Интеллигенциясы: тарихи



Pdf көрінісі
бет9/20
Дата22.01.2017
өлшемі1,7 Mb.
#2421
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
  
Х.М.  Мадановтың  тарихи-партиялық  тұрғыда  жазылған  1980-ші  жылы 
жарық  кӛрген  монографиялық  еңбегінде  мұрағаттық  құжаттардың  негізінде 
мамандар жӛнінде ерекше қамқорлық кӛрсетіліп, Павлодар гидромелиоративтік 
техникумында  істің  оңтайлы  жолға  қойылғандығын,  әрі  Павлодар 
индустриалдық  институтында  күндізгі  бӛлімде  60  адам,  сырттай  бӛлімде  60 
адам  даярлайтын  гидромелиоративтік  факультет  ашылғандығын  жазады  [288, 
148 б.]. 

 
127 
Билік  басына  М.С.  Горбачевтың  келуімен  байланысты  басталған  «қайта 
құру»  саясаты  тарихнамаға  жаңа  серпіліс  беріп,  жариялылық  пен  демократия 
тарихи шындықтың айқындалуына жол ашты. 
1980-ші 
жылдардың 
соңында 
Қазақстан 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенциясының  жоғарғы  және  орта  арнаулы  оқу  орындарында 
дайындалуы  жайлы  С.С.  Әбубәкіровтың  жарық  кӛрген  монографиялық 
еңбегінде жан-жақты зерделенген [17]. Автор «Инженер-техникалық кадрларды 
даярлау формалары және қатарын толықтыру кӛздері» деп аталатын бӛлімінде 
«Қазақстанда  инженерлік-техникалық  интеллигенцияның  соғыстан  кейінгі 
бесжылдықтар  кезіндегі  ӛсуінің  негізгі  кӛзі  республиканың  жоғары  оқу 
орындары  мен  техникумдары  болды»  деп  есептейді  [17,  33  б.].  Кадрларды 
даярлаудағы  ұйымдастырушылық  факторларды  алға  тартып,  олардың  сол 
кезеңдегі уақыт талабына сай қалыптасып жатқандығын кеңінен қарастырады. 
С.С.  Әбубәкіровтың  зерттеу  еңбегі  басқа  еңбектерге  қарағанда,  қайта  құру 
кезеңінде  жарық  кӛргендіктен,  ӛзіндік  тың  кӛзқарасымен,  маркстік 
методологиядан аз да болса басқаша жол қарастыруға тырысу әрекетін аңғаруға 
болады.  Ерекшелігі  сонда,  мұрағат  құжаттарының  негізінде  жергілікті  ұлт 
мамандарын  даярлауда  үлкен  жетістіктерге  жеткендігімізді  ашық  айқындай 
білуінде.  
Қазақстанға  қажетті  инженер-техник  мамандардың  1946-1960  жылдары 
үлкен тобы бұрынғысынша туысқан республикаларда даярланып жатқандығын 
айтады.  Туысқан  республикалар  мен  Африка,  Латын  Америкасы  елдері  үшін 
инженер-техник 
мамандарды 
даярлауда 
біздің 
республикамыздың 
институттары  мен  техникумдарының  үлкен  үлес  қосып  отырғандығын 
айқындайды [17, 56 б.].  
Сонымен  1960-1980-ші  жылдардың  ортасына  дейін  жазылған  еңбектерге 
тән  ерекшелік:  ең  алдымен  марксизм-ленинзм  классиктерінің  еңбектеріне, 
партия  съездері  директивалық  құжаттары,  КОКП  ОК  пленумдары  мен  бас 
хатшылардың  еңбектеріне  талдау  жасалып,  содан  кейін  жергілікті  партия 
съездері мен партия жетекшілерінің еңбектінен цитаталар беріліп, содан кейін 
ғана  зерттеу  нәтижелерін  кӛрсетілді.  Әрине  бұл  ғылыми  шығармашылық 
идеялардың  тууына  кедергі  келтірді.  Идеологиялық  жағынан  алдын-ала 
жобаланған  тарихнама  болғандығына  қарамастан,  оны  біз  зерттеулерімізде 
пайдаланып  отырмыз.  Кӛптеген  фактілік  материалдары  біздің  тарихнамалық 
зерттеулерімізге арқау болып отыр.  
1991 жылы Кеңестер Одағының ыдырауы инженер мамандарды даярлауға 
деген мемлекеттің саясатын түбірінен ӛзгертті.  
Осы  кезеңде  отандық  тарихнамада  А.А.  Данилов,  В.С.  Меметов,                     
О.Ю. Олейник, М.Е. Главацкий, Г.А. Будник, Г.С. Смирнов,С.В. Волков, Г.М. 
Кара-Мурза,  А.Е.  Корупаевтардың  еңбектері  жарық  кӛріп,  мәселені  жаңа 
қырынан пайымдауда елеулі табыстарға жетті [289]. Жоғары техникалық білім 
беруді ұйымдастыру П.П. Фролкин. еңбегінде қарастырылған [290]. 
Қайта  құрудан  кейінгі  кезеңде  1990-шы  жылдары  1980-жылдардағы 
Қарағанды  кӛмір  бассейніндегі  инженер-техникалық  кадрлардың  қалыптасу 

 
128 
тарихын  зерттеген  ғалымдардың  бірі  –  А.Т.  Ілиясов  мұрағаттық,  фактілік 
материалдар негізінде «Қарағандыкӛмір» бірлестігіндегі мамандар еліміздегі 25 
институттар  мен  24  техникумдардың  түлектерімен  қамтылғандығын  айтады. 
1980-ші  жылдары  жыл  сайын    500  жас  мамандар  оның  ішінде  160  жоғары 
инженерлік білімі барлар келетіндігін мәлімдейді. «Қарағандыкӛмір» бірлестігі 
үшін инженер мамандар даярлайтын базалық бірден-бір оқу орны - Қарағанды 
политехникалық институты екендігін ашып кӛрсетеді [291, 78-79 б.].  
Егеменді  ел  болғалы  бері  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияның  рӛлі 
артып,  жаңаша  ойлау,  ӛркениеттілікке  ілесу  жолдары  мен  тәсілдерін  іздестіру 
әрекетін  қарастыруда.  Отандық  тарихнамада  1990-шы  жылдардан  бастап 
инженерлік  интеллигенцияны  даярлау  ғана  емес,  оның  ең  маңызды  белгісі 
имандылық  келбеті  мен  халыққа  қызмет  етуін  анықтаудың  бағыты  пайда 
болды. 1990 жылдардың басында жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында 
ӛндірістік-техникалық  интеллигенция  мамандарын  даярлау  тарихнамасында 
Х.М.  Әбжанов,  Л.Я.  Гуревич,  К.  М.  Тӛлеубаева,  М.Т.  Іліпов  еңбектерінің 
ӛзіндік  орны  бар.  Олар  кадрларды  даярлауға  әсер  еткен  қоғамдық-саяси, 
экономикалық, ұйымдастырушылық факторлармен қатар, оның ішкі құрылымы 
мен  дүниетанымындағы  ӛзгерістерді,  әлеуметтік  құрылымда  алатын  орнын 
анықтай  білді.  Интеллигенция  тарихын  зерттеумен  тікелей  айналысатын 
ғалымдарымыздың  бірі  Х.М.  Әбжанов  «Жиырма-отызыншы  жылдары 
қазақтардан  маман  кадрлар  даярлауға  Москва,  Ленинград,  Свердловск  сияқты 
ірі  индустрия  орталықтары  қолдарынан  келгенше  кӛмек  кӛрсетті.  Тап  сол 
жылдары ұлттық маман кадрларды даярлаудың тағы бір жолы-қазақ жастарын 
шетелдерде  оқытуға  тосқауылға  ұшырады.  Ал,  мәселені  кӛтерген  азаматтар 
баршылық  еді.  Мәселен,  1922  жылдың  шілдесінде  республика  жастарының 
кӛшбасшылары  С.Сәдуақасов,  Е.Алдоңғаров,  Ә.Байділдин  ҚАССР  Орталық 
Атқару  Комитетіне,  халық  ағарту  комиссариатына  хат  жолдап,  жылына  30 
қазақ  баласын  Германиядағы  техникалық  институттарға  жіберуді  қолға  алуды 
ұсынған.  «Ғасырлар  бойы қанаушы  патшалық Россияның «жүк артар  мәстегі» 
болып  қалған  еңбекші  қазақ  халқы  енді  Россияның  басқа  ұлттарымен  бірге 
туысқандықпен  тіршілік  ету  жолына  түсті,  деп  жазды.  Олар  еңбекші  халық 
басшыларына  мына  ұлан-ғайыр  даланы  жаңаландырып  жібере  алар  ма  деп 
үлкен  үмітпен  қарауда.  Ал  бұл  шешімдерді  біз  жаңа  техникалық  ғылыммен 
қаруландырсақ  қана  жүзеге  асыруымыз  мүмкін».  Бастама  БК(б)  П  Қазақстан 
облыстық  комитеті  тарапынан  қолдау  таппады,  аяқсыз  қалды»  деп  атап 
кӛрсетеді  [292,  41  б.].  Қазір  осы  мәселе  мемлекет  тарапынан  қолға  алынып 
жатқанда  ағалардың  арманы  жүзеге  асуда  деп  мақтаныш  сезіммен  айтуға 
болады.  Х.Әбжанов  пен  Ә.  Әлпейісов  еңбегінде  соғыстан  кейінгі  жылдарда 
жергілікт ұлт ӛкілдерінің институттар мен техникумдарда білім алуына кедергі 
болған  себептердің бірі  я оқу  орындарында  қабылдау  емтихандарының  (50-ші 
жылдардың ортасы ауғанша) және олардағы оқу-тәрбие үдерісінің орыс тілінде 
жүруі,  екіншісі-жатақханамен  қамтамасыз  етілмегендіктен  оқуға  қабылданған 
ауыл  баласының  материалдық-тұрмыстық  қиыншылықтарға  шыдамай,  елге 
қайтып  кетуі  болғандығы  да  кӛрсетілген.  Институтқа  кӛбінесе  қала 

 
129 
мектептерінің  түлектерінің  қабылданатындығын,  бітірушілердің  кӛпшілігі 
басқа ұлт ӛкілдері екендігін айтады. Социалистік құрылыстың алғашқы қырық 
жылы  ішінде  респубикамыздағы  техникалық  жоғары  оқу  орындары  халық 
шаруашылығына  бар  болғаны  929  қазақ  маманын  бергендігін  саралайды  [292, 
42 б.].  
Тәуелсіз  Қазақстан  тарихы  кезеңінде  интеллигенция  тарихын  зерттеумен 
айналысқан  ғалымдардың  бірі  –  Е.Т  Берлібаев  республикаға  қажет 
мамандықтар бойынша 1994 жылы 738 білім іздеушілер шетелдерге жіберіліп, 
керісінше  400  шетел  азаматы  Қазақстанның  жоғарғы  оқу  орындарына 
қабылданғандығын  мәлімдейді  [293,  15  б.].  Кеңестік  дәуірдегі  тарихнамада 
кӛбінесе  жоғарғы  мектеп  тарихын  лениндік  ұлт  саясатының  ұлы  салтанаты 
ретінде дәріптеліп, болар-болмас табыстарды тек мадақтау орын алғаны белгілі. 
Демограф-ғалымдардың  бірі  В.В.  Козина  1930-шы  жылдары  ӛнеркәсіп 
үшін  инженерлер  дайындау  сол  кезеңнің  негізгі  талаптарының  біріне 
айналғандығын айтады. Мұның орта арнаулы және жоғары білім беру жүйесін 
дамытуға  ықпал  еткендігін  саралайды.  1931  жылы  Қарағандыда  тау-кен, 
техникумы  ашылып  орта  буынды  мамандар  даярлауға  үлес  қосқандығын 
айтады.  В.В.  Козина  1936  жылдан  бастап,  оқуға  қабылдауда  әлеуметтік  шығу 
тегіне  қараудың  жойылуы  жастарға  кең  жол  ашқандығын,  оның  айғағы,  1933 
жыл  мен  1941  жылдың  арасында  дипломды  инженерлердің  саны  39-дан  106 
адамға, техниктердің 16-дан 108-ге дейін жеткендігін жазады [294, 117 б.]. 2000 
жылдардың  басында  демограф-ғалым  В.В.  Козина  арнайы  орта  арнаулы  оқу 
орындарындағы  оқушылардың  үлестік  салмағына  талдау  жасап,  1932  жылы 
тау-кен  техникумындағы  қазақ  оқушыларының  үлестік  салмағы  75%  -ды 
құрады  деген  деректер  келтіреді.  1932-1933  жж.  КСРО  ауыр  ӛнеркәсібіне 
қарасты  кәсіпорындар  жанындағы  курстарда  оқығандар  70%  құрады  деген 
фактілерді  алға  тартады  [294,  326  б.].  В.В.  Козина  Орталық  Қазақстан 
материалдарының  негізінде  жүргізген  зерттеулері  бойынша,  ұлттық 
мамандардың  қалыптасуын  терең  талдау  жасаған  ғалымдардың  бірі  болып 
саналады.  
Егеменді  ел  болғалы  бері  осы  тұжырымдар  жаңаша  зерделеніп, 
тарихнамада  басқаша  қырынан  ашыла  бастады.  Г.  Назарбаева  мен                 
Х.М.  Әбжановтың  бірлесіп  жазған  монографиясында  «1946-1965  жылдар 
Қазақстан ауылшаруашылық мамандары тарихында айрықша орын алады. Тап 
осы  жылдары  республикада  ауылшаруашылық  мамандарын  даярлайтын 
жоғары  және  арнайы  орта  оқу  орындарының  ауқымды  жүйесі  орнығып, 
аграрлық  экономиканы  білікті  қызметкерлермен  қамтамасыз  ету  мәселесі 
негізінен шешілген болатын. Әрине оңтайлы ілгерілеулер ӛздігінен келе қалған 
жоқ. 
Қаражаттың 
тапшылығы, 
оқытушы-профессор 
кадрларының 
жетіспеушілігі,  интеллигенцияға  қарсы  репрессиялар,  тоталитаризмнің 
идеологиялық  ӛктемдігі  –  бәрі  білікті  мамандар  даярлауға  зиянын  тигізумен 
болды.  Тӛрт  жылға  созылған  соғыс  та  ауыл-селолардағы  мамандар  қатарын 
сиретіп  жіберді.  Нақтырақ  айтсақ,  1945  жылы  аграрлық  секторда  еңбек  етіп 
жатқан  жоғары  және  орта  ауылшаруашылық  білімді  мамандар  4  мыңнан  сәл 

 
130 
ғана  асатын.  Егер  тап  осы  жылы  республикада  7  мыңнан  астам  колхоз-созхоз 
және  машина-трактор  стансасының  болғанын  ескерсек,  әр  шаруашылыққа  бір 
дипломды маманнан келмейтінін байқау қиын емес. 
Білікті  мамандар  тапшылығы  және  оларға  сұранымның  ұдайы  ӛсуі 
институттар  мен  техникумдарды  кӛптеп  ашуды  талап  етті»,  -  деп  зерделеген 
[94,  169-170  б.].  Сонымен  қатар  ауылшаруашылық  оқу  орындарының  дамуын 
зерттей отырып, үш тенденцияны ажыратқан. Біріншіден, олардың сандық ӛсуі 
даярлайтын мамандық түрлерінің де кеңеюімен қатар жүрді. Егер 20-жылдары 
республикалық  ауыл  шаруашылық  оқу  орындары  2-3  мамандық  бойынша 
маман даярласа,  30-жылдары ол 8-ге, тың игеру қарсаңында 13-ке, 60-жылдар 
басында  15-ке  жетті.  Екіншіден,  ауыл  шаруашылық  оқу  орындары  қалаларда 
ғана емес, ауыл-селолық жерлерде жиі ашылып жатты. 50-жылдардың басында 
республикамыздағы  28  ауылшаруашылық  орта  оқу  орындарының  12-сі  ауыл-
селолық  елді  мекенде  орналасса,  60-жылдардың  басында  29-ның  17-сі  ауыл-
селоларда  жұмыс  істеп  тұрды.  Бұның  құптарлық  құбылыс  екендігін  айтады. 
Ӛйткені  ауыл  шаруашылық  институттары  мен  техникумдарында  негізінен 
колхоз-совхоздардан  келген  жастардың  оқитындығын,  мұның  сыртында  олар 
ӛндірістен қол үзбей оқуға мүмкіндік алатындығын талдайды.  
Үшіншіден,  оқу  орындары  территориялық-аймақтық  тұрғыдан  алғанда 
айтарлықтай үйлесімді орналасты. Олар Қазақстанның кез-келген аймағындағы 
маман кадрларға деген сұранысты қамтамасыз етуге бейімделіп ашылды деген 
кӛзқарастарын  білдіреді  [94,  170  б.].  Ауыл  шаруашылық  мамандарын 
даярлаудың дәстүрлі жолдары – институттар мен техникумдар, қысқа мерзімді 
оқу орындарын ұйымдастыру екендігін кӛрсетеді.  
Жаңа  кӛзқарас  зерттеуші  Л.Я.  Гуревичтің  зерттеу  еңбектерінен  де  орын 
тапты.  Зерттеуші  жоғары  оқу  орындарының  мүмкіндіктерін  ескермей,  халық 
шаруашылығына  қажетті  мамандармен  қамтамасыз  етуде  анық  мемлекеттік 
бағыттың  қалыптасқандығын  айтады.  Республикада  құрылған  жоғары  оқу 
орындарының  әлсіз  жері  кадр  мәселесі  екендігін  байыптайды.  Кейбір  оқу 
орындарында  ғылыми  атағы  бар  оқытушылардың  ӛте  аз  екендігін,  мысалы 
Целиноград инженерлік-құрылыс институтында 1960-шы жылдардың соңында 
ғылыми  дәрежесі  бар  оқытушылардың  небәрі  6  пайыз,  ал  Павлодар 
индустриалдық институтында – 5,8 пайыз құрап отырғандығын айтады [65, 379 
б.]. 
Л.Я.  Гуревич  «Қайта  құру  жылдары  жоғарғы  мектепке  қажетті 
мамандармен  қамтамасыз  етуші,  оны  жүзеге  асырушы  ретінде  бюрократтық 
кӛзқарас  қалыптасты.  1987  жылы  наурызда  КОКП  ОК  мен  КСРО  үкіметінің 
«Қайта  құру  жылдарындағы  жоғарғы  және  орта  арнаулы  білім  берудің  негізгі 
бағыттарына»  байланысты  пікірталастан  кейін  біз:  «Жоғары  білімі  бар  әрбір 
екінші  маманның  ӛнеркәсіпте  ӛзі  алған  біліктілігі  мен  мамандығына  сәйкес 
емес  қызмет  ететіндігін.  Сонымен  бірге  ауылшаруашылығы  саласындағы, 
мұғалімдердің  және  басқа  кадрлардың  да  тиімсіз  пайдаланып  жатқандығын, 
мамандарды  даярлау  жоспары  халық  шаруашылығының  нақты  қажеттілігін 
айқындамайтындығын  байқаймыз.  Олардың  қалыптасуы  ретсіздік,  штаттық 

 
131 
бірлікке  сәйкес,  министрліктер  мен  мекемелердің  негізсіз  сұраныстары 
негізінде жүзеге асатындығын кӛрсетеді, әрі бұл үшін ешқандай жауапкершілік 
жоқ», - деп саралайды. Әрі жоғары техникалық білімді қажет етпейтін жерлерге 
инженерлік қызмет орындары енгізіліп, штаттық бірлікте техниктердің қызмет 
орындарының  кемітілгендігін  айтады  [65].  Л.Я.  Гуревич  номенклатуралық 
қызмет  орындарының  негізсіз  кӛбеюіне  байланысты  жоғарғы  мектептің  бас 
басқармасы ӛзі зерттеп отырған кезеңде мамандарды даярлаудың кӛлемін соған 
сәйкестендіріп  отыруға  мәжбүр  болғандығын  қарастырады  [65,  383  б.]. 
Автордың  кӛзқарасынан  біз  жоғарғы  мектеп  тарихында  жоғарғы  оқу 
орындарының  санын  кӛбейтуге  мемлекет  тарапынан  мән  берілгенімен,  оны 
қаржыландыру  мәселесіне  дұрыс  кӛңіл  бӛлінбегендігін  айқын  аңғарамыз. 
Зерттеуші  адамзаттық  ӛркениеттің  постиндустриалдық  қоғамға  қарай 
жылжуында  экономикалық  және  білім  беру  саясатында  ауырпалық  жағдайды 
ашық кӛрсетеді [65, 385 б.].  
Осы  тақырыпты  зерттеушінің  кӛзқарасы  бойынша,  қоғамды  жаңартудың 
құрамды бӛлігі кадрларды даярлау мен мамандарды пайдалануда деп есептейді. 
Ұйымдастырушылық  жұмыстары  жайлы  зерделей  отырып,  1960-шы 
жылдардың  бас  кезіндегі  мамандарды  жергілікті  жерлерде  дайындау 
мақсатымен  шет  аймақтарда  филиалдар  құрылып,  оқу  консультациялық 
пункттерінің  бірнеше  қалаларда  жұмыс  істей  бастағандығын  саралайды. 
Жұмыс  посткеңестік  кезеңде  жазылғандықтан,  1960-80  жж.  инженер-техник 
кадрларды  даярлауда  тиімді  құрылымның  болмағандығын  ашық  айтып, 
кӛптеген  мамандық  түрлері  бойынша  қайталаушылық  пен  параллелизмнің 
кӛрініс  тауып  отырғандығын  талдайды.  Мұның  негізгі  себептері  техникалық 
жоғары  оқу  орындарының  ведомстволық  бағынышта  болуы,  бір  орталықтан 
басқару  мен  мамандарды  жоспарлауда  жіберілген  кемшіліктерге  байланысты 
екендігін айқындайды [65, 49 б.]. 
Қазақстандағы  техникалық  жоғары  оқу  орындарында  маманданған 
инженер-техникалық  кадрларды  дайындаудың  кеңеюі,  студенттердің  сан 
жағынан ӛсуі, материалдық жағынан қамтамасыз етілуінің қанағаттанарлықсыз 
жағдайда  болуы  зерттеп  отырған  кезеңдегі  оқу  процесіне  кері  ықпалын 
тигізгендігін де кӛрсетеді. 
Қазақстанның  ауыл  шаруашылығы  интеллигенциясы  тарихын  зерттеумен 
айналысқан  К.М.  Тӛлеубаеваның  еңбегі  (1946-1965  жж.)  аралығын  қамтыса, 
М.Т  Іліпов  (1966-1990  жж.)  аралығын  зерттеуге  ден  қойған.  Екі  зерттеуші  де 
ауыл  шаруашылығы  үшін  даярланған  ӛндірістік-техникалық  интеллигенция 
жайлы біраз байыпты пікірлер білдіреді. Еңбектер маркстік методолиядан таза 
философиялық ой-тұжырымдарымен, тарихилық принципті негізге алуымен де 
ерекшеленеді. К.М. Тӛлеубаева ауыл шаруашылық ӛндірісінде инженер-техник 
кадрлар  қатары  соғыстан  кейінгі  алғашқы  жылдары  сирек  болғандығын,  тың 
кӛтерілген жылдары аграрлық экономиканың материалдық-техникалық базасы 
нығайып,  инженер-техник  кадрларға  сұраныс  күшейгендігін,  сондықтан  да 
оларды даярлауға үлкен мән берілгендігін атап кӛрсетеді [154, 16 б.].  

 
132 
М.Т. 
Іліпов 
ауыл 
шаруашылығы 
үшін 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенция  мамандарын  даярлаудың  әртүрлі  формалары  мен  тәсілдерін 
талдайды. Әрі зерттеуші ауылдық жерлерге тек маманданған ғана емес, сондай-
ақ  терең  ойлайтын,  жұмысқа  творчестволықпен  қарайтын  мамандар  керек 
болғандығын  қарастырады  [155,  13  б.].  Автор  ашық  түрде  кеңес  қоғамының 
барлық  сферасын  деформациялаған  тоталитарлық  жүйе,  мамандарды  даярлау 
үдерісінде де кереғар құбылыстардың пайда болуына әкелгендігін мәлімдейді. 
Қабылданған  шаралар  ауыл-селоны  кадрмен  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік 
туғызғанмен  жас  мамандардың  жіберілген  орындарға  келу  мен  бекітілу 
мәселесін  шешпегендігін,  жоғарғы  мектепті  қаржыландырудың  тапшылығы 
мамандар даярлауға кедергі механизміне айналды деп есептейді.  
2005  жылы  Б.Қ  Омарова.  «Қазақстан  ауыр  ӛнеркәсібіне  инженер 
кадрларды  даярлау:  тәжірибесі  мен  тағылымы  (1946-1970  жж.)»  деген 
тақырыпта  тарих  ғылымдарының  кандидаты  атағын  алу  үшін  дайындаған 
диссертациясында  мұрағат  құжаттарының  негізінде  ауыр  ӛнеркәсіп  саласы 
үшін  инженер  мамандар  даярлаудың,  оның  ішінде  ұлттық  кадрлар  даярлау 
ерекшеліктерін  жаңа  қырынан  қарастырған.  Б.Қ.  Омарова  кадрларды 
даярлаудың  ең  тиімді  жолының  бірі  -  ӛндірістен  қол  үзбей  оқу  кең  құлаш 
жайды, ол мамандар қатарын толықтыруда аса маңызды рӛл атқарды, сырттан 
оқитын факультеттер мен консультациялық пункттер, филиалдар кӛбейді деген 
фактілерді келтіреді [157, 18 б.].  
Интеллигенция  тарихын  зерттеуде  соңғы  жылдары  үлкен  үлес  қосып 
жүрген  ғалымдардың  бірі  -  Н.Н.  Южакова  2007  жылы  бірнеше  мақалаларын 
жариялады.  ХХ  ғасырдың  30-шы  жылдары  ауылшаруашылығы,  тау-кен  ісі, 
ағарту  ісі  мен  медицина  саласындағы  ӛзгерістерге  байланысты  Қазақстан 
индустриясының  жетекші  салаларында  мамандардың  тапшылығы  байқалып 
отырғандығын  жазады  [295,  87-91  б.].  ХХ  ғасырдың  30-40-шы  жылдары 
инженерлік-техникалық,  ауылшаруашылық,  медициналық  интеллигенциядан 
жоғары  білікті  кадрларды  даярлаудың  жоғары  мектепте  білім  беру  жүйесі 
қалыптаса бастады деген пікірін білдіреді. 
Қазақстанда  жоғары  және  орта  арнаулы  оқу  орындары  жүйесінің 
қалыптасуы мен мамандар даярлауды үш кезеңге бӛледі: 
Соғыстың  қарсаңында  қызметкерлердің  құрылымы  мен  интеллигенцияны 
қалыптастыру  бейбіт  индустриалдық  дамуымыздың  міндеттеріне  сәйкес 
мамандарды  даярлауда  арнайы  білім  беру  арқылы  жүзеге  асып,  1939  жылғы 
санақ  қорытындылары  бойынша  мұғалімдер  интеллигенциясы  бойынша 
негізінен  шешілді  деген  қорытынды  жасайды  Қызметкер  кадрлар  мен 
интеллигецияны дайындау, қайта дайындақтан ӛткізу, реструктуризациялаудың 
бірінші  кезеңі  (1941-1945)  соғыс  жайдайына  байланысты  болды.  Қазақстан 
интеллигенциясының  санының  күрт  артуы,  эвакуациямен  байланысты 
ӛнеркәсіп  тез  қарқынмен  дамығандығын  айта  келіп,  ӛндірістік  техникалық 
мазмұндағы  кадрлар  даярлауға  деген  сұраныс  артты  деген  ойын  білдіреді. 
Алайда  мұндай  жағдайда  жоғары  мектепте  кадрлар  даярлау  ӛнеркәсіптің 
сұранысын  толық  қанағаттандыра  алмады.  Соғысқа  дейінгі  кезеңдегі 

 
133 
интеллигенцияны  жоғарылату  жолымен  қалыптастыру  ӛндірістік  техникалық 
интеллигенция мамандары үшін жарамсыз болып қалды.  
Үйренушілік,  эвакуацияланғандарды  жұмысқа  тарту,  қысқа  мерзімді 
курстар түрлері пайдаланылды. Соғыс жылдары мамандарды жоғары мектепте 
даярлау  базасын  сақтауға  мүмкіндік  жасалғанымен,  дайындау  сапасы  мен 
қарқыны жеткілікті болмады.  
Соғыстан  кейінгі  (1945-1950/1951  жж.)  жылдар  мамандар  даярлаудың  
екінші  кезеңі.  Статистикалық  мәліметтердің  негізінде  жоғары  және  орта  
арнаулы  мамандардың,  бітіруші  түлектердің  саны  артқанымен  базалық  білімі 
бар мамандар даярлау деңгейі жеткіліксіз болып, диспропорция сақталды. 
Үшінші  кезең  (1952-1959  жж.)  Қазақстан  интеллигенциясы  мен 
қызметкерлерінің  сапалық  жағынан  білім  деңгейі  артты.  Осы  кезеңде  орта 
арнаулы  және  жоғары  білім  беру  жүйесі  сан  және  сапалық  жағынан  қалыпқа 
келуі  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру  үшін  жас  мамандардың  келуімен 
байланысты  Қазақстан  мәдени  құрылысы  мен  экономикасын  тұрақтандырды 
деп атап кӛрсетеді [295, 90-91 б.].  
Ж. М. Асылбекова 2007 жылы тарих ғылымдарының докторы атағын алу 
үшін  қорғаған  диссертациясында  «Х1Х  ғ.  аяғы  мен  ХХ1  ғасыр  басындағы 
Қазақстанның  ұлттық  индустриялық  кадрлары  (әлеуметтік-демографиялық 
аспекті)»  тәуелсіз  тарихнамамызды  дамытуға  үлкен  үлес  қосты.  Автор 
индустриализация жылдары қазақтардан техникалық интеллигенцияны даярлау 
үшін  жоғары  және  орта  арнаулы  оқу  орындары  жүйесінің  құрылуы  ӛзекті 
мәселелердің біріне айналды деген кӛзқарасын білдіреді [296, 21 б.].  
Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасы кеңестік кезеңдегі ӛндірістік-техникалық 
интеллигенциясын  жоғары  мектепте  даярлау  тарихы  мен  методологиясын 
объективті түрде зерттеуде біраз нәтижеге қол жеткізді. 
Тәуелсіз Қазақстан тарихы кезеңінде жазылған зерттеулер барлығы дерлік 
бұрынғы методологияға қарағанда, мәселелерді ӛркениетті кӛзқараспен тарихи 
объективті  тұрғыда  қарастыруға,  философиялық  мұралардың  методологиялық 
негіздеріне, батыстық ғылым жетістіктеріне арқа сүйеуге тырысты. Әлеуметтік 
прогресстегі  материалдық  және  рухани  диалектиканы  негізге  ала  бастады. 
Сондықтан  қазіргі  кезде  тарихшылар  ӛткен  тарихымыздан  сабақ  алуы,  оның 
пайдалы  жақтарын,  аса  қажетті  деректік  негіздерін  үнемі  назарда  ұстаулары 
қажеттілік болып табылады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет