«интеграция казахстанской науки в международное научно образовательное пространство»



Pdf көрінісі
бет35/42
Дата15.03.2017
өлшемі8,62 Mb.
#9639
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42

Қорытынды.  Туристтік  қызмет  саласының  жан-жақты  дамуының 

жоспары  және  жобалауы  туристтік  аудандар  мен  рекреациялық 

территориялардың орналасуын ескеріп жасау керек. 

   Облыстағы  туризмнің  дамуының  жобалауы  облыстық  деңгейдегі 

тендерлік  негізде  жасалуы  керек.  Сондай-ақ  қаржыландыру,  кадрмен 

қамтамасыз  ету,  методикалық-ұйымдастыруда  кӛмек  беру  және  аталмыш 

мәселелердің орындалуын қадағалау міндетті іс болуы қажет. 

 

Әдебитеттер: 

1.

 

«2030-шы  жылға  дейін  Қазақстанның  даму  стратегиясын  іске 



асырудың  шаралары  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

жарлығы  28 қаңтар 1998 ж. № 3834 

2.

 

«Туристік  әрекет  туралы»  Қазақстан  Республикасының  заңы    13 



маусым 2001 ж. № 211-П 

3.

 



Уровень  жизни  населения  в  Казахстане.  Статистический  сборник. 

Под.ред.А.А.Смаилова, Алматы, 2010, 188 б. 

 

 

Краткое резюме 

В данной статье рассматривается концепция развития  туризма в Южно 

Казахстанской области и исследуется туристские ресурсы данного региона. 

 

Қысқаша тҥйіндеме 

Мақалада  туризм,  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  және  туристік 

ресурстары осы аймақтың дамыту тұжырымдамасы зерттеледі. 

 

Executive summary 

This  articleexamines  the  concept  ofthe  development  of  tourismin  the 

SouthKazakhstan regionand investigatetourist resourcesof the region. 

 

 



 

 

 



На

рх

оз



 У

ни

ве



рс

ит

ет



і

326 

 

УДК: 004:378(574)                                                              Макиленов Ш.Н. 



«НАРХОЗ» университеті 

 Ғылыми-педагогикалық магистратурасының 1 курс магистранты 

Мамандығы: Есептеуіш техника жәнепрограммалық 

қамтамасыздандыру 

Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., доцент Алдажаров Қ.С. 

 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА КРАУДСОРСИНГ ӘДІСІН 



ҚОЛДАНУ 

Кілттік  сөздер:  краудсорсинг,  қатысушылар,  краудсорсинг  алаңы, 

тақырыптық  бөлімдер,  краудсорсингті  ұйымдастырушы,ақпараттық 

технологиялар, жоғары оқу орынның білім беру жүйесі 

Ключевые 

слова:краудсорсинг, 

участники 

краудсорсинга, 

краудсорсинговая 

площадка, 

тематические 

блоки, 

организатор 

краудсорсинга,  информационные  технологий,  образовательная  система 

высших учебных заведений 

Keywords:crowdsourcing,  participants  in  crowdsourcing,  crowdsourcing 

platform, thematic units, the organizer of crowdsourcing, information technology, 

education system of higher education institutions 

 

Әлемде  батыстан  келген  «Краудсорсинг»  ұғымы  әр  түрлі  әлеуметтік 

қабаттарда  орын  тауып  қана  қоймай,  оның  кӛптеген  салаларда 

қолданылуыжылдан  жылға  қарқындай  түсуде.  Осыған  себеп  ретінде  оның 

тиімділігі,  материалды  және  техникалық  қолжетімділігі,  сондай-ақ  жоғары 

нәтижелілік және тағы басқа да факторларды келтіруге болады.Халқымызда 

«Асарласқан  жүк  жеңіл»  дегендей,  краудсорсинг  әдісі  де  алға  қойылатын 

мәселелерді кӛпшіліктің күшімен шешуге бағытталған.  

Уикипедия  ашық  энциклопедиясында  краудсорсинг  ұғымына  келесідей 

анықтама  берілген:  «Краудсорсинг  -  үлестірілген  мәселе  шешу  және 

ӛндірістік  модель.  Бұл  терминнің  классикалық  қолданысында  тапсырмалар 

анықталмаған шешім дайындаушылар тобына ашық түрде (кӛбінесе интернет 

арқылы)  бағытталады.  Кӛпшілік  топ  ӛз  шешімдерін  тапсырғаннан  кейін, 

қабылданған  шешімдер  (solutions)  краудсорсердің  (тапсырыс  берушінің) 

иелігінде  қалады.  Шешімге  үлесін  қосушылар  кейбір  жағдайларда  ақшалай, 

сыйлық немесе танылу арқылы ӛтеледі.» [1]. 

Краудсорсинг  терминін  (ағыл.  crowdsourcing,  crowd  —  тобыр,  топ, 

кӛпшілік,  sourcing  —  ресурстарды  қолдану)  алғаш  рет  2006  жылы  Wired 

журналының  редакторы  Джефф  Хау  (Jeff  Howe)  ӛзінің  «Краудсорсинг 

шығуы» (The Rise of Crowdsourcing) атты мақаласында атап ӛтті. Содан бері 

бұл ұғым кең таралып, қазіргі таңда мәселерді шешуге арналған жеке бағыт, 

әдіс  ретінде  қарастырылуда.  Бұл  әдіс  аутсорсинг  әдісіне  балама.  Негізгі 

айырмашылығы  –  краудсорсинг  еңбек  келісім-шартсыз  анықталмаған 

кӛпшіліктің ресурс ретінде қолданылуын білдіреді[1]. 

На

рх

оз



 У

ни

ве



рс

ит

ет



і

327 

 

Айтарлықтай,  краудсорсингтің  осындай  қарқында  дамуына  ақпараттық 



технологиялардың  дамуы  негізгі  септігін  тигізгені  сӛзсіз.  Ақпараттық 

технологиялар  краудсорсингке  қатысушыларды  біріктіретін  құрал  болып 

табылады. Яғни, қазіргі таңда интернет желісі кӛпшілікке қолжетімді болып 

келеді.  Соның  арқасында  web-сайттар  арқылы  мәселелердің  шешімдерін 

немесе жаңа идеялар мен ойларды кӛпшіліктен жинайтын кӛптеген жобалар 

бар.  Мәселелерді  шешу  үрдісінде  краудсорсинг  әдісі  жаңа  мәдениеттің 

бастамасы болды деп айтуға болады. 

Осыған  дәлел  ретінде  «Уикипедия  ашық  энклопедиясын»  келтіруге 

болады. Әлемге әйгілі бұл жоба энциклопедиялық анықтамаларды дүние жүзі 

халқынан  жинайды,  кез  келген  тұлға  анықтамалар  қорына  толықтырулар 

немесе  түзетулер  енгізіп,  оның  дамуына  ӛз  үлесін  қоса  алады.  Сол  арқылы 

уикипедия үнемі жетілдіріліп отырады [2]. 

Сонымен  қатар,  краудсорсинг  әдісіне  қатысты  мысалдар  қатарына 

InnoCentive  –белгілі  мәселелерге  шешімдер  генерациялау  орталығы, 

Threadless  –  футболкалар  ӛндірісі,  iStockphoto  –фотосуреттер  қоры,  Linux  – 

ашық кодты операционды жүйесі және т.б. жатқызуға болады [2]. 

Краудсорсинг әдісінің артықшылықтары келесідей: 

1.

 



Қаржы жағынан тиімді, себебібұл әдісте қатысушылар ӛз еріктерімен 

мәселеге  қатысты  ӛздерінің  ұсыныстарын  береді.  Ұйымдастырушының  ӛз 

шешіміне байланысты қатысушыларды ынталандыру мақсатында сайыстар 

жүргізіп, «ең жақсы, пайдалы ұсыныс» иелерін мараппаттауға болады. 

2.

 

Мәселе кең ауқымды қарастырылады. Бір ғана адамға мәселені егжей-



тегжейлі  қарастыру  қиынға  соғады.  Сонымен  қатар  уақыт  алады.  Ал 

мәселені  кӛпшілік  қарастырса,  онда  ол  жан-жақты,  әрі  жылдам 

қарастырылады.  Сондықтан,  мәселенің  кең  ауқымды  қарастырылуы 

қатысушылар санына тура пропорционал. 

3.

 

Ең  тиімді  жолды  таңдап  алу  мүмкіндігі.  Кӛпшіліктен  түскен 



ұсыныстар  алуан  түрлі  болу  ықтималдығы  да  қатысушылардың  санына 

тәуелді.  Қатысушылар  кӛп  болған  сайын,  ұсыныстардың  түрлері  арта 

береді.  Ал  ұйымдастырушы,  ӛз  кезегінше,  осы  ұсыныстардың  ішінен  ең 

тиімдісін таңдап ала алады. 

4.

 

Ӛзін  ӛзі  жарнамалау.  Қатысушылар  ӛнімді  ӛндіруде  ӛздері  қатысқан 



болса, ол ӛнімді олар жақсы танып біледі. Сондықтан, бұл ӛнім қатсушылар 

арасында  жарнамаланды  десе  де  болады.  Осы  әдіс  кӛмегімен  ӛнімді 

жарнамалауға  кеткен  шығынды  азайту  арқылы  ӛнімнің  ӛзіндік  құнының 

тӛмендеуіне ықпалын тигізуге болады. [3] 

Осы әдістің кемшіліктері де бар: 

1.

 



Үміттің ақтамалмауы. Әдетте кейбір жерде краудсорсингті мәселенің 

шешімі  ретінде  қарастырады.  Бұл  қате  тұжырым.  Краудсорсинг  әдісі  тек 

белгілі  бір  мәселенің  шешімін  табуға  арналған  құрал  ғана.  Сол  себепті  осы 

құрал  кӛмегімен  керекті  шешім  табу  мүмкіндігі  бар,  дегенмен  пайдалы 

шешімдердің  болмауы  да  әбден  мүмкін.  Осыған  әсер  ететін  факторлар: 

краудсорсинг алаңына шығарылған тақырыптық бӛлімдердің мазмұндылығы, 

На

рх

оз



 У

ни

ве



рс

ит

ет



і

328 

 

қатысушылар 



саны, 

қатысушылардың 

білім 

деңгейлері, 



ұйымдастырушылардың біліктілігі және т.б. 

2.

 



Ұйымдастыруға 

кететін 


шығындар. 

Краудсорсинг 

алаңын 

ұйымдастыру  ӛзекті  мәселе  болып  табылады.  Оны  ұйымдастырушылар  ӛз 



күшімен  немесе  сонымен  айналысатын  ұйымдар  кӛмегімен  жүзеге  асыра 

алады.  Бұл  жерде  краудсорсинг  алаңының  күрделілік  дәрежесі  мен  оның 

бағасы басты қарастырылатын критерийлер болып табылады. [3] 

Қолдану  тиімділігі  үшін  краудсорсинг  әдісі  ӛндірісте,  бизнесте, 

медицина,  саяси,  техника  және  т.б.  салаларда  орын  тапты.  Осы  мақалада 

краудсорсинг  әдісін  жоғары  оқу  орындарда,  яғни  жоғары  білім  беру 

саласында пайдалану туралы айтылады. 

Қазіргі  кезде  кӛптеген  жоғары  оқу  орындар  заманауи  талаптарға  сай 

болу  мақсатында  инновациялық  технологиялар  мен  жаңа  ақпараттық 

жүйелерді пайдалануға күш салып жатыр. Сондықтан да краудсорсинг әдісін 

жоғары  білім  беру  жүйесінде  пайдалану  арқылы  ЖОО  ішкі  үрдісін 

оңтайландыруға,  оқу  үрдісін  жетілдіруге,  оқу  құралдарын  құруға  болады 

және  де  бұл  әдіс  оқулықтарды  аудару  ісінде,  ЖОО  белгілі  мәселелерге 

шешімдер  мен  жаңа  идеяларды  генерациялауда  орасан  зор  үлесін  тигізе 

алады (сурет 1).  

 

Сурет 1. Краудсорсинг әдісін жоғары білім беру жүйесінде пайдалану 



 

Краудсорсинг алаңы ретінде жеке web-сайт немесе ЖОО порталын алуға 

болады.  Бұл  алаңда  тақырыптық  бӛлімдер  –  мәселелер  немесе  жаңа  ой-

толғаулар орналасауы қажет. Қатысушыда ӛзіне қызықты тақырыпты таңдап, 

соған қатысты ӛзінің шешімін, идеясын ұсына алатын мүмкіндік болу керек. 

Ұсыныс мәтіндік, кестелік, графикалық, диаграмма және басқа да түрде бола 

алады. 

Қатысушы  қатарына  осы  ЖОО  профессорлы-оқытушылар  құрамын, 



студенттерін,  магистранттарын,  докторанттарын,  қызметкерлерін  ғана  емес, 

сондай-ақ сырттан тіркелген тұлғаларды да қосуға болады. Мәселен, мектеп 

түлектеріне ЖОО қандай талаптарға сай болуы қажет екені туралы сауалнама 

жүргізу  үшін,  краудсорсинг  алаңында  сәйкес  тақырыптық  бӛлім 



Жоғары білім 

беру саласы 

Ақпараттық 

технологиялар 

Краудсорсинг 

әдісі 

На

рх



оз

 У

ни



ве

рс

ит



ет

і


329 

 

орналастырып, түлектерді краудсорсингке қатысушы ретінде тіркеп, олардың 



ұсыныстарын жинауға болады. 

Осындай 


краудсорсингтік 

әрекетті 

жүргізу 

үшін 


ұйымдастырушылардың біліктілігі ӛте маңызды фактор. Баршаның назарына 

ұсынылған 

мәселелер 

мен 


ой-толғаулардың 

сауатты 


құрылуы, 

қатысушылардан  қайтатын  ұсыныстардың  сапасына  тікелей  ықпалын 

тигізеді.  Сондықтан  да  ұйымдастырушы  краудсорсинг  алаңындағы 

тақырыптық  бӛлімдерінің  түсінікті,  толық  мағыналы,  тым  күрделі  емес 

болуын  қадағалап  орналастыруы  абзал.  Себебі,  краудсорсингтің  негізгі 

идеясы – қатысушылардан құр жауап қана алып қою емес, қатысушылардан 

түскен  ұсыныстар  олардың  мәселені  шешудегі  ізгі  ниеттерінің  нәтижесі 

болуы қажет. 

Краудсорсинг  әдісін  пайдалануда  ең  басты  мақсат  тиімді  идея  табу, 

керекті шешімге жету. Кейін осы шешімдерді жүзеге асыру мәселесі туады.  

Осы үрдісті жүйелі түрде келесі сұлбада кӛрсетуге болады (сурет 2) : 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Сурет 2. Краудсорсинг әдісінің орындалу үрдісінің сипаттамасы 

 

Краудсорсинг  әдісінің  кең  мүмкіндіктері    жоғары  оқу  орындарының 



ӛнімділігін  арттыруға  салмақты  ықпалын  тигізе  алады.  Ең  бастысы,  оны 

дұрыс  ұйымдастыру,  яғни  қолжетімді  краудсорсинг  алаңын  құру, 

тақырыптық  бӛлімдерде  мәселені  сауатты,  түсінікті  етіп  мазмұндау, 

жеткілікті  қатысушылар  санымен  қамтамасыз  ету  және  тағы  да  басқа  қыр-

сырлы ерекшеліктеріне кӛңіл бӛлу қажет. 

Жоғарыда  аталып ӛткендей,  краудсорсинг  –  мәселенің шешімі емес,  ал 

тек  сол  шешімге  жетуде  қолданылатын  құрал.  Ал  шешім  –  ол 

қатысушылардан  қайтқан  жауап  қана  емес,  ол  олардың  сол  мәселені 

шешудегі ізгі ниеттерінің нәтижесі. 

 

 



Қ 

А 

Т 

Ы 

С 

У 

Ш 

Ы 

Л 

А 

Р

 

Ҧ 

Й 

Ы 

М 

Д 

А 

С 

Т 

Ы 

Р 

У 

Ш 

Ы

 

ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ 

 

КРАУДСОРСИНГ 



АЛАҢЫ 

Тақырыптық 

бӛлімдер 

2  





… 

 

Нәтиже 

 

Идея 

Шешім 

На

рх



оз

 У

ни



ве

рс

ит



ет

і


330 

 

 



Әдебиеттер: 

1.Уикипедия  ашық  энциклопедиясы.  Ресми  интернет  ресурсы  [Электронды 

ресурс].–URL:

https://kk.wikipedia.org/

 

2.Джефф Хау. Краудсорсинг. Коллективный разум как инструмент развития 



бизнеса Москва: Альпина Паблишер–2012. 

3.Макиленов 

Ш.Н. 

Краудсорсинг 



как 

инструмент 

оптимизации 

производстенных  процессов.  «G-GLOBAL  STUDENT».  Сборник  тезисов. 

Международной  студенческой  научной  конференции.  Школы  прикладных 

наук. - Алматы: Экономика, 2015. С.398-402. 



Қысқаша тҥйіндеме 

Бұл  мақалада  краудсорсинг  ұғымы  туралы  анықтамалық  ақпарат 

берілген.  Сонымен  қатар  мұнда  краудсорсинг  әдісінің  жоғары  білім  беру 

жүйесінде  пайдалану  ерекшеліктері  қарастырылған,  аталған  әдістің 

артықшылықтары, кемшіліктері, тиімділігі жайлы мәселе талқыланып, оның 

орындалу үрдісіне сипаттама берілген. 



Краткое резюме 

В  данной  статье  дается  справочная  информация  о  понятии 

краудсорсинга.  Также  здесь  рассмотрены  вопросы  использования  метода 

краудсорсинга  в  системе  высшего  образования,  изложены  преимущества, 

недостатки, эффективность использования данного метода и описан процесс 

его выполнения. 



Executive summary 

This  article  provides  data  about  crowdsourcing.    And  also  this  article 

discusses  about  using  crowdsourcing  in  high  education  system,  expounds  the 

advantages and disadvantages, efficiency of this method and describes the process 

of its implementation.  

 

 

УДК 338.488 (574)                      Мақтабекова Айкӛзім Ғалымжанқызы 

Университет «Нархоз» 

                                                  Туризм 241 группа 

                                                  Руководитель: Сайдуллаев С.З 

 

БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМ ТҤРЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 

 

Кілттік сӛздер: туризм, аймақ, табиғи ресурстар, қызмет кӛрсету саласы 



Ключевые  слова:  туризм,  регион,  природные  ресурсы,  сфера  услуг 

Keywords: tourism, region, natural resources, service business 

 

   Әлемдік  экономикада  туризм  басты  ролдердің  бірін  атқарып  отыр.  БТҰ 

кӛрсеткіштері  бойынша  туризм  әлемдік  ішкі  ұлттық  ӛнімнің  оннан  бір 

бӛлігін,  халықаралық  инвестициялардың  11  пайыздан  астамын,  ал  әлемдік 

ӛндірісте  әрбір  9-шы  жұмыс  орнын  қамтамасыз  етеді.  Туризмнен  келетін 

На

рх



оз

 У

ни



ве

рс

ит



ет

і


331 

 

кіріс-пайда  мұнай,  мұнай  ӛнімдері  және  автомобиль  экпорттарынан  түсетін 



пайдадан кейінгі орынды алады. 

Туризмнің  тұрақты  ӛсуі,  ең  алдымен,  ӛмір  сүру  деңгейінің  ӛсуі, 

инфрақұрылымды  жетілдіру,  елдер  мен  халықтардың  бір-бірімен  мәдени 

және  экономикалық  жақындасу  тенденциясының  күшеюіне  әкеледі.  Туризм 

жеке  елдің  экономикасында  бірқатар  маңызды  функцияларды  орындайды, 

мысалы, валюталық кіріс кӛзі және еңбекпен қамтамасыз ету құралы ретінде 

қызмет  етсе,  енді  бір  жағынан,  елдің  тӛлем  балансы  мен  ішкі  ұлттық  ӛнім 

үлесін  кеңейтеді;  туризм  саласында  еңбекпен  қамтамасыз  ету  деңгейінің 

ӛсуіне себепкер болады, яғни бұл халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына 

әкеледі. 

Ӛзіндік  табиғи  жағдайлары,  әдемі  табиғи  ландшафттар,  кӛрнекті 

жерлерімен  ерекшеленіп,  тарихи  байлығы,  халқымыздың  кең  пейіл 

қонақжайлылығымен  туристер  кӛңілін  тартатын  біздің  еліміз  ішкі 

туристердің  ғана  емес,  сонымен  қатар  шетелдік  туристердің  де 

қызығушылығын  тудырады.  Соның  ішінде  әлемде  бүгінгі  таңда  туризмнің 

белсенді түрлеріне деген қызығушылық күннен-күнге артуда. 

Осының  бәрін  ескеретін  болсақ,  туристік  қызмет  кӛрсету  нарығының 

даму процестерін зерттеу аса мәселесі ӛзекті болып табылады. 

Ӛзіндік  туризм  –  бұл  туристердің  ӛздері  құрастырған  немесе  туристік 

клубтардың  кеңесімен  берілген  маршрут  бойынша  саяхаттау.  Ол  белсенді 

қозғалыс түрімен ерекшеленетіндіктен оны белсенді туризм деп атайды.  

Бұл  туризм  түрінің  спорттық  сипаты  және  жасӛспірімдік  қатысушылар 

категориясы оның ерекшелігін айқындайды.  

Белсенді 

туризмнің 

жіктемесі 

туристік 

шаралардың 

негізгі 

нысандарымен  және  қозғалыс  тәсілінің  белсенді  түрлерімен  анықталады, 

олардың қатарына мыналар кіреді:  

 



саяхаттар және экспедициялар;  

 



туристік слеттар; 

 



туристік-спорттық сайыстар; 

 



оқу-туристік семинарлар. 

Туристік  саяхат  –  бұл  белсенді  қозғалыс  түрлерін  қолдана  отырып, 

белгілі бір аймаққа жасалған маршрут бойынша саяхаттау. Саяхаттар туризм 

түрлері  бойынша  (жаяу,  шаңғымен,  таумен,  сумен  және  тағы  басқалар), 

маршрут  ұзақтығы  бойынша,  күрделілік  категориясы  бойынша  түрлерге 

бӛлінеді. Сонымен қатар, туристік саяхаттарды мақсаты бойынша да бӛледі:  

 

сауықтыру; 



 

спорттық; 



 

оқу-жаттығулық;  



 

ғылыми-танымдық;  



 

экзотикалық. 



Экспедиция – аз зерттелген ауданға нақты белгіленген мақсат бойынша 

маршрут:  ауданды  зерттеу,  құрал-жабдықтарды  сынақтан  ӛткізу,  ғылыми 

және методикалық жұмыстарды орындау.  

На

рх



оз

 У

ни



ве

рс

ит



ет

і


332 

 

Туристік слет – алдын ала қойылған бағдарламаны орындау мақсатында 



туристтердің табиғатта белгілі бір жерде жиналуы.  

Туристік-спорттық  сайыстар  –  бұл  белгілі  бір  туризмнің  техникасы 

бойынша  ӛткізілетін  комплекстік  шаралар  (шаңғы,  тау,  су  туризмінің 

техникасы, белгілі бір аймақта туристік-спорттық бағдарламалар).  

Ӛзіндік туризм аясында саяхаттарды ұйымдастыру арнайы дайындалған, 

лицензиясы  бар,  мамандандырылған  мамандармен  жүргізіледі,  олардың 

қатарына мыналар кіреді:  

 



туристік ұйымдастырушы; 

 



туристік саяхаттың жетекшісі;  

 



туризм бойынша инструктор; 

 



туризм бойынша судья;  

 



методисттер;  

 



менеджер – туроператорлар;  

 



менеджер – турагенттер;  

 



құтқару қызметінің жұмысшылары. 

Бұл мамандар туристік мекеменің штатты жұмысшылары және штаттан 

тыс жұмысшылары бола алады.  

Жалпы  ережелерге  сай  туристік  саяхаттар  топ  жетекшісінің 

басшылығымен  топпен  ӛткізіледі.  Топтың  ішінен  жабдықтауға,  тамаққа, 

туристік  құралдарға  жауапты  адам  тағайындалады.  Топтың  құрамында 

міндетті  түрде  дәрігер  немесе  фельдшер  болуы  тиіс.  Топтың  құрамындағы 

оптималды адамдар саны 10 – 12 адам. Саяхатқа қатысушылар туристік және 

спорттық  саяхаттың  ережесімен  таныс  болуы  керек,  жақсы  дайындықтан 

ӛткен және топ жетекшісінің бұйрығын орындаулары керек.  

Күрделілігі ең тӛменгі саяхат кезінде топтың минимальды құрамы ересек 

адамдар  үшін  –  4  адам,  мектеп  оқушылары  үшін  –  8  адам  (шаңғы  мен  тау 

туризімінен  басқалары.).  Саяхат  кезіндегі  топ  құрамындағы  қатысушылар 

саяхаттың күрделілігіне байланысты:  

 

бір-екі күндік серуен, экспедиция, экскурсиялар – 30 адамға дейін;  



 

1,2,3 күрделілік категориялы саяхаттар – 20 адамға дейін;  



 

1- ші күрделілік категориялы саяхаттар – 15 адамға дейін; 



Топ  жетекшісінде  туристік  және  арнайы  дайындығы,  тәжірибесі  және 

мынадай қосымша талаптарға сай болуы керек:  

 

психология, педогогика, және физиология негіздерін білу.  



 

алғашқы медициналық кӛмек кӛрсете білу. 



Топ  жетекшісі  саяхатқа  қатысушылардың  қауіпсіздігіне,  денсаулығына 

және ӛміріне жауап береді, сонымен қоса белгіленген жоспарға байланысты 

саяхатты ӛткізуге жауап береді.  

Саяхатқа дайындалу келесі кезеңдерді орындаудан тұрады:  

 

маршрут трассасын және оның ерекшеліктерін зерттеу;  



 

шығындар кӛлемін және қаржыландыру кӛздерін анықтау; 



 

саяхатта болу күндерін анықтау;  



На

рх

оз



 У

ни

ве



рс

ит

ет



і

333 

 



 

қауіпсіздік шараларын құру; 

 

қажетті құралдарды жинақтау және сынау; 



 

азық-түлік ӛнімдерін дайындау;  



 

күндер бойынша және шаралар бойынша кестенің жоспарын жасау; 



 

қатысушылар құрамын жинау және оларды міндеттері бойынша бӛлу; 



 

туристік құжаттарды рәсімдеу; 



 

қатысушылардың медициналық куәліктері; 



 

саяхатқа қатысушыларды практикалық және теориялық дайындау; 



 

құралдарды, жабдықтарды, азық-түлікті жинау және тағы басқалар.  



2-ші  және  3-ші  сатылы  күрделілік  және  1-2  категориялы  маршрутқа 

шығар  алдында  10  күн  бұрын  маршрут  ӛтетін  аймақ  туралы  хабарламаны 

құтқару қызметіне жіберу керек. 

Қазіргі кезде белсенді туризмнің тағы бір түрі ретінде су туризімі біздің 

елімізде  кең  қарқынмен  дамып  келеді.  Қазақстан  территориясы,  әсіресе 

Шығыс аймақ белсенді су туризімі үшін қолайлы, әрі керемет аймақ. Себебі 

Шығыс  Қазақстанда  таудан  құлап  аққан  ӛзендер  су  туризімімен 

айналысатындар  үшін  таптырмас  байлық  болып  табылады.  Қазіргі  кезде 

Бұқтырма, Ақсу, Қатын, Тұрғысын, Үлбі, Қара және Ақ Уба ӛзендері арқылы 

рафтинг, сплав, каякинг сияқты белсенді турларды ұйымдастыруға болады. 

Атты туризм – бұл атқа мініп немесе атты туризм экипажында болатын 

саяхаттар.  Атқа  мініп  жүру  адамның  барлық  денесіне  белсенді  жүк  түсіру 

арқылы сауықтыру әсерін тигізеді. Атты туризмнің басты ерекшелігі мынада: 

маршрут  кезінде  барлық  құралдар  мен  жүктер  кӛп  мӛлшерде  арнайы 

аттармен немесе атқа шегілген арбада тасымалданады.  

Әр  жыл  сайын  туристік  атты  саяхаттарға  40  мыңнан  аса  адамдар 

қатысады. Атты маршруттары бар турбазаларда туристерді атқа мінуге және 

атпен  айналысуға  ашық  алаңдарда  үйретеді.  Кӛп  күндік  маршруттарға 

туристерді  үйрету  дала  жағдайында  болады;  дайындау  бағдарламасына 

міндетті  түрде  дайындық  саяхаты  кіреді.  Маршруттың  негізгі  бӛліміне 

туристер  арнайы  емтиханды  тапсырғаннан  кейін  кіргізіледі.  Атты 

маршруттар  барлық  жолдармен  ӛтуі  мүмкін:  орман  және  тау  жолдарымен, 

сонымен  қоса  жол  жоқ  жерлермен  –  дала,  жота,  жырамен,  ӛзен  және  кӛл 

жағалауларымен ӛтеді.  

Велосипедті  туризм  белсенді  туризмнің  бір  түрі  –  велосипедпен 

маршруттар және спорттық саяхаттар. Велосипедтті туризм барлық жастағы 

адамдардың  қолы  жететін  туризм  болып  табылады,  себебі  велосипедте 

ауыртпашылық  аз  сезіледі.  Велосипедпен  барлық  жолдарды  жүріп  ӛтуге 

болады:  соқпақ  жолдармен  және  жай  ғана  жазық  жердегі  грунтпен  ӛтуге, 

онымен терең сайлардан ӛтуге болады, сонымен қоса құммен, таудағы тасты 

сопақтармен  және  суды  кесіп  ӛтуге  болады.  Велотуристер  қозғалу  темпіне, 

ауа-райына,  жолдың  жағдайына  және  кедергілерге  байланысты  күніне  40 

шақырымнан  120  шақырымға  дейін  (бағытты  жел  жағдайында  45-тен  140 

шақырымға  дейін)  жүріп  ӛтеді.  Саяхат  кезінде  велотурист  құрал-

жабдықтарды  ӛзімен  тасиды,  ал  барлық  жүк  велосипедке  бекітіледі. 

На

рх



оз

 У

ни



ве

рс

ит



ет

і


334 

 

Экологиялық жағынан велосипед ең таза транспорт түрі болып табылады.  



Туристердің арасында демалудың белсенді түрлері күн ӛткен сайын кең 

тарап  келеді  және  солардың  тағы  бірі  экстермальді  туризм.  Экстремальді 

туризм түрлері мынадай топтарға жіктеледі: экстремальді туризмнің судағы 

түрлері,  жердегі  түрлері,  таудағы  түрлері,  ауадағы  түрлері,  экзотикалық 

түрлері. 

Каякинг – шетелде кеңінен танымал, ол Қазақстанда енді ғана таралуда. 

Спорттың  бұл  түрі  негізінен  жалғыз  айналысуға  бағытталған.  Бүгінде 

каякингте негізгі 3 бағыт бар: салом, родео, сплав. Саломды каякинг – қайық 

пен  суды  сезе  отырып,  қайықты  басқара  білу.  Родеоның  саломнан 

айырмашылығы – бұл тек қана виртуозды техника ғана емес, сонымен бірге 

ойын  элементі.  Каяктағы  фристайл  –  ӛзен  бедерінің  ерекшелігін  ескере 

отырып, қайықта түрлі айла-әрекеттер жасау. Сплав – ӛзеннің құрылысының 

күрделілігіне қарамастан қайықпен су жорығына шығу. Мұнда ӛзін-ӛзі еркін 

сезіну  үшін  спортшы  салом  мен  родеоның  негізгі  техникасын  білуі  қажет. 

Каякер  экипировкасының  құрамына  қайық,  шлем,  құтқару  жилеті,  юбка 

(қайыққа су кіруден қорғайды), резеңке аяқ-киім, ескек кіреді. 

Рафтинг – бұл каноэде немесе арнайы плотта тау ӛзенінен түсу. Рафтинг 

–  бұл  аса кең  таралған  және бұл  жаңа бастаған жас  туристер үшін  қауіпсіз. 

Соңғы жылдары оған экстремальді демалыс түрлерін ұнататындар тарапынан 

үлкен қызығушылық танытылуда. Осының нәтижесінде мамандар рафтингке 

қолайлы тау ӛзендерін игеріп, раф-турлар ұйымдастыруға кірісуде. 

Экстремальді  туризмнің  жердегі  түрлерінің  ішінде  маунтинбайкинг  – 

ӛзінің аса қымбаттылығына қарамастан, кең әрі жылдам таралуда. 

Бұл  демалыстың  қымбат  түрі  болса  да,  әр  демалыс  күндері  сайын  тау 

велосипедінен  кӛптеген  халықаралық  жарыстар  ӛтеді.  Осы  жарыстардың 

ішінде  тіпті  әлемнің  барлық  бұрышының  маунтинбайкерлері  үшін 

ұйымдастырылған түрлері бар.  

Спелеология  –  сӛзбе-сӛз  аударғанда  «үңгірлер  туралы  ғылым».  Егер 

спелеологтардың  бос  уақыттарында  үлкен  рюкзагтарымен  тауға  баратынын 

ескерсек,  онда бұл  –  туризм. Геология бӛлімі,  нақты  айтсақ  картатану  және 

гидрогеология  –  ол  әлем  картасындағы  соңғы  ақ  дақтар,  бұл  адам  аяғы 

баспаған,  тіпті  кӛрмеген  жерлерге  бару.  Осы  тамаша  да  жұмбағы  кӛп  жер 

асты әлемін спелеологтар зерттейді.  

Спелеологиямен  айналысу  үшін  тек  физикалық  дайындық  қана  емес, 

сонымен  бірге  әдістемелік  және  психологиялық  дайындық  қажет.  Ӛйткені 

үңгір  –  мүлдем  бӛлек  әлем,  онда  үйренген  нәрселердің  бірі  де  жоқ:  ашық 

аспан,  кӛкжиек  сызықтары,  оны  тек  су  асты  немесе  ғарыш  кеңістігімен 

салыстыруға  болады.  Спелестология  –  бұл  туризм  мен  ғылымның  қызықты 

қоспасы, ол жасанды орталарды зерттейді. Ашып айтсақ, спелестология – бұл 

жасанды жер асты туралы ғылым.  

Экстремальді  туризмнің  таудағы  түрлерінің  ішінде  альпинизмнің  орны 

ерекше. Альпинизм – экстремальді демалудың ең қауіпті түрі. Бүгінгі күнде 

альпинизм  ол  біртұтас  индустрия.  Жалпы  алғанда,  шыңдарды  бағындыруға 

На

рх



оз

 У

ни



ве

рс

ит



ет

і


335 

 

қолайлы  уақыт  ол  жаз  мезгілі,  бірақ,  альпинисттер  қыста  да  тоқтамайды. 



Қолайсыз ауа райы жағдайы және қар кӛшкіндері тек қана саяхатты қызықты 

ете түседі. Тауға олар ӛздерін сынауға, тәуекел етуге және бар қиыншылықты 

жеңіп  шыңды  бағындыру  үшін  барады.  Бүгінгі  таңда  альпинизмнің  біздегі 

басты проблемасы, тәжірибелі мамандардың жоқтығы болып отыр.  

Тау  шаңғысы  және  сноуборд.  Тау  шаңғысы  бұл  белсенді  туризмнің  ең 

кӛне  түрлерінің  бірі.  Уақыт  ӛтсе  де  тау  шаңғысымен  айналысушылардың 

саны  кӛбеймесе,  азайған  жоқ.  Осыдан  10  жыл  бұрынғымен  салыстырғанда 

тау  шаңғысы  сервисінің  сапасы  әлдеқайда  жоғары.  Құрал  –  жабдықтар: 

шаңғы,  бекітпелер,  таяқтар,  аяқ-киім,  костюм,  арнайыы  бас  киім,  маска, 

қолғап жалпы $700-800 түседі. Ал жалға алса күні $30-40 болады.  

Сноуборд – арнайы жабдықталған тақтамен тау еңістерінен қармен түсу. 

Ол  тау  шаңғысынан  белсендірек,  агрессиялық,  экстремальділеу.  Сноуборд 

спорттың  жеке  түрі  ретінде  20  –  ғасырдың  60-жылдары  пайда  болды.  Ал 

біздің  елмізде  сноуборд  тек  90-жылдарда  ғана  тарала  бастады.  Қазір 

сноубордқа арналған трамплинді және түрлі кедргілері бар жолдар бар, онда 

сноубордшылар түрлі акробатикалық қимылдар жасайды. 

Жалпы  тау  шаңғысы  мен  сноубордпен  байланысты  экстремальді 

қызығушылықтарды  бірнеше  топқа  бӛлуге  болады:  freesking  –  күрделі 

бедерлі  дайындалмаған  биік  еңістерден  түсу;  helskiing  – бұл  да  сол  сияқты, 

тек шыңға жету үшін тікұшақ қолданылады; ski-touring – шаңғы және тауға 

шығуға  арнайы  құралдарды  пайдалану;  ski-mountaineering  –  тауға  тӛмен 

шаңғымен немесес сноубордпен түсу мақсатымен шығу. 

Экстремальді туризмнің ауадағы түрлері. Парашют спортының кӛп түрі 

бар. Классикалық парашютизм – ол 2 жаттығудан тұрады: бірішісі – қонуды 

дәлдікпен  есептеп  секіру.  Басты  мақсат  ӛлшемі  3  см  болатын  нысанға  тию. 

Ертеректе  нысан  мӛлшері  үлкен  болды  (диаметрі  –  100  метрге  дейін),  80 

метрге  аутықудың  ӛзі  қалыпты  нәтиже  болатын.  Техниканың  дамуына 

байланысты нысана кӛлемі кішірейді. Қазір жарыстарды жеңіске жету үшін 0 

см  тең  ауытқу  болатындай  нәтиже  кӛрсету  керек.  Екінші  жаттығу  –  еркін 

құлаудағы  бейнелер  комплексі.  Бұл  спорттың  консервативті  түрі:  бейнелер 

комплексі кӛп жылдар бойы ӛзгеріссіз келуде. Топтық акробатика – бірнеше 

парашютшының  топ  болып  түрлі  бейнелерді  бейнелеуін  кӛздейді. 

Парашютшілердің  командадағы  классикалық  саны  –  4-8,  сонымен  қатар  16 

парашютшілерден  тұратын  топтар  да  бар.  Ал  гинес  рекордтар  кітабына 

кірген  рекордті  секіруді  296  парашютшіден  тұратын  топ  жасаған  (Ресей, 

Анапа қаласы, 1996 жыл). 4 адамнан тұратын топ 30-ға жуық бейнені сомдай 

алады. Фристайл – салыстырмалы айтсақ, парашютизмнің жас түрі, шамамен 

осыдан 10 жыл бұрын пайда болған. Басты мақсаты парашютші тӛмен түскен 

кезде  әр  түрлі  бейнелерді  кӛрсетуі  қажет.  Мұнда  парашютшінің  орындаған 

элементінің  әдемілігі,  қиындық  дәрежесі  бағаланады,  сонымен  бірге 

оператордың түсіру шеберлігі де.  

Қарапайым  адамдарға  түрлі  фестивальдар  ӛткен  кезде  ауа  шарларында 

ұшуға  мүмкіндік  болады.  Ауа  шарларында  ұшу  қашықтығы  жел  қуатына 

На

рх



оз

 У

ни



ве

рс

ит



ет

і


336 

 

байланысты,  желдің  20-30  км  орташа  жылдамдығында  ауа  шарлары  1000  м 



биіктікке дейін кӛтеріледі. 

Дельтапланеризм – бүкіл әлемге танымал әрі жылдам дамып келе жатқан 

спорт  түрінің  бірі.  Қазір  бүкіл  әлемде  шамамен  90000  жуық 

дельтапланеристер  бар  және  жыл  сайын  мыңдаған  дельта  –  ұшақтар  ауаға 

кӛтеріледі. 

Экстремальді  туризмнің  экзотикалық  түрлеріне  ғарыш  туризмі, 

кайтсерфинг жәнене жайлау туризмін жатқызуға болады. 

Кайтсерфинг – тақта үстіндегі адам жібі қолында тұрған ауа желбіреуігі 

арқылы  қозғалысқа  келеді.  Кайтсерфингпен  таулы  да  жазық  та  аймақтарда 

айналысуға  болады,  басты  жел болса болғаны.  Ең  қызықтысы  тақтамен  мұз 

қабыршығы  басқан  су  үстінде  сырғанау.  Оның  үстіне  ӛзен,  кӛл  беттері  ең 

желді аймақтар болып табылады. Жылдың қай мезгілінде болса да қолдануға 

болатындығы  оны  ерекшелей  түседі.  Ал  кейбір  маман  шеберлер  100  м 

ұзындыққа,  30  метр  биіктікке  дейін  секірулер  жасайды.  Кайт  жел 

жылдамдығынан  екі  есе  артық  жылдамдықпен  қозғалуға  мүмкіндік  береді. 

Жалпы қол жетерлік жылдамдық ол 60-70 км/сағ. Ал ең жоғарғы жылдамдық 

АҚШ  –  та 1990  жылы  22 қыркүйекте  тіркелген,  оған қол жеткізген  Оушен-

Сити  қаласында  Пит  Джаконно,  193  км/сағ.  Кайтинг  негізінен  Еуропада, 

әсіресе Францияда кеңінен танымал.  

     Жайлау  туризмі  –  кӛшпелі  тұрмыстың  барлық  қызықтары  мен  алғашқы 

қауымдық  тайпадағы  ӛмір.  Туризмнің  бұл  түрі  Қырғызстанның  биік  таулы 

жайлауларында  жақсы  дамуда.  Мұнда  шопанның  киіз  үйі  ішінде  жерде 

жатып ұйықтау, жаныңда отты ошақтың болуы, қойдың жас еті және қымыз, 

сонымен  бірге  жайлауда  атқа  мініп  қыдыру  ұсынылады.  Бұл  үлкен  шулы 

қаладан демалудың тамаша түрі.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет