Институты: Жаратылыстану институты Мамандығы/Тобы


апта 24.04.2023 ж. -30.04.2023 ж



бет8/10
Дата12.05.2023
өлшемі113,37 Kb.
#92743
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
14 апта 24.04.2023 ж. -30.04.2023 ж.

Апта күні

Атқарылған жұмыстардың қысқаша мазмұны

25.04.23


7 мамыр-Отанқорғаушылар күні және 9 мамыр- Жеңіс күні мерекелері қарсаңында «Ұлы ерлік ұрпаққа үлгі» атты тақырып аясында сыныптық тәрбие сағаттары жүргізілді. Сабақ барысында отандастарымыздың ерліктері мадақталды. Оқушылармен пікірталастар, әңгімелесулер болды. Сыныптың ер ұлдарымен азаматтық, патриоттық сезімдер жайлы сөз қозғалды. Ал келесі Биология сабағы оқушылардың дәптерін тексерумен және тақырыпты оқушылардың түсіндіруімен өткізілді. Ал География сабағында сыни тұрғыдан ойлайтын сұрақтар қойылды. Мұғалім сабақты сұрақ- жауап әдісі арқылы түсіндіріп, маңызды деген жерлерін дәптерге түрткізіп отырды.




15 апта 01.05.2023 ж. -07.05.2023 ж.

Апта күні

Атқарылған жұмыстардың қысқаша мазмұны

02.05.23


Сынып сағатты оқушылардың пробный емтихандардың болуына байланысты ауыстырылды. Ал қалған сабақтарда бөлім бойынша жиынтық бағалаулар-БЖБ алынды.



Практика жетекшісі ___________________________________________________


СТУДЕНТКЕ МІНЕЗДЕМЕ

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университетінің Жаратылыстану институты «6В01511»- География-Тарих білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Мұхтарова Айжан Қанатқызы Қасыл Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназиясында 23.03.2023 - 13.05.2023 уақыт аралығында үздіксіз (психологиялық-педогогикалық) практикадан өтті.


Бүкіл тәжірибе барысында студент педагогикалық іс-әрекетке, еңбексүйгіштікке және тәртіптілікке жауапкершілікпен қарауымен көзге түсті. Сондай-ақ оқушылармен де жақсы деңгейдегі қарым-қатынасты орнатады білді. Өзіңе белгіленген апта күндерінде бекітіліп, бөлінген сыныптарындағы сабақтарына тиісінше қатысып, үнемі қалмай жүрді. Сабақ өту барысын мұқият зер сала отырып қадағалады. Сынып сағаттарында өзінің дайындап келген ерекше заманауи әдіс-тәсілдерімен оқушылардың қызығушылығын оятып, жаңа білімдерді меңгеруге көмектесті. Тәрбие сағаттарында топтық тапсырмаларды қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді. Оқушылардың өз ойың ашық әрі еркін жеткізуіне өз үлесін қосты. Олармен әзіл-қалжың арқылы да, байыпты сөйлесу арқылы да тіл табыса алды. Оқушыларды тәртіпке салу жағынан біраз олқылықтар болды.Бірақ ол тәжірибемен жинақталып келіп, қалыптасатыны сөзсіз. Ойың дұрыс әрі нақты жеткізе білу арқылы сөйлеу тілі мен ойлау қабілетінің жақсы қалыптасқандығын көрсетті. Практика бойынша группасын қадағалап, бақылап жүруі-болмысынан көшбасшылық қабілетті де байқатты. Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мұқият. Сабақтарға уақытында, кешікпей келеді. Мектептің барлық мұғалім – қызметкерлерімен тез тіл табыса алды. Ең бастысы, табиғатынан педагог мамандығы бойына беріле отырып, өз мамандығын таңдауда қателеспегендігін анық айқындап көрсетті. Айжанның педогогикалык практикадан өту барысын бақылай отырып, оған өте жақсы деген баға бере аламыз.
Пән мұғалімі _______________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет