Интеллигенциясы: тарихи



Pdf көрінісі
бет11/20
Дата22.01.2017
өлшемі1,7 Mb.
#2421
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
  
Жаңа  интеллигенцияны  оқу  орындарында  қалыптастыру  бұл  негізгі 
жолдың  бірі  болуға  тиісті  болды.  Бұл  үшін  жоғары  оқу  орындары  мен 
техникумдардағы оқытудың мазмұнын ӛзгертіп, бұрын оқыту мен тәрбилелеуді 
ӛз  қолында  ұстаған  профессураны  ӛзгерту  қажет  деп  санады.  Билік 
басындағылар  бұрынғы  оқытушы-профессорларға  сенімсіздікпен  қарады. 
Сондықтан  бұл  шараларды  жүзеге  асыру  үшін  большевиктерге  біраз  уақыт 
қажет  болды.  Кеңес  үкіметі  орнаған  күннен  бастап-ақ  мыңдаған  халық 
бұқарасының  басшылары  мен  ұйымдастырушылары  фабрикалар,  заводтар, 
шахталар, транспорт, сауданы басқаруды қажет етті.  
Сондықтан  мемлекет  пен билік басындағылар  мұнан  шығудың  бірден-бір 
жолы  -  станок  жанындағы  алдыңғы  қатарлы  жұмысшы  мен  еңбекші  шаруаны 
мемлекеттік,  кооперативтік  аппарат  және  қоғамдық  ұйымдарды  басқаруға 
жоғарылатуда  деп  санады.  Әрине,  халық  арасында  ұйымдастырушылық 
қабілеті бар, талантты адамдар да баршылық еді.  
Жоғарылатушылық  жаңа,  кеңестік  интеллигенцияны  тек  социалистік 
құрылыс  үшін  қалыптастырудың  бірден-бір  маңызды  жолына  айналды.  Бұл 
мәжбүрліктен туындаған жағдай еді. Оны басқаша түрде шешуге болатын. Ескі 
интеллигенцияны кеңестік құрылыс қызметіне барынша тарту арқылы да талай 

 
145 
мәселені шешуге болар еді. Бірақ оларға кӛп жағдайда идеялық, революциялық 
жағынан пісіп жетілмеген, халқына адал емес деп сенімсіздік кӛрсетілді. 
Жоғарылатылғандардың 
кандидатурасы 
партия 
ұйымдарының 
жиналыстарында  кеңінен  талданып,  егер  партия  мүшелері  болмаса  кәсіподақ 
жиналыстары  мен,  ӛндірістік  кеңестерде  жалпы  еңбекшілердің  талқысына 
салды. 
Жоғарылату жүйесі партия ұйымдарының жетекшілігімен жасалып, Кеңес 
үкіметіне  шын  берілген  әрбір  жұмысшы  мен  шаруаға  фабрика  мен 
заводтардағы  басшылық  қызметке  ғана  емес,  одақтық  кӛлемдегі  басшылық 
орындарға  орналасуға  мүмкіндік  берді.  Жоғарылатылғандар  күндіз  ӛздеріне 
жүктелген  қызметтерді  атқарса,  кешке  заңдарды,  нұсқауларды,  жоспарларды, 
бақылау  мен,  есепке  алуды  оқып  үйренді.  Арнайы,  жалпы  білім  беретін 
мектептер мен курстарға қатысып, үлкен қоғамдық жұмыстар атқарды.  
Кеңес  ӛкіметі  орнағаннан  бастап,  үкімет  мамандарды  жұмысшылар  мен 
шаруалар  қатарынан  жаппай  даярлауды  ұйымдастырды.  Сонымен  бірге 
маманданған  жоғары  және  орта  арнаулы  білімді  талап  ететін  орындарға 
жұмысшы-практиктерді 
жоғарылату 
кеңінен 
қолданылды. 
Бұл 
интеллигенцияның  әлеуметтік-саяси  құрылымының  түбегейлі  ӛзгеруіне, 
санының  күрт  артуына  әкелді.  Осылайша  қалыптасқан  кеңестік  еңбек 
интеллигенциясы  жаңа  социалистік  қоғамның  негізгі  элементтерінің  біріне 
айналды.  
Практиктер тарихын жанама түрде болса да зерттеу еңбектерде қамтылуы 
қазақстандық тарихнамада 1950-ші жылдары байқала бастады. 
1940-шы  жылдардың  соңы,  1950-ші  жылдардың  басында  С.  Бәйішев 
«Социалистическая 
индустриализация 
Казахстана», 
«Осуществление 
советского  метода  индустриализации  на  примере  Казахстана»  [319],  Г.Ф. 
Дахшлейгер  «История  строительства  Турксиба»  [320],  Н.  Кийкбаев  «История 
социалистической  индустриализации  Казахстана  в  годы  первой  сталинской 
пятилетки»  [321]  деген  тақырыптарда  кандидаттық  диссертацияларын  қорғап, 
тек  индустрияландыру,  ӛнеркәсіп  тарихымен  қатар  жұмысшылардың 
қатарынан  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияны  қалыптастыру  мәселесіне 
де кӛңіл бӛледі. Сталиндік цитаталарды қолданып, маркстік-лениндік-сталиндік 
методологиядан  аса  алмағандығына  қарамастан,  авторлар  кӛптеген  фактілік 
материалдарды ұсынады.  
1950-ші  жылдары  интеллигенция  тарихын  философиялық  тұрғыда 
зерттеген  ғалым  Х.З.  Ақназаров  «кеңестік  интеллигенцияның  қалыптасуының 
қайнар кӛзі кәсіпорындардың, фабрика және завод, колхоздар мен совхоздардан 
жоғарылатылғандар,  социалистік  жарыстың  белсенділері,  социалистік 
құрылыстың  алдыңғы  қатарлы  ұйымдастырушылары  деп  ой  қорыта  отырып, 
социалистік  жарыс  жұмысшылар  мен  колхозшы  шаруа  қатарынан 
интеллигенция 
кадрларын 
даярлайтын 
мектепке 
айналып, 
кеңестік 
интеллигенцияның  практиктер  қатарынан  жаңадан  толығуының  мектебіне 
айналды»  деген  болжам  жасайды.  Тек  қана  республикада  1937  жылдан  1940 
жылға дейін партия-кеңес және шаруашылық басшылығы жұмыстарына 25. 740 

 
146 
адам 
жоғарылатылып, 
халық 
арасынан 
шыққан 
жаңа 
басшылық 
қызметкерлерінің 
кеңінен 
жоғарылатылуы 
жаңа 
интеллигенцияны 
қалыптастырудағы  Кеңес  мемлекетінің  ірі  жеңістерінің  бірі  болды  деп 
пайымдайды  [2,  11  б.].  Әрине,  автордың  еңбегі  кеңестік  кезеңде  жарық 
кӛргендіктен,  ресми  методология  тұрғысында  жазылып,  тек  табыстар  ғана 
кӛрсетілді. 
Қарастырылып 
отырған 
тарихнамалық 
кезеңде 
диссертациялық 
зерттеулермен  қатар,  практиктер  тарихына  қатысты  мақалалар,  еңбектер  де 
жарық  кӛрді.  Г.  Чулановтың  «Промышленность  Казахстана  в  годы  Советской 
власти»  [134],  Н.  Киікбаевтың  «Промышленность  Казахстана  в  первой 
пятилетке» [195], С. Бәйішевтың «Великие социалистические преобразования в 
Казахстане» [132], А. Хавиннің «Караганда –третья угольная база СССР» [322], 
Г.Ф. Дахшлейгердің «Турксиб  –первенец соцалистической индустриализации» 
[323],  С.  Нейштадтың  «Социалистическое  преобразование  экономики 
Казахской  ССР  в  1917-1937  годах»  [212],  Н.Н.  Даулбаевтың  «Из  истории 
превращения Караганды в третью угольную базу СССР» [324], П. Алампиевтің 
«Ликвидация  экономического  неравенства  народов  Советского  Востока  и 
социалистическое  размещение  промышленности:  (Исторический  опыт 
Казахской ССР)» [211].  
Еңбектердің  барлығының  1930-шы  жылдары  жарық  кӛрген  еңбектерден 
айырмашылығы  шамалы,  орталықтағы  әріптестерінің  ізімен  жүргендігі 
байқалады.  Зерттеушілер  инженерлердің  қатарын  жұмысшылар  мен 
шаруалардан  толықтыруда  жоғарылатушылықтың  алатын  орнын  атап 
кӛрсеткен.  Бірақ  оған  талдау  жасалмаған.  Тарихнамада  партияның  саясатын, 
сара  жолын  кӛрсетуге  тиіс  болды.  Зерттеу  жұмыстары  сол  кезеңдегі  саяси 
жүйенің идеологиясынан аса алмады.  
Мемлекет тарапынан практиктердің арнайы білімі жоқ екендігі, сондықтан 
олардан білім деңгейін арттыруға мән беру қажеттігі талап етілді. 1953 жылғы 7 
қыркүйектегі  КОКП  ОК  пленумының  қаулысында  осы  мәселе  қатаң  сынға 
алынды.  Онда  «Кӛптеген  облыстардың,  ӛлкелердің  және  республикалардың 
партия,  совет  және  ауыл  шаруашылық  органдары  МТС-тердің  басшы 
кадрларын  іріктеп  алу,  орналастыру  және  тәрбиелеу  ісімен  қанағаттанғысыз 
шұғылданады,  ӛнеркәсіптегі  және  ғылыми  мекемелердегі  инженер  кадрларды 
МТС-тердегі  жұмысқа  тарту  мумкіншіліктерін  пайдаланбайды.  Осының 
салдарынан  қазіргі  уақытта  МТС-тердің  директорлары,  бас  инженерлері  және 
жӛндеу мастерскойларының меңгерушілері болып жұмыс істейтін адамдардың 
едәуір  арнаулы  білімі  жоқ  практиктер.  МТС-тер  мен  арнаулы  станцияларда 
колхоздарда  жұмыс  істеуге  керекті,  жоғары  дәрежелі  агрономиялық  және 
зоотехникалық  білімі  бар  жеткілікті  мамандар  жоқ»  екендігі  жайлы  дабыл 
кӛтерді [325, 439 б.]. 
КОКП  ОК  1953  жылы  4-12  шілдеде  ӛткен  пленумында  да  ӛнеркәсіптің 
басшы  кадрлары  мен  мамандары  арасындағы  жұмысты  жақсарту  жӛнінде 
шаралалар  қарастырылып,  «2.  ...жас  мамандарды  жоғарылатумен  қатар 
таңдаулы  практик-мамандарды  да  жұмыста  жоғарылатып,  олардың  ӛндірістен 

 
147 
қол  үзбей  техникалық  білім  алуына  мүмкіндік  туғызып  отыру  керек. 
Практиктер  арасынан  ӛндірістен  қол  үздірмей  инженерлер  мен  техниктер 
даярлау  кеңінен  ӛрістетілсін...»  деген  қаулы  қабылданды.  Тоталитарлық 
басқару  жүйесі  кезеңінде  мемлекет  пен  билік  басындағылар  бұйрықтар  беріп, 
қаулы  шығарғанымен,  шын  мәніне  келгенде  практиктерге  жасалған 
қамқорлықты  байқай  алмаймыз  [326,  88-89  б.].  КОКП  құжаттары  дерек  кӛзі 
ретінде  саналғанымен,  біз  қарастырып  отырған  мәселе  тӛңірегінде  белгілі  бір 
кӛзқарасты бере алмайды.  
Бұл жӛнінде 1957 жылы жарық кӛрген «Советское строительство в аулах и 
селах Семиречья. 1921-1925 гг.: Сб. документов и материалов» жинағында 1921 
жылы Жетісу облысында тӛмендегідей: Талдықорғанда – партиялық, Алматыда 
–жер-су  реформаларын  жүргізетін  қызметкерлерге  арналған  курстар 
ашылғандығы жӛнінде мәліметтер бар [327, 235,237,239, 245 б.]. 
Партияның  ХХ  съезінен  кейін,  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияның 
қатарын  толықтыру,  зерттеу  мәселесіне  дифференциалды  кӛзқараспен  қарау 
талап етілді.  
Қазақстан  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцисы  тарихын  зерттеуші 
ғалым  Е.Х.  Мұхамеджанов  кеңестік  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияның 
қатарын  толықтыру,  нығайту  алдыңғы  қатарлы  жұмысшыларды  ӛндірістен 
әкімшілік-шаруашылық  қызметінде  басшылыққа  жоғарылату  жолымен  жүзеге 
асқандығын  саралады.  Жұмысшыларды  басшылық  қызметтерге  жоғарылату 
мәселесі  сол  кезеңдегі  партияның  назарында  болғандығын  айтады.  Мемлекет 
тарапынан  бақылаудың  болғандығын,  конференция,  ӛлкелік,  облыстық, 
қалалық, 
аудандық 
партия 
ұйымдарының 
конференциялары 
мен 
пленумдарынан 
аңғаруға 
болады. 
Зерттеуші 
Е.Х. 
Мұхамеджанов 
қазақстандықтарға  ұлттық  кадрларды  нығайтып,  тәрбиелеуде  Қазақстан  мен 
Орта  Азия  республикалары  арасындағы  ӛзара  келісімге  сәйкес  басшылық 
қызметке  тағайындалған  ұлттық  қызметкерлерді  ӛнеркәсіптік  орталық 
аудандарға 
жолдамалармен 
жіберудің 
нақты 
жоспарлары 
жасалып, 
бекітілгендігін  жазады.  Таңдаулы  казақ  кадрларының  Ярославль,  Самара, 
Нижегород,  Иваново-Вознесенскі  мен  Саратов  губернияларында  тәжірибеден 
ӛткендігін айтады [7, 205-206 б.]. 
Бұл  жӛнінде  Е.Х.  Мұхамеджанов  1928  жылы  партиялықмыңдықтар 
енгізілгенде  Қазақстан  Орталық  партия  Комитетінің  есебі  бойынша  10  орын 
Москва  мен  Ленинградтың  жоғары  техникалық  оқу  орындарына бӛлінгендігін 
мәлімдейді [7, 206 б.].  
Мемлекет  жұмысшылар  қатарынан  жаңа  шаруашылық  жоғарылатылған- 
кадрларларды  жоғарылатып,  жауапты  қызметтерге  орналастыру  мақсатында 
ӛнеркәсіп академияларын ұйымдастырғаны белгілі. Соған сәйкес 1931 жылдың 
17  шілдесінде  «Ӛнеркәсіп  академияларын  облыстарда,  ӛлкелерде  және 
республикаларда ұйымдастыру жӛніндегі» БКП(б) ОК шешіміне сәйкес, шығыс 
республикалары  үшін  жергілікті  ұлт  ӛкілдерінен  ӛндірістік-техникалық 
интеллигенция  басшы  кадрларын  дайындау  мақсатында,  Шығыс  елдерінде 
жаңа ӛнеркәсіп академиялары ұйымдастырылды. 

 
148 
Е.Х.  Мұхамеджанов  «Осындай  ӛнеркәсіп  академияларының  бірі  – 
Свердловскіде  ашылған  Орал-Қазақстандық  ӛнеркәсіп  академиясы  екендігін 
жазады.  Орал-Қазақстандық  ӛнеркәсіп  академиясының  Қазақстан  үшін 
маңыздылығы  тек  мамандар  дайындаумен  шектелмей,  ол  сол  кезеңде 
Қазақстанға  таяу  орналасқандықтан,  оның  экономикасымен  байланысты 
болғандықтан  ірі  ғылыми-техникалық  орталық  ретінде  үлкен  рӛл  атқарды»,  - 
деп  есептейді  [7,  207  б.].  Шындығында  жұмысшылар  қатарынан 
жоғарылатылған  практиктер  ӛнеркәсіп  академиясында  тыңдаушылар  ретінде 
біраз  тәжірибе  жинақтап,  білімдерін  толықтырды.  Ірі  ӛнеркәсіп  орындарының 
партия  органдары  ұлттық  кадрларды  жоғарылатқанда  ең  алдымен  партия, 
кеңес,  кәсіподақ  органдарындағы  қызметтерге  тағайындап,  сонан  кейін 
ӛндірістік-техникалық қызмет орындарына жоғарылатты. 
Жоғарылатушылықпен  маманданған  кадрлар  мәселесі  шешілмейді  және 
аппаратқа  біздің  жоғары  оқу  орындарымыздан  шыққан  жұмысшылардың 
балаларын  үлкен  кӛлемде  жіберу  қажет.  Олар  сауатты,  оқыған  және  тамаша 
қызметкерлер  бола  алады  [328,  225  б.]  деп  атап  кӛрсетті.  Бірақ  мұнымен 
жоғарылатушылық толығынан тоқтатылды деп есептеуге болмайды. 
Ӛлкелік  және  облыстық  партия  ұйымдары  жұмысшылардың  техникалық 
оқуларын  ұйымдастырудың  кеңейтілген  жүйесін  құрды.  1936  жылы 
мамандықтарын  жетілдірудің  әртүрлі  курстарында  60  мыңнан  астам  адам 
қамтылса, 10395 –і ӛнеркәсіп пен транспорт саласының жұмысшылары болды.  
Зерттеуші  Е.Х.  Мұхамеджанов  осы  курстарда  оқитын  жұмысшыларға 
арнап техникалық әдебиет жинақталғандығын, негізінен қазақ тіліндегі кітаптар 
екендігін айтады. 1936 жылы Қазақ мемлекеттік баспасы таралымы 4 млн. Дана 
тұратын 214 қазақ тіліндегі кітапты басып шығарса, оның 63 кітабы ӛндірістік-
техникалық  әдебиет  тақырыбына  арналғандығын  саралайды  [7,  208-209  б.]. 
Автордың  кӛзқарасы  бойынша,  жұмысшы  табы  қатарынан  жоғарылатылған 
кадрлар  республика  ӛндірістік-техникалық  интеллигенциясының  құрамының 
негізгі  басым  бӛлігін  алған.  Зерттеушінің  Казсовпрофқа  байланысты 
материалдарды  қолдана  отырып,  1934  жылы  300  кәсіпорынның  инженер-
техник  қызметкерлерінің  арасында  1745  адам  жоғарлытылғандар  болса,  оның 
40  пайызы  осы  кәсіпорындардың  инженер-техник  қызметкерлерінің  жалпы 
санына  сәйкес  келетіндігін  мәлімдейді.  Бұл  кадрлардың  негізгі  бӛлігін 
жоғарылатылған-қазақтар  құрап  отырғандығын  айтады.  154  кәсіпорынның 
ұлттық  құрамы  жӛніндегі  берген  мәліметтері  бойынша,  инженер-техник 
қызметкерлердің арасында 500–ден аса қазақтардың бар екендігін хабарлайды. 
Әсіресе  мұнай,  кӛмір  ӛнеркәсібі  кәсіпорындарының  инженер-техникалық 
қызметкерлерінің  құрамындағы  жоғарылатылғандардың  үлестік  салмағының 
жоғары  екендігін  айтады.  1934  жылы  Қарағандыкӛмір  тресіндегі  инженер-
техник  қызметкерлердің  арасында  жоғарылатылғандардың  46  пайыз  құрап 
отырғандығын кӛрсетеді. Басшылық әкімшілік-шаруашылық қызметтеріне осы 
уақыт  ішінде  жоғарылатылған  жұмысшылардың  қатарында  Т.  Күзембаев,      
К.О. Горбачев, С. Зурбаев, Д. Омаровтардың бар екендігін атап кӛрсетеді.  

 
149 
Шахта  басшысы  қызметіне  тағайындалған  Қарағандының  қарт 
шахтерлерлерінің бірі – Түсіп Күзембаев 1937 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің  
депутаты  болып  сайланып,  ұзақ  жылдар  бойы  КСРО-ның  ауыр  ӛнеркәсіп 
Халық  Комиссариаты  жанындағы  Кеңестің  мүшесі  қызметін  атқарғандығын 
мәлімдейді. Қарт Донецк шахтері коммунист К.О. Горбачев «Қарағандыкӛмір» 
тресінің басшысы жоғарғы лауазымдық қызметке кӛтерілгендігін қарастырады. 
С. Зурбаев тӛңкеріске дейін де мұнай кәсіпшілілігінде жұмыс атқарып, бірінші 
және  екінші  бесжылдық  жылдары  техникалық  біліктілікті  иемденіп,  Доссор 
кәсіпшілігінде  директорлық  қызметке  жоғарылатылғандығы  жайлы  да 
мәлімдейді  [7,  209  б.].  Д.  Омаровтың  Түрксіб  құрылысына  шала  сауатты 
жұмысшы  ретінде  келіп,  құрылыс  басқармасы  басшысының  кӛмекшісі 
қызметіне  жоғарылатылғандығын  айтады  [7,  210  б.].  Е.Х.  Мұхамеджанов 
Түрксіб құрылысында 1934 жылы инженерлік-техникалық қызмет орнында 540 
практик-жоғарылатылғандардың  қызмет  атқарып  жатқандығын  мәлімдейді  [7, 
88 б.]. Автор Сталиннің жеке басына табынушылықтың кеңестік интеллигенция 
кадрларын  арттыруға  және  тәрбиелеуге  нұқсан  келтіріп,  социалистік 
заңдылықтың 
бұзылғандығын, 
мұның 
әсері 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенцияға да әсер еткендігін жазады [7, 215 б.].  
Автор жоғарылатушылық Кеңес ӛкіметіне ескі қоғамнан келген дипломды 
мамандардың зәрулігіне байланысты туындап отыр деп пайымдайды. Кеңестік 
мамандар  қатарын  20-30-шы  жылдары  толықтырудың  маңызды  жолдарының 
бірі  –  жоғарылатуышылыққа  мән  беріп,  хронологиялық  шектерін,  пайдалану 
жолын кӛрсете білген. 
Кеңестік  тарихнамада  ой  және  дене  еңбегімен  еңбек  ететін 
қызметкерлерлерге  мән  беріле  бастағанда,  ең  алдымен  ӛндірісте  еңбек 
ететіндерге  кӛңіл  бӛлінді.  Жұмысшы  табын  ӛндірістік  үдерістің  басты 
қозғаушы  күші  ретінде  қарастыруға  үлкен  жауапкершілікпен  қарады.  Ал 
интеллигенцияның  қалыптасуы  мен  қызметіне  келгенде,  еліміздің  әлеуметтік-
мәдени дамуын зерттеудің басты мәселесі болса да, аса зор кӛңіл бӛлінбеді. 
1960 жылдары Ж. Қарағұсов  интеллигенцияның қатары алдыңғы қатарлы 
жұмысшылармен толықты дей келіп, ӛнеркәсіп орындарының алдыңғы қатарлы 
адамдары  әртүрлі  курстарда  дайындықтан  ӛткеннен  кейін,  ӛнеркәсіптің 
басшысы  қызметіне  жоғарылатылғанын  айтады.  Жоғарылатылған-практиктер 
қатарынан  ӛнеркәсіп  ӛндірісінің  шеберлері,  кеңестік  интеллигенцияның 
лайықты  ӛкілдері  шықты»,  -  деп  саралайды  [3,  60-61  б.].  Кеңестік  идеология 
негізінде жазылған еңбекте тек социалистік құрылыс жағдайында ғана сауатсыз 
қаражұмысшы  ӛнеркәсіптің  ірі  басшыларының  бірі  деңгейіне  жете  алды  деп 
тұжырымдайды [3, 61 б.].  
1960  жылы  зерттеушілер  А.  Беккулов  пен  К.  Мизамбековтордың 
практиктер  тарихына  қатысты  зерттеу  еңбегінде  құрылыста  тұрақты  оқу 
комбинаттары 
мен 
жұмысшы–құрылысшыларға 
арналған 
алтыайлық 
курстардың  ұйымдастырылғанын  хабарлайды.  Болашақ  магистрал  үшін 
маманданған кадрлар даярлайтын ұзақ мерзімді курстар, кәсіби мектептер мен 

 
150 
техникумдардың Алматы, Семей қалаларында ұйымдастырылғанын саралайды 
[329, 23 б.].  
1960-1970-ші  жылдардың  тарихнамасында  анықтамалардың  алатын  орны 
бар.  1962  жылы  жарық  кӛрген  анықтамалықта  жаңа  ӛндірістік-техникалық 
интеллигенция  кадрларының  санын  арттырып  және  пайдалану  барлық 
жерлерде  ӛз  деңгейінде  ӛтпегендігін  байқаймыз.  1931-1933  жылдары 
Қарағанды кӛмір бассейнінде ӛндірістік-техникалық кадрларды орналастырып, 
тәрбиелеуде, жоғарылатуда кейбір кемшіліктердің орын алғандығын аңғардық. 
1931  жылы  бассейн  шахталарында  екі  мың  жұмысшыға  26  инженер-техник 
қызметкерлерден  келгендігі  (оның  ішінде  4  инженер  мен  3  техниктің  ғана 
арнайы білімі бар екендігі айтылған. Анықтамалықта осыдан бастап, шахтаның 
инженер-техник 
қызметкерлерінің 
қатары 
әкімшілік-шаруашылықтағы 
басшылық орындарына алдыңғы қатарлы жұмысшыларды жоғарылату есебінен 
және  еліміздің  басқа  аудандарынан  мамандарды  тарту  арқылы  толыққандығы 
жазылды [330, 278 б.].  
Ғалым  Р.  Меликова  1964  жылы  жазған  ғылыми  мақаласында  мұрағат 
құжаттарын  саралай  отырып,  «Түрксіб  партия  ұйымы  жұмысшыларға 
интернационалдық  тәрбие  беру  мәселесіне  үлкен  кӛңіл  бӛліп  отырғандығын, 
әсіресе қазақ жұмысшыларын басшылық орындарға жоғарылатуға ерекше мән 
беріп отырғандығы жайлы құжаттарды ұсынады [331, 216 б.]. 
Ғалым  Б.Н.  Әбішева  1965  жылы  жарық  кӛрген  еңбегінде  1946-1960 
жылдары практиктердің білімін жетілдірудің кең таралған формаларының бірі –
бағдарламада техникалық жаңалықтармен, ӛндіріс міндеттерімен таныстыруды, 
еңбекті  ұйымдастыруды,  экономика  негіздерін  оқуды  кӛздеген  социалистік 
еңбек курстары болды деп ой түйіндейді. Осы тӛңіректе 1953 жылы Қарағанды 
кӛмір  бассейнінің  шахталарындағы  мұндай  курстарда  600  тау-кен  мастерлері 
оқып шыққандығын, 500 адам техникалық қауіпсіздік және техниканы іске қосу 
ережелері бойынша курстар тыңдап, емтихан тапсырғандағын дәлелдейді [332, 
70 б.]. 
Тарихнамада 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенция 
құрамындағы 
практиктер  жайлы  ӛзіндік  пікір  білдірген  ғалымдардың  бірі  -  В.Я.  Басин. 
Еңбекте  Ұлы  Отан  соғысы  кезеңіндегі  практиктер  мәселесіне  байланысты 
мәліметтер  берілген.  Автор  соғысқа  дейінгі  1940  жылдары  Ембінің  мұнай 
кәсіпшіліктерінде  163  инженер-техникалық  қызметкерлерге  деген  сұраныс 
туындағандығын айтады. Ондағы 653 инженер-техниктердің 371 ғана дипломы 
бар  (192-инженерлер  және  179-техниктер),  олардың  45  ғана  қазақтар,  қалған 
282 адамның теориялық даярлықтары жоқ практиктер екендігін жазады [270 ,86 
б.].  
Соғыс  жылдарында  Қазақстанның  ауыр  ӛнеркәсіп  орындарын  жоғары 
және  орта  маманданған  мамандармен  қамтамасыз  ету  маңызды  орын 
алғандығын,  учаске  басшылары  мен  механиктер  қатарында  практиктердің 
үлестік  салмағының  басым  екендігін  атап  кӛрсетеді.  Инженерлік-техникалық 
қызметкерлер  қатарына  үлкен  еңбек  тәжірибесі  бар  кенші-қазақтардың 
жұмылдырылғандығын  да  айтады.  1943  жылдан  бастап,  ӛндірістен  қол  үзіп 

 
151 
даярлайтын  басшы  қызметкерлердің  алты  айлық  курстары  жұмыс  істей 
бастағандығын да жазады. Еңбектен кӛмір трестерінде учаске басшылары, мен 
механиктері, десятниктерге арналған курстар ашылғандығы жайлы мәліметтер 
бар.  В.Я.  Басин  жүргізілген  практикалық  шараларға  байланысты  даярланған 
басшы  инженер-техник  қызметкерлердің  саны  күрт  артқандығын  мәлімдейді 
[270, 88 б.].  
1960-шы 
жылдардың 
соңында 
жарық 
кӛрген 
монографиялық 
зерттеулерінде  Р.Б.  Сүлейменов  пен  Х.И.  Бисенов  «техникалық  мамандар 
қатарын  ұсыныс  арқылы  жоғарылату  саясатының  барысында  кӛптеген 
жұмысшылар  мен  шаруалар  ӛкілдері  жоғарылатылды.  Бір  ғана  Түрксіб 
құрылысында 540 адам инженер мен техниктер қызметін атқарды»,- дей келіп, 
жұмысшылар мен шаруалар арқылы инженер-техникалық қызметкерлер қатары 
толықтырылды деген кӛзқарастарын білдіреді [5, 195 б.]. 
Ауыл  интеллигенциясының  қатары  келген  мамандармен  ғана  толыққан 
жоқ. Ауыл мәдениетінің дамуы, село-ауылды мекендердегі мектептер, курстар, 
училищелер,  техникумдардың  кеңеюі,  басшылық  орындарға  қабілетті, 
жауапкершілігі  мол  колхозшыларды  батыл  жоғарылату  республика  ауыл 
шаруашылығы  интеллигенциясының  қатарын  деревнялар  мен  ауылдардан 
келетін жаңа күштермен толықты деп саралайды [5, 198 б.]. 
«Советская  интеллигенция»  анықтамалық  жинағында  азамат  соғысы 
аяқталғаннан  кейін,  жаңа  экономикалық  саясат  пен  халық  шаруашылығын 
қайта  қалыпқа  келтіру  жылдары,  жоғарылатушылық  мемлекеттік  аппарат 
қызметін жақсарту мен оны халық бұқарасына қарай жақындастыруды мақсат 
етіп  қойды.  Жоғарылатылғандар  қайнаған  халықтың  ортасында  жүрді.  Мұны 
деректік  құжаттар  растайды.  «Ӛнеркәсіпті  қайта  құру  және  ауыл 
шаруашылығын  ұжымдастыру  жылдары  жоғарылатушылық  социалистік 
экономика  үшін  кӛптеген  ұйымдастырушы  кадрларды  берді.  Бірінші 
бесжылдықтың  соңында  кеңестік  интеллигенция  жоғарылатылғандар  есебінен 
800-900  мың  адамға  артқандығын  айтады.  Еңбекте  «Кеңес  мемлекеті  ӛзінің 
жеке  интеллигенциясын  жасаудың  міндетін  екі  бағытта  шешкендігін 
кӛрсетілді:  жұмысшылар  мен  шаруаларды  жоғары  және  орта  арнаулы  оқу 
орындарында  даярлау  және  басшылық  және  ұйымдастырушылық  жұмыста 
қабілеті  бар  алдыңғы  қатарлы  жұмысшылар  мен  шаруаларды  жоғарылату». 
Жоғарылатушылықты  тағайындау  партия  комитеттері  немесе  ведомтволарын 
қандай қызмет кӛлемін атқаратындығына қарамастан жүргізгендігі сараланған» 
[333, 132-133, 134, 139, 146 б.].  
«Социалистическое  строительство  Казахской  ССР»  құжаттар  жинағында, 
1927 жылы ӛнеркәсіп қызметкерлерінің құрамындағы қазақ жұмысшыларының 
үлесі  -  23,4,  қызметкерлер  -  4,6,  кіші  қызметкерлер  -  17,5  пайызды  ғана 
құрағаны кеміте кӛрсетілген.  
«Национальная  политика  ВКП(б)  в  цифрах»  жинағында  1929  жылғы 
республиканың нақты ӛнеркәсіптегі жұмысшылар мен қызметкерлер саны 2595 
жұмысшылар мен қызметкерлер болса, оның маманданғаны -718 ғана екендігін 
алға тартады. 

 
152 
Ғалым Н.Н. Дауылбаев 1970-ші жылдары жарық кӛрген еңбегінде үшінші 
бесжылдықтың  алғашқы  жылында  кӛмір  бассейнінің  партия,  комсомол, 
кәсіподоқ  және  шаруашылық  ұйымдарының  алдында  тұрған  мынадай 
міндеттерді кӛрсетеді: 
а) жаңа кадрларды зерттеу және жоғарылату, дұрыс орналастыру керек; 
б) техникалық оқуларды ұйымдастырып және жетілдіру, жұмысшылар мен 
инженер-техникалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру керек; 
Мұрағат  құжаттарының  негізінде  басшылық  қызметтерге  242  адамның 
жоғарылатылғандығын,  олардың  кӛпшілігінің  инженер-техникалық  қызмет 
орындарына  тағайындалып,  72-нің  партия  мүшесі,  32-  комсомол  мүшесі 
екендігін  ескертеді.  Демек  жоғарылатушылыққа  саяси  мән  берілгендігі 
айқындалып отыр [278, 199-200 б.].  
1970-ші  жылдары  жарық  кӛрген  Д.А.  Шаймұхановтың  монографиялық 
еңбегінде  Қазақстандағы  практиктердің  беделінің  бірте-бірте  тӛмендей 
бастағандығы  қажетті  тәжірибе  жинақтаған  жас  мамандарды  олардың  орнына 
жауапты қызметтерге жоғарылатқандығымен байланыстырады [334, 45 б.]. 
Инженер-техник  кадрлардың  қатары  соғыстан  кейінгі  алғашқы  жылдары 
негізінен  кеңес  Армиясы  қатарынан  оралған  солдаттар  мен  офицерлермен 
толыққанын  ғалым  М.Х.  Асылбеков  ӛзінің  Қазақстанда  теміржолшылардың 
қалыптасуы  тарихына  арналған  зерттеу  еңбегінде  кӛрсеткен.  Ұлы  Отан 
соғысынан оралған П.П. Адушевтың Аякӛздегі Түрксіб вагон жӛндеу пунктіне 
механикалық цех мастері болып орналасқандығы жайлы айтады [335, 211 б.].  
Ауылшаруашылығы 
интеллигенциясы 
тарихын 
зерттеуші 
ғалым                      
В.И. Зорин пікірінше, ауыл мен селолық мекендердегі мектептер мен курстар, 
училищелер  мен  техникумдар  жүйесінің  кеңеюі,  қабілетті  жұмысшылар  мен 
жұмысшы  әйелдерді,  колхозшыларды  батыл  түрде  жоғарылату  халықтың 
алдыңғы қатарлы ӛкілдерін ауылшаруашылығы интеллигенциясының қатарына 
үздіксіз  ағылуын  қамтамасыз  етіп,  оның  әлеуметтік  табиғатын  да  ӛзгерткен 
[336, 17 б.]. 
Ауыл 
шаруашылығындағы 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенция 
құрамындағы практиктер тарихына байланысты мәліметтер В.К. Савосько мен 
И.Ш.  Шамшатов  еңбегінен  де  кездеседі.  Авторлар  баспасӛз  материалдарын 
сұрыптай  отырып,  1954  жылы  зоотехниктер  арасында  практиктер  -  35%, 
агрономдар арасында - 19% құрап отырғандығы жӛнінде мәліметтер келтірген. 
Әсіресе  1960-шы  жылдардың  басында  колхоз  председательдерінің  сапалық 
құрамының едәуір жақсарғандығын саралап, олардың арасында 1958 жылы 637 
практиктер болса, 1967 жылы 110-ға түсті, немесе, 42,2%-дан, 25,2%-ға кеміді 
деген  фактілерді  кӛрсеткен.  Демек  біз  авторлардың  кӛрсеткен  мәліметтерінен 
практиктердің  жыл  ӛткен  сайын  үлестік  салмағының  кеміп  отырғандығын 
байқаймыз.  Техникалық  үдерістің  дамуы,  колхоз  басшыларынан  жаңаша 
білімді талап етті. Сондықтан осындай объективті себептер оларды ығыстырды 
деген кӛзқарасты айқын аңғарамыз [285, 85-87 б.]. 
Интеллигенция  тарихын  тереңнен  зерттеген  ғалымдардың  бірі  –                    
Ш.Ю. 
Тастанов 
«Жоғарылатушылық 
интеллигенция 
кадрларын 

 
153 
қалыптастырудың  социализм  жүйесіне  ғана  тән  ерекше  жолы.  Соның 
арқасында  партия  мен  қысқа  мерзім  ішінде  кадрларға  деген  қажеттілікті 
алдыңғы  қатарлы  жұмысшы  мен  шаруалар  ӛкілдерін  тарту  жолдары  арқылы 
қамтамасыз  етті»,  -  деп  кӛрсетеді.  Тіптем  село  интеллигенциясының  қатары 
неғұрлым  даярланған  жұмысшылар  мен  шаруаларды  басшылық  орындар  мен 
мамандар 
қатарына 
жоғарылату 
арқылы 
толыққандығын 
айтады. 
Жоғарылатылғандар  партия,  кеңес,  шаруашылық  қызметтерімен  айналысып, 
білім  беру  жүйесі  мен  мәдениет  саласында  еңбек  еткендігін,  оларға  арналып 
ӛздерінің  сауатсыздықтарын  жоятын,  мәдени  және  саяси  дүниетанымын 
кеңейтетін  қысқа  мерзімді  курстар  ұйымдастырылғандығын  жазады  [151, 
62,78,84  б.].  Жұмыс  кеңестік  кезеңде  жазылып,  кӛзқарастарының  маркстік-
лениндік  методологияға  арқа  сүйегендігіне  қарамастан,  тарихи  фактілердің 
құндылығының  ерекше  екендігін  атауға  болады.  Біз  зерттеушінің  Қазақстанда 
жоғарылатушылық 
практик 
ӛндірістік–техникалық 
интеллигенцияны 
қалыптастырудың 
жолдарының 
бірі 
деген 
пікіріне 
келісеміз.                                 
Ш.Ю.  Тастановтың  келесі  еңбектерінің  бірінде  «1930-шы  жылдардың 
ортасында  республика  ӛнеркәсібінде  жоғарылатылған  практиктердің  49  пайыз 
құрап  отырғандығы,  оның  ішінде,  кӛмір  ӛнеркәсібінде  –  46,  мұнай  –  57, 
Түрксібте - 54 пайызға жеткендігі сараланған [9,70 б.]. 
Ғалым Ю.И. Романовтың Қазақстанда электрификациялауды жүзеге асыру 
тарихына  арналған  еңбегінде  Үлбі  ГЭС-да  1929-1932  жылдары  еңбек  еткен 
энергетиктердің    тәжірибелі  мамандарға  айналып,  алғашқы  қазақ  инженер-
энергетиктер Ж. Байғазиев пен Р. Сабатаев үшін ӛмір мектебіне айналғандығын 
талдаған  [337,  105  б.].  Ӛндірістік-техникалық  интеллигенция  қатарының 
ӛндірістен  қол  үзбей  еңбек  отырып,  жұмысшылар  мен  колхозшылардың  орта 
арнаулы  және  жоғары  оқу  орындарына  түсіп,  жоғарылатылғандардың 
қатарында басқа респуликалардан келген жұмысшы кадрлардың да бар екендігі 
белгілі  болды.  Ю.И.  Романов  1960-шы  жылға  дейін  инженер-техникалық 
қызметкерлер  арасында  практиктер  әлі  де  болса  кӛп  екендігін,  мысалы  1964 
жылға дейін арнайы білімі жоқ, бірақ электрстанцияларда инженер-техникалық 
қызмет орындарында істеп жатқандардың - 34,3 құрап жатқандығын, Қазақстан 
электрэнергетикасы 
кәсіпорындарындарындағы 
инженер-техникалық 
қызметкерлердің  сапалық  құрамында  1966  жылы  арнайы  білімі  жоқ  адамдар 
саны  33,1  пайызды  құраса,  1970  жылы  21,7  пайыз  ғана  қалып,  азайғандығы 
байқалатындығы 
жайлы 
фактілерді 
келтіреді. 
Ұсақ 
және 
орташа 
электрстанцияларға  қарағанда  ірі  электрстанцияларда  практиктердің  үлестік 
салмағының  аз  екендігін  айтады.  Практиктердің  үлестік  салмағының  азаюы, 
олардың  ӛз  біліктілігін  арттырып,  жоғары  оқу  орындары  мен  техникумдарда 
арнайы білімдерін артырумен байланыстырады [337, 250-251 б.]. 
1977 жылы зерттеуші Т.Н. Зозуляның еңбегінде де практиктер мәселесіне 
орын  беріліп,  «Ӛндірістің  ауқымының  кеңеюі,  ғылымның  жетістіктері,  жаңа 
техника басшылары мен мамандардан үлкен кәсіби білімді талап етті.Олардың 
қатарында практиктер аз емес еді. Мысалы, 1965 жылы Ертіс ӛңіріндегі жалпы 
агрономдар,  ветқызметкерлер,  зоотехниктер  ішінде  практиктер  20%  құрайды. 

 
154 
Әсіресе  колхоздардағы  ферма  меңгерушілерінің  құрамында  практиктердің 
үлестік  салмағы  үлкен.  Ертіс  ӛңіріндегі  үш  облыстың  90  колхоз 
председательдерінің 39-ның орта білімі де болған жоқ. 
Басшылық  қызметтегі  адамдарды  механикалық  жағынан  ауыстыру  деген, 
деревнядағы  олардың  ұзақ  жылдар  бойы  жинаған  тәжірибесін  пайдаланбау. 
Партия  дұрыс  шешім  тапты  –  басшы  кадрлар  мен  мамандарды  жаппай  қайта 
даярлықтан  ӛткізуді  ұйымдастырды  деп  негіздейді    [338,  50-52  б.]».  Ресми 
әдіснамадан аса алмаса да, біз зерттеушінің еңбегінен практиктердің тәжірисін 
пайдалану  үшін  оларға  арнап  біліктілікті  жетілдіру  мектептерінің, 
факультеттерінің,  семинар-кеңестердің  ұйымдастырылғаны  жайлы  фактілерді 
байқадық. 
1978  жылғы  13  наурыздағы  КОКП  ОК  КСРО  құрылыс  министрлігінің 
басшы  және  инженер-техник  кадрлар  жӛніндегі  жұмысы  туралы  қаулысында 
«Линиялық  инженер-техник  қызметкерлердің  арасында  күні  бүгінге  дейін 
едәуір адамның білімі жоқ...» екендігі сынға алынды [339, 58-59 б.]. 
Зерттеуші  ғалым  Х.М.  Мадановтың  еңбегі  де  партия  тарихы  тұрғысында 
жазылғандығына  қарамастан,  1950-ші  жылдары  мамандарды  таңдап  ауыл 
шаруашылығын  білетін,  үлкен  еңбек  тәжірибесі  мен  басқарушылық  қабілеті 
бар  практиктерді  жоғарылату  ең  ӛзекті  міндеттердің  бірі  болды  деп 
тұжырымдайды [288, 199 б.]. 1980-ші жылдары жарық кӛрген монографиялық 
еңбегінде  Х.М.  Маданов:  «1945  жылдары  республика  совхоздарының  бас 
инженерлері  ретінде  негізінен  практиктер  еңбек  етсе,  1953  жылы  олардың 
үштен 
бір 
бӛлігі 
дипломды 
мамандарға 
айналғандығын, 
оған 
республикамыздағы жоғары оқу орындары жүйесінің кеңеюі әсер етті», - деген 
ойын білдіреді [288, 237 б.].  
1970-ші жылдардың соңы мен 1980-жылдардың басында практик инженер-
техниктердің  тарихнамада  қарастырылуы  азая  бастады.  Себебі  біздің 
пайымдауымызша,  ғылыми-техникалық  үдерістің  дамуы,  жоғары  және  орта 
арнаулы  мамандардың  санының  артуына  байланысты,  практиктерді  арнайы 
зерттеу нысаны ретінде қарастыруды қажет ете қоймады. 
Практиктер 
тарихнамасында 
құнды 
фактілерімен 
ерекшеленетін 
еңбектердің  бірі  –  А.Г.  Сармурзиндікі.  Зерттеуші  практиктерді  сатылап 
жоғарылату  мәселесіне  кӛңіл  бӛледі.  Ащысай  полиметалл  комбинатында  сол 
кезеңдегі  талапқа  сай  келетін  басшы  мамандарды  қалыптастыруда  атқарылып 
отырған  жұмыстарға  тоқтала  отырып,  қарапайым  жұмысшыдан  бастап  басшы 
қызметтерге  жоғарылатудағы  комбинат  басшылығының  маңызды  істерін  атап 
ӛтеді  [277,  136  б.].  Еңбек  ресми  методология  тұрғысында  жазылғандығына 
қарамастан,  біраз  қызықты  тарихи  фактілерімен  құнды.  Зерттеуші  Ӛскемен 
қорғасын-мырыш комбинатындағы партком жұмысында басшы және инженер-
техникалық  қызмет  орындарына  жұмысшы-жаңашылдарды,  еңбек  озаттарын 
жоғарылату  дәстүрге  айналғандығын  баяндайды  [277,  140  б.].  Автор 
тоғызыншы бесжылдықтың алғашқы бір жарым жылында ғана басшылық және 
инженерлік-техникалық  қызметке  жоғарылатылғандар  140  адам  болса,  оның 
70-і тікелей жұмыс орындарынан ауысқандығын айтады.  

 
155 
Жеңіл ӛнеркәсіп тарихы саласын зерттеумен айналасқан ғалымдардың бірі 
-  С.Қ.  Жақыпбеков  жыл  ӛткен  сайын  кәсіпорындарға  жас  мамандардың 
келуімен  байланысты  инженерлік-техникалық  қызмет  орындарындағы 
практиктердің  саны  азайып  жатқанын,  1946  жылы  практиктердің  үлестік 
салмағы  67,7%  ,  1952  жылы  –  51,4%  ,  ал  1956  жылы  -  49,3%  құрағандығын 
айтады. 
Автор алайда практиктердің әлі де болса инженер-техник қызметкерлердің 
жартысын  құрап  отырғандығын  дәлелдейді.  Олардың  қатарында  кӛп  жылдық 
ӛндірістік  еңбек  ӛтілі  болған  қызметкерлердің  болғандығына,  белсенділігімен 
кӛзге 
кӛрініп, 
ӛздеріне 
бекітілген 
міндеттерді 
жауапкершілікпен 
атқарғандығына  қарамастан,  олардың  кӛпшілігінің  орта  арнаулы  және 
техникалық білімі жеткіліксіз екендігін ескертеді [340, 182 б.]. 
Ғалымдар  Р.Б.  Сүлейменов  пен  Х.М.  Әбжанов  1982  жылы  жарық  кӛрген 
еңбегінде  «республика  колхоздарындағы  инженер-техник  қызметкерлердің 
жартысынан  астамы  практиктер  болды.  Ауылдық  жерде  тұратын  түрлі  ұлт 
мамандарының  білім  деңгейлеріндегі  айырмашылықтар  бірте-бірте  азая  берді. 
Елуінші  жылдардың  аяғына  қарай  10  жастан  асқан  1000  ауыл  тұрғынына 
жоғары білімді 7 қазақ, 12 орыс, 9 украин, 11 ӛзбек, 16 татардан келетін» деген 
мәлімет  келтіреді.  Авторлар  практиктер  мен  мамандар  арасындағы 
айырмашылықтардың азая бастағандығы жайлы мәліметтерді ұсынады [341, 16 
б.].                 Р.Б. Сүлейменов «Великий Октябрь и культурные преобразования 
в Казахстане» деп аталатын 1987 жылы жарық кӛрген еңбегінде «Жоғары оқу 
орындарының  болмауы,  саяси  басшылық  және  жаңа  қоғамдық  ӛмірдің  басқа 
салалары  кадрларына  деген  үлкен  сұранысты  саны  аз  техникумдардың 
қамтамасыз  ете  алмауы  аз  уақыт  ішінде  кадрларды  жаппай  даярлап, 
еңбекшілерді  елдің  қоғамдық-саяси  ӛміріне  кеңінен  тартуға  ықпал  етті. 
Сондықтан  алдыңғы  қатарлы  жұмысшылар  мен  шаруаларды  басшылық 
қызметтерге  алғашында  мемлекеттік,  саяси,  артынан  халық  шаруашылық, 
экономикалық салаларда жоғарылату әдісі жолымен шешті», - деп жазады [341, 
44  б.].  Р.Б.  Сүлейменов  Қазақстанда  мұндай  әдістің  қолданылуы,  біріншіден, 
жұмысшы  табының  санынының  аз  болуына,  оның  саяси  сауатсыздығы, 
ұйымдаспағандығы,  екіншіден,  патриархалдық-феодалдық  дәстүрлердің  әлі 
күшінде болуы, шаруа бұқарасының шектен шыққан артта қалуына байланысты 
деп түсіндіреді. Жоғарылату барысында кеткен кемшіліктерге тоқтала отырып, 
автор,  жергіліктедіру  мен  жоғарылату  ісін  ғылыми  жолға  қою  керек  еді  деп 
түсіндіреді. Біріншіден, шамалы болса да сауаты бар және ұйымдастырушылық 
қабілеті  бар  адамдарды  қою  керек  еді,  екіншіден,  жоғарылатылғандарды 
курстар,  дайындық  бӛлімдері,  рабфактар,  арнайы  оқу  орындарында  ашылған 
(коммунистік  университеттерде,  кеңестік  партия  мектептерінде  т.б.)  үздіксіз 
және  тұрақты  оқытып,  тәрбиелеу  қажет  еді  деп  ашып  кӛрсетеді.  20-шы 
жылдары  жергілікті  ұлт  ӛкілдерінен  шығып,  жоғарылатылғандар  туысқан 
республикалар мен әсіресе Ресей мен Украина, Москва, Ленинград, Донецкінің 
ірі  ӛнеркісіп  орындарына  оқуға  және  тәжірибе  алмасуға  жіберілгендігін 
баяндайды [341, 45 б.].  

 
156 
Сонымен  1960-шы  1980-ші  жылдардың  бірінші  жартысында  ӛндірістік-
техникалық  интеллигенция  қатарын  практиктермен  толықтыру  мәселесінің 
еңбектерде  қамтылуы  сан  және  сапа  жағынан  артты.  Нәтижесінде  отандық 
тарихнамада жоғарыда аталған авторлардың еңбектерінде қарастырып отырған 
мәселе  тӛңірегінде  теориялық  жекелеген  тұжырымдар  жасауы  қазіргі  кезеңде 
де  қызығушылық  танытып  отыр.  Алайда  зерттеушілердің  кінәларынан  емес, 
қалыптасқан  методологиялық  ұстанымдарға  байланысты,  әсіресе  тарих 
ғылымында қандай бір тарихи оқиғаларға болмасын таптық мән берілуі қажет 
болды. 
Зерттеп отырған мәселе тӛңірегінде объективті нақты кӛзқарастар 1980-ші 
жылдардың  екінші  жартысы  мен  1990-шы  жылдардың  басында  пайда  болды. 
Бұл  кезеңде  кеңестік  мемлекеттің  және  империялық  тоталитаризмнің, 
коммунистік партия билігінің әлсіреуі «қайта құру» кезеңі деп аталған уақытта 
жариялылық пен демократияның пайда болуы ұлттық сананың белсенділігінің 
артуына, тарихи шындықтың қалыптасуына әсер етті. 
Осы кезеңде 1987 жылы жарық кӛрген интеллигенция тарихына арналған 
анықтамалықтың  кеңес  мемлекетінде  жоғарылатушылық  жүйесі  арқылы 
кеңестік  интеллигенция  қатарын  толықтырудың  ел  ӛмірінде  атқарар  орны 
маңызды 
болды. 
Кеңестік 
интеллигенция 
анықтамалығында 
«жоғарылатушылық  социалистік  интеллигенцияны  тікелей  практикалық 
жұмыста  жұмысшылар  мен  еңбекші  шаруалардан  дайындаудың  негізгі 
жолдарының бірі болды. Оның нақты анықталған таптық, саяси бағыттылығы – 
еңбекшілер ортасынан шыға отырып, басқару аппаратын нығайта білуінде»-деп 
баға берілді [52, 36 б.].  
Кеңестік  интеллигенцияны  қалыптастырудың  бір  бағыты  Кеңес  ӛкіметі 
орнаған  күннен  бастап-ақ  мамандарды  оқу  орындарындарында  ғана  емес, 
жұмысшы  мен  шаруа  қатарынан  шыққандарды  жоғарылату  арқылы  шешу 
керектегі кӛрсетілді. Бұл әрине сол кезең талабына сәйкес тарихи зерттеулерде 
таптық  кӛзқарастың  қалыптасуына  әсер  етті.  Жоғарылатушылық  жүйесі 
мемлекетке  мыңдаған  халқына  адал,  ел  арасынан  шыққан  басшыларды, 
мамандарды және ұйымдастырушыларды берді. Жоғарылатылғандар ӛздерінің 
ерен еңбектерімен социалистік құрылысқа баға жетпес үлес қосты.  
Х.М.  Әбжанов  1988  жылы  жарық  кӛрген  монографиясында  атап 
кӛрсетілгендей, село интеллигенттерінің білім деңгейінің тӛменгі күйде қалып, 
мұнда  жоғарылатылғандардың  үлестік  салмағы  артып  отыр  дейді.  1939  жылы 
Қазақстанда  ауылдағы  ой  еңбегімен  айналысатындар  1000  адамға  шаққанда 
311-нің  жоғары  және  орта  арнайы  білімі  болса,  жалпы  колхоздардағы 
ӛндірістік-техникалық  мамандардың  тӛрттен  үш  бӛлігінің  кәсіби  білімдерінің 
жоқ екендігін дәлелдейді [149, 39 б.]. Ғалым Х.М. Әбжанов «жұмысшылар мен 
шаруаларды  басшылық  қызметтерге  жоғарылату  1930-шы  жылдары  ауыл 
шарашылығын  жаппай  ұжымдастыру  жылдары  кең  қанат  жайды»,  -  деп 
пайымдайды. Қазақстан ауыл шаруашылығында 1934 жыл пен 1940 жылдардың 
аралығында ӛндірістік-техникалық қызметке жоғарылатылғандардың 199 мыңы 
әртүрлі  курстарды  аяқтағандығын  жазады.  Олардың  қатарында  1950  техник-

 
157 
малшылар,  1478  агротехниктер,  12762  бригадир  малшылар,  13456  бригадир-
егіншілер, 9776 ветфельдшерлер болғандығын алға тартады [149, 32 б.].  
Кәсіпорындардағы  жұмысшыларды  қызмет  орындарына  жоғарылатқанда 
олардың  машиналармен  жұмыс  істей  білуінің  практикалық  тәжірибесіне, 
ӛндірісті ұйымдастыра білу қабілеттілігіне қарап, теориялық білім деңгейіне аз 
мән берілді.  
Қазақстан  инженер-техникалық  интеллигенция  тарихын  зерттеуші 
ғалымдардың бірі - С.С. Әбубәкіров «совет Армиясы қатарынан оралғандарды 
техник мамандар орнына пайдалану, практиктерді ӛсіру, жоғары және арнаулы 
орта  оқу  орындары  арқылы  кадрлар  даярлауды  ұлғайту,  басқа  туысқан 
республикалардан  келген  кадрлар  –  осының  барлығы  біздің  республикада 
инженер-техник  қызметкерлер  санатын  толықтыруға  шешуші  дәрежеде  үлес 
қосты»,  -  деп  тұжырымдайды.  Кәсіпорындарға  жоғары  және  орта  арнаулы 
мамандардың  келуімен  байланысты  практиктер  бірте-бірте  дипломды 
мамандармен алмастырылғандығын атап кӛрсетеді. [17, 61 б.]. 
Х.М. Әбжанов, Л.Я. Гуревич пікірінше, 1960-шы жылдардың соңы 1970-ші 
жылдардың  басында  мамандарды  даярлауға  күш  салу,  олардың  құрамындағы, 
құрылымындағы сандық ӛзгерістер, территориялық-салалық бӛлінуінде белгілі 
бір жетістіктерге жетіп, Қазақстан мамандары корпусы сапалық жағынан жаңа 
күйге  кӛшкен.  Ой  еңбегімен  айналысатындар  арасында  кәсіби  мамандар 
кӛбейген. 1970-1980-ші жылдары республиканың барлық аймақтарында жоғары 
оқу  орындары  орталықтары  пайда  болып,  студенттерді  қабылдау  және 
мамандарды  даярлап  шығару  1,5-2  есе  артып,  ұлттық  интеллигенция  қатары 
барынша  ӛскенімен,  халықтың  жалпы  санына  шаққанда  және  мамандар 
құрамында қазақтардың үлестік салмағы 40%-дан аспады. Инженер-техникалық 
интеллигенцияның сандық және тұрақты отрядтары қалыптасты. Практиктерді 
жаппай мамандар қызметіне жоғарылату тоқтады [19, 36 б.]. 
Сонымен  ғалымдар  практиктердің  тарихи  тәжірибесіне  жаңаша  баға 
беруге, пайымдаулар жасауға тырысты. Алайда бұл нақты тарихи шындықтың 
айқындалуындағы  алғашқы  қадамдар  еді.  Қайта  құру  кезеңінде  тоталитарлық 
жүйені жаңаша пайымдаулар арқылы айқындауға тырысқанымен, коммунистік 
идеология әлі де болса басым болды. 
Кеңестер  Одағы ыдырап,  Қазақстанның  тәуелсіздік  алуымен  байланысты, 
тарихымызды объективті ғылыми жағынан тануымуызға қолайлы жағдай туды. 
Сол  1990-шы  жылдардың  басында  ғалым  И.  Шайхимова  социалистік 
құрылымның  ауқымды  түрде  дамуы  басшылардан  терең  арнайы  білімді, 
жоғары саяси мәдениетті талап етті. Қираған экономиканы кӛтеру үшін үгітші, 
насихатшы, ұйымдастырушы болу жеткілікті емес. Ол үшін лайықты, сай білім 
керек.  Ал  мұның  жоғарылатылғандарда  болмауы,  басшылықтағы  әкімшілдік, 
әміршілдік, бұйрық беру тәсілдерін қолдануға, үнемі ӛзгеріп отырған жағдайда 
дұрыс 
шешім 
қабылдай 
алмауға 
әкелді. 
1920-1930 
жылдарда 
«жоғарылатушылық партия, кеңес, шаруашылық органдарында кеңінен тарады. 
Қазақстанда  бұл  саясат  жергіліктендіру  саясатымен  тығыз  байланысты 
жүргізілді.  Жергілікті  халықтың  арасындағы  сауатсыздық  ендеп  отырған 

 
158 
кезеңде, 
бұл 
тәсіл 
республикада 
социалистік 
интеллигенцияны 
қалыптастырудың  негізгі  дамыған  түрлерінің  бірі  болды»,  -  деп  есептейді        
И. Шайхимова [18, 146, 147 б.].  
1990-шы  жылдардың  соңында  жаңа  концептуальды-методологиялық 
принциптерге  негізделген  еңбектер  пайда  болды.  Тарихнамада  ғалым                
С.  Айымбетовтың  кандидаттық  диссертациясы  практиктер  мәселесін  жаңа 
қырынан  қарастырумен  ерекшеленеді.  Ол  Кеңес  ӛкіметінің  басшылары  маман 
қызметкерлердің  тапшылығынан  жұмысшылар  мен  шаруалар  арасынан  алғыр, 
еңбекте тәжірибелі адамдарды басшылық қызметтерге тағайындады. Бұл тәсіл, 
әсіресе,  1930-шы  жылдардың  ортасында  кең  етек  алды.  Республика 
ӛнеркәсібіндегі  басшылардың  -  49%  ұсыныс  арқылы  жоғарылатылды,  оның 
ішінде  кӛмір  ӛндірісінде  -  46%,  мұнайда  -  57%,  Түрксібте  -  54%  болды  деген 
деректерді ұсынады [342, 148 б.]. 
Соңғы  жылдары  Х.М.  Әбжанов  Г.  Назарбаевамен  бірлесіп  жазған 
монографиясында  «Қазақстан  зиялыларының,  әсіресе  қазақ  зиялыларының 
әлеуметтік қауым ретінде пісіп жетілуі ұзаққа созылып кетті. Кеңес үкіметінің 
орнағанына 40 жыл толғаннан кейін де қызметкерлер мен мамандардың басым 
бӛлігі 1959 жылы -56% арнайы білімі жоқ практиктер еді. Әр 100 қазақтың 16-
сы  ғана  ой  еңбегі  қызметімен  айналысса,  50-ші  жылдардың  аяғына  дейін 
республикадағы  техникалық  жоғары  оқу  орындары  қазақтан  1000  инженер 
даярлап  шығармаған  екен.  Бұған  үздіксіз  қуғын-сүргіннің,  алапат  аштықтың, 
1941-1945  жылдарындағы  соғыстың  зардабын  қоссақ,  кеңестік  қазақ 
зиялыларының қалыптасуы 60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басына дӛп 
келеді  деп  түйіндеуімізге  болады.  Ӛйткені  осы  тұста  ғана  қызметкерлер  мен 
мамандардың  кӛпшілігі  арнайы  білімі  бар  адамдардан  жасақталды»,  -  деп 
зерделейді [94, 176 б.]. 
2000-шы  жылдардың  басында  ғалым  Қ.Ә.  Ахметов  «ХХ  ғасырдың  20-30-
жылдарындағы  Қазақстан  мәдениеті  («мәдени  революцияның»  концепциясы, 
идеологиясы,  жүзеге  асырылуы»)  докторлық  дисертациясында  «Кеңес 
дәуірінде  жаңа  интеллигенция  қалыптастырудағы  тағы  бір  жолы  –  жұмысшы 
мен  кедей  шаруадан  шыққандарды  партия,  кеңес,  шаруашылық  жұмыстарына 
тарту  арқылы  жүрді  деп  саралайды.  Бұл  үдеріс  Кеңес  ӛкіметінің  алғашқы 
жылдары басталды деп есептейді [343, 35 б.].  
Соңғы  жылдары  жарық  кӛрген  М.Х.  Асылбеков  пен  А.  Құдайбергенова 
монографиясында  1940-1950  жылдары  интеллигенция  қатарына  кӛтермелеу 
арқылы  енген  практиктер  мәселесі  –  күрделі  құбылыс  екендігін  алға  тартады. 
Бір  жағынан  алдыңғы  қатарлы  жұмысшылар  мен  шаруаларды  интеллигенттік 
еңбекке кӛтермелеу социалистік қоғамның білім мен мәдени дәрежесін кӛтеру 
жолында  зәру  мамандар  қатарын  толықтырды,  сонымен  бірге  социалистік 
қоғамның әлеуметтік негізінің тұтастығына дәлел болғандай еді деп саралайды. 
«Екінші  жағынан,  практиктерді  пайдаланудың  кең  етек  жаюы  мамандармен 
жұмыстың,  оларды  орналастырудың,  бағалаудың  уақыт  талабынан  алыс 
тұрғанын  айту  керек.  Практиктің  де  практигі  бар.  Ӛзінің  кәсіптік  даярлығын, 
рухани байлығын ұдайы бітіріп, нағыз интеллигент, маман дәрежесіне кӛтеріле 

 
159 
алатындар  да,  жеке  басының  қамынан  аспайтындары  да  бар.  1940-1950 
жылдары  соңғылары  басым  болған  сияқты»,  -  деген  ойларын  ортаға  салады 
[102, 126-127 б.]. 
Жоғарыда  аталған  еңбектердегі  құжаттар,  фактілер  арқылы  теориялық 
тұжырымдар, қорытындылар практиктер тарихын тарихнамада ашып кӛрсетуге 
ықпал етті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
160 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет