Практикант қыздардың жетекшілігімен болған келесі сынып сағаты: «Жыр алыбы Жамбыл». Бұл тәрбие сағатында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерімен танылды. Өлең-шумақтарын жатқа айтып жарысты. Ән де айтылды. Соңында кері байланыста болды.Ал келесі Биология сабағында практиканттардың ашық сабағы болды. Ашық сабақ топпен ұйымдастырылған ерекше жұмыстармен және де ынталандыру ретінде берілген сыйлық-тәттілермен ерекше есте қалды.Ал АӘД дайындық сабағында шынайы автоматпен жұмыс болды. Бұл оқушыларды өте қатты қызықтырды.Бұдан оқушыларға қарапайым теориядан гөрі, іс жүзінде жүзеге асатын тәжірибенің ерекше орын алатынын байқауға болады.
6 апта 27.02.2023 ж. -05.03.2023 ж.
Апта күні
Атқарылған жұмыстардың қысқаша мазмұны
28.02.23
Сыныптық сабақ « 1 наурыз-Алғыс айту» атты тақырыпта өткізілді.Практиканттар тақырыпты видео, слайд, т.б заманауи технологиялардың көмегімен ерекше аша алды.Квесттік ойындар ойнатылып, соңы бір-біріне алғыс айтумен аяқталды.Ал одан кейінгі Биология пәні өткен тақырыптарды қайталаумен өтілді. Проблемалық және де ашық/жабық сұрақтар қою арқылы оқушылардың меңгерген білімдерін бір тексеріп, қорытты.Өткен сыныптардағы өтілген материалдарды да бір еске алды. Одан өзге оқушылар қойған сұрақтарға да жауап іздедік.Қалған сабақтарда алдағы бжбға дайындық, пысықтау жұмыстары жүргізілді.