі ___________________________________________________
4 апта 13.02.2023 ж. -19.02.2023 ж.
Апта күні
Атқарылған жұмыстардың қысқаша мазмұны
14.02.23
Сынып сағатын әдеттегідей практиканттардың жетекшілігімен өтті. Тәрбие сағатын өткізу барысында олар замануи көптеген әдіс-тәсілдерді қолданды.Оқушылармен кері байланыс жасауды да ұмытпады.Одан кейінгі білім беру бағдарламасына сай Биология пәннің де практиканттар өткізді. Олар сабақтың басын сұрақ-жауаппен бастап, өткен тақырыптарға бір шолу жасап алып ғана , жаңа тақырыпты түсіндіруге көшті. Бұл өте жақсы ұйымдастырлыған тәсіл болды. Одан кейінгі сабақтарда мамандығыма сәйкес келетін География пәні бойынша 8 «Ә» сыныбының 3 курс практикантты өткізген сабаққа қатыстым. Практиканттң оқушыларды сабаққа ұйысдастыра алуы мен географиялық есептерді ашық әрі нақты түсіндіріп бергені ерекше ұнады.